Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Мазмұны Сағат саны Апта
Модуль 1. «Delphi ортасына кіріспе»
1. Дәріс 1. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары. Delphi кіріктірілген ортасына шолу.   1 апта
Практикалық сабақ 1-2. Delphi ортасымен танысу. Түрлендіру функциялары. Енгізу терезесі. Хабарлама терезесі.  
СОӨЖ 1. Тақырыбы: Мәліметттер типтері. Тапсырмалар: Тапсырма 1.Мәліметтердің қарапайым типтері. Тапсырма 2. Мәліметтердің құрылымдық типтері. Тапсырма 3. Программа құрылымы.Стандартты функциялар мен процедуралар.Өрнектер.  
2. Дәріс 2. Қосымша құру. Визуалды компоненттердің жалпы сипаттамасы.   2 апта
Практикалық сабақ 3-4. Label, Edit, Button, RadioButton компоненттері. Валюта айырбастау туралы есеп. Сызықтық алгоритмдерді программалау.  
СОӨЖ 2. Тақырыбы: Жоба сипаттамасы Тапсырма:Жоба құрамы. Жоба файлы. Формалар файлдары. Модульдер файлдары. Ресурстар файлы. Жоба параметрлары тақырыптары бойынша конспект жазу.  
3. Дәріс 3. Мәтінді бейнелеу және біржолды мәтінді енгізу және редактрлеу. Тармақталу алгоритмін программалау.   3 апта
Практикалық сабақ 5-6. Форма, мәтіндік өріс, бейне, батырма компоненттері. Анкета туралы есеп. Тармақталу алгоритмін программалау.  
СОӨЖ 3. Тармақталу алгоритмдерін программалау. Тапсырма 1. Бір-біріне тең емес х және у нақты сандары берілген. Екеуінің кішісін олардың қосындысының жартысымен, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру керек. Тапсырма 2. ХОУ жазықтығында өзінің координаталарымен А нүктесі берілген. Оның қай осьте немесе қай ширекте орналасқанын көрсету керек.  
4. Дәріс 4. Тізімдермен жұмыс. Таңдау алгоритмін программалау.   4 апта
Практикалық сабақ 7-8.Тізімдермен жұмыс. Таңдау алгоритмін программалау.  
СОӨЖ 4. Таңдау алгоритмдерін программалау. Тапсырма 1. Енгізілген өлшем бірліктерінің номеріне (1-дециметр, 2-километр, 3-метр, 4-миллиметр, 5-сантиметр) және түзудің ұзындығы L-ге байланыстытүзудің ұзындығының сәйкес мәндерін метрмен беретін программа құру керек. Тапсырма 2. Берілген 1-ден 12-ге дейінгі натурал санға (ай номеріне) байланысты осы айға кіретін мереке күндерін (мысалы, егер 1 саны енгізілген болса, онда: 1 қаңтар-Жаңа жыл, 8 наурыз-халықаралық әйелдер мейрамы) шығаратын програма құру керек. Тапсырма 3. N натурал саны берілген. Егер ол 4-ке бөлінсе, экранға N=4k жауабын шығару керек. Егер 4-ке бөлген қалдық 1-ге тең болса, N=4k+1; егер 4-ке бөлген қалдық 2-ге тең болса, N=4k+2; егер 4-ке бөлген қалдық 3-ке тең болса, N=4k+3. Мысалы, 12=4*3; 22=4*5+2  
СӨЖ 1. 1. Телефон желісінің қызметі келесі ереже бойынша төленеді: бір айда А минутқа дейін сөйлесу В тг тұрады, ал көрсетілген мөлшерден артық сөйлесу минутына С тг.-мен төленеді. Бір айдағы сөйлесуге кеткен уақыт үшін телефон ақысын есептейтін программа құру керек. 2.Бір үшбұрыштың үш қабырғасы және басқа үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштардың тең болатындығын, яғни олардың аудандары тең болатынын анықтау керек.  
