Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауыстырып қосқыш



Ауыстырып қосқыш RadioButton компонентімен ұсынылады. Сәйкесінше басқару элементі мәтіннің тақырыпшасы шеңбер түрінде белгіленеді. (таңдалған жағдайда бұл шеңбердің ішінде қара нүкте пайда болады).

Ауыстырып қосқыштар негізінен визуалды формада бөлінген топтар бойынша орналасады. Ауыстырып қосқышты таңдаған кезде тәуелді қосқыш болады, яғни бір ауыстырып қосқышты таңдаған кезде, басқалары таңдалмаған болып келеді. Delphi ауыстырып қосқыштың автоматты топтарын қолдайды. Контейнерге енген әр ауыстырып қосқыш соның ішінде

топқа енеді. Форма Form, панель Panel, топ GroupBox және айналым аумағы (область прокрутки)ScrollBox осы компоненттер контейнерлер болып табылады.

Проектілеу формасын жасаған кезде немесе қосымша процесінде және топпен жұмыс жасаған кезде бір ауыстырып қосқышын үнсіз жағдайда таңдау керек. Мысалы суреттегі көрсетілген форманы былай жасауға болады.

Procedure TForm1.Formcreate (Sender:TObject);

//Барлық ауыстырып қосқыштар әр топқа орналасқан

Begin

RadioButton2.Checked:=True;

RadioButton4.Checked:=True;

RadioButton6.Checked:=True;

RadioButton10.Checked:=True;

End;

Топтан бір ауыстырып қосқышты таңдағанда жалаушаға қарағанда оның күйін қайта шерту арқылы өзгерте алмаймыз. Таңдалған ауыстырып қосқыштар алып тастау үшін сол топтан басқұа ауыстырып қосқышты белгілеуіміз керек.

Алдыңғы қарастырғандай элементтер мен контейнерлардағы ауыстырып қосқыштағы топқа қосаты Delphi – дағы арнайы компонент RadioGroup, RadioButton ауыстырып қосқыштар тобынан ұсынған. RadioGroup тобының ауыстырып қосқыштары басқа да басқару элементтер түрлерін қабылдайды. Мысалы: CheckBox жалаушасы немесе бір жолдық редактор Edit.

Ауыстырып қосқыштың басқару саны мен аттарын, Tstring типі Items мәнінің көмегімен шығарылады, яғни топтағы әр ауыстырып қосқышқа кіруге болатындай жасайды. Массивте есептік жол 0 басталады: Items[0], Items[1] және т.б. Add мен Delete арқылы жолдарды монипуляциялауға мүмкіндік береді.

Integer типі ItemIndex мәні арқылы әр ауыстырып қосқышқа рұқсат алуға болады. Топтағы осы уақытта таңдаулы ауысмтырып қосқыштың номері беріледі. Осы күй таңдаулы ауыстырып қосқышқа немесе анықтауға қойылады. Үнсіз жағдайда ItemIndex мәні бір болады.

Integer типі Columns бағана санын береді, топта ауыстырып қосқыштар қанша бағанадан тұратынын көрсетеді. Бұл мән топтар массивінде орналасқан ауыстырып қосқыштарға ғана қолданылады және басқа басқару элементтеріне қолданылмайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1450 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...