Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бас терезе



Бас терезе құрылатын программаның жобасын басқарудың негізгі функцияларын орындайды. Бұл терезе әрқашан экранда тұрады және экранның жоғарғы бөлігіне орналасады. Delphi-дің бас терезесі:

§ негізгі менюдан;

§ құралдар тақталарынан;

§ компоненттер палитраларынан тұрады.

Бас терезенің барлық элементтері сол жағында тышқанның көмегімен жылжытуға болатын ** басқару батырмасы бар арнайы панельдерде орналасады.

Негізгі меню Delphi функцияларына өтуге қажет көптеген командалардың жиынтығынан тұрады.

Құралдар тақталары негізгі терезенің сол жақ бөлігінде, негізгі менюдан төмен орналасқан. Шартбелгілі батырмалар негізгі менюдың әлдеқайда маңызды опцияларына жылдам баруға мүмкіндік береді, мысалы, File\New (Файл\Жаңа), File\Open (Файл\Ашу). Атқаратын қызметтеріне қарай олар бірнеше топтарға бөлінген. Әрбір топ жеке панельдерде орналасқан.

Негізгі менюдың көптеген командаларын сәйкес командада көрсетілген батырмалар комбинациясы арқылы орындауға да болады. Мысалы, Run\Run (Орындау\Орындау) командасын <F9> батырмасының көмегімен, ал View\Units(Көру\Модульдер) командасын <Ctrl>+<F12> батырмаларының комбинациясымен орындауға болады.

Құралдар тақтасы төмендегі кестеде көрсетілген топтардан тұрады.

Батырма Батырмалардың атқаратын әрекеттері
Standard(Стандартты)тобы
Объектілер Репозиториясына баруға мүмкіндік береді. File\New опциясына эквивалент.
Сақталынған файлдарды ашады. File\Open опциясына эквивалент.
Файлды дискіге сақтайды. File\Save опциясына эквивалент (жылдам қосу батырмасы Ctrl+S).
Жобаның барлық файлдарын сақтайды. File\Save All опциясына эквивалент (жылдам қосу батырмасы Ctrl+S).

Егер құралдар тақтасының біреуі жоқ болып қалса, онда ол View\Toolbarsкомандасының көмегімен немесе контекстік меню арқылы қосылады. Осы команданың көмегімен компоненттер палитрасын (Component Palette)да шығаруға болады.

Компоненттер палитрасы – Delphi-дің негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында, негізгі менюдан төмен қарай орналасқан. Ол құрылатын формаларға орналастырылатын компоненттерден тұрады. Компоненттер дегеніміз қолданушының көмегімен форма терезесіне қойылатын және белгілі бір қасиеттерге ие болатын қандай да бір функционалдық элемент. Олар жоба формасын құрастыратын өздерінше құрылыс блоктары болып табылады. Компоненттер көмегімен программа каркасы құрылады. Барлық компоненттер жеке беттерде орналасқан. Беттердің және компоненттердің сәйкес шартбелгілері болады. Сол шартбелгілер арқылы олар таңдалады.

Компоненттер палитрасы көптеген беттер жиынынан тұрады. Мысалы:

§ Standard -стандартты;

§ Additional - қосымша;

§ Win32 - Windows-тың 32 разрядтық интерфейсі;

§ System - жүйелік функцияларға өту т.б.

Компоненттермен жүре келе толығырақ танысамыз.

Компоненттер палитрасын Palette Properties (Палитра қасиеттері) диалогтық терезесінің көмегімен баптауға болады.

Бастапқы форма терезесі алғашында экранның ортасында орналасады да оған Form1 тақырыбы және аты беріледі. Қажет болғанда оларды өзгертуімізге болады. Форма маңызды визуалды компонент болып саналады. Алғашқыда форма терезесінде Windows үшін стандартты интерфейс элементтері – жүйелік менюды шақыру, терезе көлемін өзгертетін батырмалар, тақырып қатары болады. Әдетте, жұмыс аймағы компоненттердің формада орналасуын реттестіруге арналған координаттық тор нүктелерімен толтырылған. Ол нүктелерді қоймау үшін Tools\Enviroment Options менюімен шақырылатын сәйкес баптау терезесінің Designer парағының Display Grid ауыстырыпқосқыш жалаушасын алып тастау керек. Бастапқы форма терезесінде болашақ жобаның формаларының бірі құрастырылады. Жоба қолданбалы программа (программалар жүйелі және қолданбалы болып бөлінеді) болып табылады. Сол себепті жобаны келешекте қолданбалар деп те атаймыз. Форманы құрастыру үшін осы форма терезесіне компоненттер Палитрасынан қажетті компоненттер орналастырылады. Мұнда форманы құрастыру әдеттегі графикалық редактордағыдай жасалады. Кез келген қолданба бірнеше формадан тұруы мүмкін, бірақ олардың біреуі бас форма болып саналады да, программа іске қосылғанда бірінші болып шығады.

Объектілер тармағы терезесі жүйе іске қосылғаннан соң бас терезенің астында орналасады және онда кезекті форма объектілері сатылы түрде көрсетіледі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 644 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...