Модуль 2. «Мәтіндермен жұмыс»
5. Дәріс 5. Көпжолдық редакторлар. Циклдық алгоритмдерді программалау. Массивтермен жұмыс.   5 апта
Практикалық сабақ 9-10.Циклдық алгоритмдерді программалау. Массивтермен жұмыс.  
СОӨЖ 5.Циклдық алгоритмдерді программалау. Тапсырма:Қатардың қосындысын есептеңіз Тапсырма 1. Тапсырма 2. Тапсырма 3. Тапсырма 4. Тапсырма 5.  
6. Дәріс 6. Батырмалармен және ауыстырып қосқыштармен жұмыс.   6 апта
Практикалық сабақ 11-12.Батырмалар мен қайта қосқыштарды пайдалану. Тәуелсіз фиксациядағы қайта қосқыштар. Тәуелді фиксациядағы қайта қосқыштар.  
СОӨЖ 6.Циклдық алгоритмдерді программалау. Тапсырма:Қатардың қосындысын есептеңіз Тапсырма 1. Тапсырма 2. (fn) Фибоначчи саны n=2, 3, …- болғандағы f0=f1=1, fn=fn-1+fn-2 формулаларымен анықталады. f40-ті анықтау керек. Тапсырма 3. Есептеу керек: .  
7. Дәріс 7. Басқару элементтерін біріктіру.   7 апта
Практикалық сабақ 13-14.Басқару элементтерін біріктіру. Топ. Панель. Құралдар тақтасы. Айналу облысы. Фреймдар  
СОӨЖ 7.Форма, мәтіндік өріс, бейне, кесте, батырма компоненттері. Массивті өңдеу. Тапсырма: Тапсырма 1. Элементтер саны N болатын массив берілген. Екі массив құрыңыз: біріншісіне бастапқы массивтің жұп нөмірлі элементтерді, ал екіншісіне тақ нөмірлі элементтерді қосу керек. Тапсырма 2. а1, а2,…, аn бүтін сандар тізбегі берілген. ai+aj=m болатын ai,aj сандар жұбын көрсету керек. Тапсырма 3. Берілген массивтен негізгі диоганалдың оң элементерінің көбейтіндісін есептейтін программа құру. Массив элементтері бүтін сандар.  
СӨЖ 2 1. Небоскреб N қабаттан және тек бір подъезден тұрады; әр қабатта 3 пәтерден; лифт тек тақ қабаттарда ғана тоқтай алады. Адам лифтке отырады да өзіне керек М пәтерінің номерін тереді. Лифт жолаушыны қай қабатқа апарады? 2. Ойын бағдарламасын құрыңыз. Ол үшін компьютер сізге кездейсоқ екі саннның көбейтіндісін ұсынып, нәтижесі неге тең екендігін сұрасын. Егер сіз дұрыс жауап берсеңіз «Жарайсың», әйтпесе «Көбейту кестесін жатта» деген, соңынан «Ойынды жалғастырасың ба?» деген хабар шығарсын. Ойынды жалғастыру сіздің берген жауабыңызға байланысты болады.    
Модуль 3. «Визуалды компоненттермен жұмыс»
8. Дәріс 8 Форманың сипаттамалары. Формалардың өзара әрекетін ұйымдастыру.   8 апта
Практикалық сабақ 15-16. Форманың сипаттамалары. Формалар өзара әрекетін ұйымдастыру.  
СОӨЖ 8. Тақырыбы:Форма, мәтіндік өріс, бейне, кесте, батырма компоненттері. Массивті өңдеу. Тапсырма: Тапсырма 1. а1, а2,…, аn бүтін сандары берілген. Осы тізбектің ең кіші мүшесін барлық элементтердің арифметикалық ортасының бүтін бөлігімен ауыстыру керек, ал қалғандарын өзгеріссіз қалдыру керек. Тапсырма 2. Екі өлшемді массивтің бағандарының қосындысынан бір өлшемді массив алу бағдарламасын жаз. Тапсырма 3. Берілген массивтің қатар бойынша теріс элементерінің қосындасын есептеп жауабын В[10] массивіне меншіктейтін программа құру. Массив элементтері бүтін сандар. Тапсырма 4. Берілген массивтің бағана бойынша теріс элементерінің көбейтіндісін есептейтін программа құру. Массив элементтері нақты сандар.  
