Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түрлендіру функциялары. Енгізу терезесі. Хабарлама терезесі



Мақсаты: Delphi ортасының түрлендіру функцияларымен танысу, оны енгізу терезесі және хабарлама терезесінде шығаратын мәліметтерге пайдалана білу.

Объектілер: Delphi ортасы, форма, InputBox және ShowMessage терезелері

Теориялық мәлімет. Түрлендіру функциялары көп жағдайда ақпаратты енгізу және шығаруды қамтамасыз ететін нұсқауларда пайдаланылады.

Шығару өрісінде real типті айнымалының мәнін шығару үшін санды символдар жолына түрлендіру керек. Object Pascal-да жиі пайдаланылатын түрлендіру функциялары 5-ші кестеде көрсетілген.

1-ші кесте.Түрлендіру функциялары

Функция Функцияның мәні
IntToStr(n) StrToInt(str) FloatToStr(n) StrToFloat(str) Round(n) Trunс(n) Frac(n) Int(n) DateToStr(Date) TimeToStr(Time) StrToDateTime(str) StrToDate(str) StrToTime(str) UpperCase(str)   LowerCase(str) n бүтін типті жолға түрлендіру Str жолын бүтін санға түрлендіру n нақты өрнектің мәнін жолға түрлендіру Str жолын нақты санға түрлендіру n-ді бүтінге дейін дөңгелектеу n-ң бүтін бөлігін алу n-нақты санының бөлшек бөлігі n нақты санының бүтін бөлігін көрсету мерзімнің мәнін жолға түрлендіру уақыттың мәнін жолға түрлендіру Str жолын мерзім және уақыт форматында көрсету Str жолын мерзім форматында көрсету Str жолын уақыт фоматында көрсету Str жолының символдарын жоғары регистр симвлодарына түрлендіру Str жолының символдарын төменгі регистр символдарына түрлендіру

Енгізу терезесі - Inputbox функциясын шақыру нәтижесінде экранда пайда болатын стандартты сұхбатты терезе. Inputbox функциясының мәні – қолданушы енгізген жол болады.

Жалпы түрде Inputbox функциясын пайдаланып мәліметтерді енгізу нұсқауы:

Айнымалы:=Inputbox (Тақырыбы, Түсініктеме, Мән);

мұндағы айнымалы – қолданушы енгізетін жолдың типті айнымалы;

Тақырыбы – енгізу терезесінің тақырыбы;

Түсініктеме – түсініктеме хабарламаның мәні;

Мән – енгізу өрісінде шығатын мәтін.

Төменде халықтың тығыздығын табу программасы үшін бастапқы мәліметтерді алуға болатын нұсқау келтірілген.

n:=Inputbox(‘Халықтың тығыздығы’,’тұрғындар санын енгізіңіз’,’0’);

Хабарламасы бар терезені экранға шығаруды ShowMessage процедурасы немесе MessageDlg функциясының көмегімен орындауға болады.

ShowMessage процедурасы экранға мәтіннен және ok командалық батырмасынан тұратын терезені шығарады.

ShowMessage процедурасының жазылу форматы:

ShowMessage (‘хабарлама’);

мұндағы хабарлама – терезеге шығатын мәтін.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1522 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...