Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма



1. Берілген а және b екі катеттердің ұзындықтары бойынша тікбұрышты үшбұрыштың периметрі мен ауданын есептеу керек.

2. Үшбұрыштың төбелері (х11),(х22),(х33) координаталарымен берілген. Оның периметрі мен ауданын табу керек.

3. Радиусы R болатын шеңбердің ұзындығын және дөңгелектің ауданын есептеу керек.

4. Берілген төрт орынды санның цифрларының көбейтіндісін табу керек.

5. Екі сан берілген. Осы сандардың кубтарының арифметикалық ортасы мен модульдерінің геометриялық ортасын табу керек.

6. (х11) және (х22) координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтығын табу керек.

7. х және y нақты сандары берілген. Олардың қосындысын, айырымын, көбейтіндісін және бөліндісін есептеу керек.

8. Кубтың қырының ұзындығы берілген. Осы кубтың жағы мен толық бетінің аудандарын және көлемін табу керек.

9. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштың ауданын, биіктігін, осы үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табу керек.

10. Шеңбердің ұзындығы белгілі. Осы шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын табу керек.

11. Ішкі радиусы r-ге, ал сыртқы радиусы R-ге тең болатын (R>r) сақинаның ауданын табу керек.

12. Үшбұрыштың бұрыштары және сырттай сызылған шеңбердің радиусы берілген. Үшбұрыш қабырғаларын табу керек.

13. а,b табандары және үлкен а табаны мен бүйір қабырғасының арасындағы a бұрышы берілген теңбүйірлі трапецияның ауданын табу керек.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 885 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...