Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Объектілер инспекторы терезесі



Қолданбада пайдаланылатын кез-келген компонент белгілі бір параметрлар жиынымен (орнымен, өлшемімен, түсімен т.б) сипатталынады. Компоненттердің кейбір параметрларын мысалы, орнын, өлшемін қолданушы форма терезесінде компонентпен манипуляция жасау арқылы өзгертуіне болады. Ал қалған параметрларды өзгертуге Объектілер инспекторы терезесі арналған. Объектілер инспекторы терезесі объектілер тармағы терезесінің астында экранның сол жағында орналасады да кезекті компоненттің қасиеттері мен оқиғаларын көрсетеді. Оны менюдың View\Object Inspector командасының немесе <F11> батырмасының көмегімен ашуға болады. Объектілер инспекторы терезесі Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) парақтарынан тұрады.

Properties парағында форма терезесінен таңдалынған компоненттің қасиеттері көрсетіледі және жобалау барысында компоненттердің кейбір қасиеттерін ыңғайлы етіп өзгертуге мүмкіндік береді.

Properties парағында компоненттің қажетті қасиеттері орнатылады, Events парағы компоненттің қандай да бір оқиғаға реакциясын анықтауға мүмкіндік береді.

Events парағында көрсетілген оқиға пайда болғанда компонент орындауға тиісті процедура анықталынады. Мұндай процедуралар сәйкес оқиғаларды өңдеуде пайдаланылады. Сол себепті оларды процедуралар - оқиға өңдеуіштер немесе жай ғана өңдеуіштер деп атайды. Объектілер инспекторы терезесінің парақтары екі бағаналы кестеден тұрады. Сол жақ бағанада қасиеттері немесе оқиғалары, ал оң жағында қасиеттердің нақты мәндері немесе сәйкес оқиғаларды өңдейтін ішкі программалардың аттары көрсетіледі.

Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы жағында формада орналасқан компонентер тізімін көрсететін ашылатын тізім орналасқан. Форманың өзі де компонент болғандықтан ол да тізімге кіреді.

Код редакторы терезесі (Unit.pas) форма терезесінің сыртында орналасады да көрінбей тұрады. Редактор коды кәдімгі текстік редактор тәрізді. Оның көмегімен модуль текстін және басқа да қосымшаның текстік файлдарын мысалы, жоба файлын редакторлеуге болады. Әрбір редакторленетін файл редактор кодында жеке бетте орналасады. Алғашқыда бұл терезе Form1 форма модулінің коды Unit1 қаттамасынан тұрады.

Форма терезесі мен код редактор терезесін <F12> батырмасы арқылы ауыстырып отыруға болады.

Код сілтеуіш терезесі (Exploring Unit1.pas) код редактор терезесінің сол жағына жалғаса орналасқан. Мұнда форма модулінің барлық объектілері тармақталып көрсетілген. Код сілтеуіш терезесінде қолданбаның объектілерін көру және қажетті объектіге өту ыңғайлы. Ол терезе коды View (көру) менюінің Code Explorer (код сілтеуіші) командасымен ашылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2343 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...