Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТҮСІНІКТЕМЕ



«Объектілі-бағытталған программалау» курсының мақсаты қазіргі кезде жылдам, епкінмен дамып келе жатқан объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары және принциптерімен студенттерді таныстыру болып табылады.

Курстың міндеті – объектілі-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін, класс, әдіс, қасиет, оқиға ұғымдарын оқып білу және оларды практикада пайдалану.

Курс студенттердің Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау пәні бойынша алған білімдеріне негізделеді.

Оқыту үшін программалауға үйретуде табысты болып табылатын әйгілі Pascal программалау тілінен дамыған Object Pascal тілі таңдалынып алынған.

Өңдеудің арнайы ортасы Delphі-дің ажырамайтын бөлігі болып табылатын Object Pascal тілі өзіне Pascal тілінің табиғи қарапайымдылығын және объектілі-бағытталған программалаудың алдыңғы технологияларын үйлестіреді.

Пәнді оқу барысында студент:

─ объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын меңгеруі;

─ программаны өңдеу барысында объектілі-бағытталған программалауды пайдалана білуі;

─ объектілі-бағытталған программалаудың артықшылығын пайдаланып, оны анық сезіне білулері керек.

Студенттер:

· Визуальды компоненттер кітапханасын пайдалана білуді;

· Менюмен жұмысты;

· Қосымшалар өңдеуді;

· Ақпаратты баспаға шығаруды;

· Мультимедианы пайдалануды;

· Графикамен жұмысты;

· Каталог және файлдармен жұмыс жасай білуді меңгерулері керек.

Қалыптасқан құзыреті:

арнайы: интеллектуалды, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттері дамиды, күрделілігі әртүрлі есептерді шығаруда тиімді программа құра біледі.

пәндік: Delphі программалау ортасында бағдарлама құру дағдылары қалыптасады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 564 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...