  Аралық бақылау 1    
9. Дәріс 9. Стандартты диалогтар.   9 апта
Практикалық сабақ 17-18.Стандартты диалогтар. Файл атын таңдау. Шрифт параметрін таңдау.  
СОӨЖ 9. Жолдармен жұмыс. Тапсырма: Тапсырма 1. Нүктемен аяқталатын жол берілген. Жолда неше сөз бар екенін санау керек. Тапсырма 2. Ағылшын тіліндегі мәтіннен тұратын жол берілген. B әрпінен басталатын сөздер санын табу керек. Тапсырма 3. Мәтіннен тұратын жол және қандай да бір әріп берілген. Қанша сөз берілген әріптен басталатынын санау керек. Тапсырма 4. Мәтіннен тұратын жол берілген. Ең қысқа және ең ұзын сөздердің ұзындықтарын табу керек. Тапсырма 5. Жол берілген. Ондағы *,;,: симводарының санын анықтау керек. Тапсырма 6. Кіші әріптерімен жазылған мәтіннен тұратын жол берілген. Келесі жолға осы мәтіннің бас әріппен жазылған нұсқасын алу керек.  
10. Дәріс 10. Менюмен жұмыс   10 апта
Практикалық сабақ 19-20. Негізгі және контексті меню. Меню құрастырушысы.  
СОӨЖ 10. Менюмен жұмыс. Тапсырма:Менюді пайдаланыплабораториялық жұмыстардан қажеттісін таңдап, оның нәтижесін шығаратынқосымша құру.Қосымша құруда MaіnMenu компонентін пайдалану.  
11. Дәріс 11. Менюді динамикалық түрде баптау.   11апта
Практикалық сабақ 21-22.Менюді динамикалық түрде баптау.  
СОӨЖ 11. Негізгі және контекстік менюмен жұмыс. Тапсырма:Негізгі және контекстік менюды қосу арқылы «Мәтіндік редактор» қосымшасын түрлендіріңіз.  
СӨЖ 3 1. Экранға Пифагор кестесін шығаратын программа жазыңыз. 2. N бүтін саны берілген. Экранға N-нан аспайтын барлық жай сандардың тізімін шығарыңыз. 3. N бүтін саны берілген. Экранға N-нан аспайтын барлық кемелденген сандардың тізімін шығарыңыз.  
Модуль 4. «Графикалық мүмкіндіктер»
  Дәріс 12-13. Delphi-дің графикалық мүмкіндіктері.Графикалық қарапайым элементтерді салу тәсілдері.   12-13 апта
Практикалық сабақ 23-26. Қозғалыс ұйымдастыру  
СОӨЖ 12-13. Delphi-дің графикалық процедуралары.  
  Дәріс 14-15-.Құралдар тақталары   14-15 апта
Практикалық сабақ 27-30.Құралдар тақтасын және қалып-күй жолын құру.  
СОӨЖ 14-15.Графикалық операторларды өңдеу. Тапсырма 1. «Аққал» бейнесін шығаратын программа жазыңыз. Тапсырма 2. Экрандағы шеңбер центрінің орналасуын және оның радиуысын анықтайтын үш бүтін сан берілген. Егер шеңбер экран центрі арқылы өтетін горизонталь түзумен қиылыспайтын болса, онда берілген шеңберді және осы түзуге симметриялы болатын шеңберді ағарту керек. Тапсырма 3. Төмендегісуреттегі бейнелерді экранға шығаратын және қозғалысқа келтіретін программа жазыңыз.  
СӨЖ 4 1. Экранда «Шахмат тақтасын» бейнелейтін программа жазыңыз. 2. «Бағдаршам» иммитациясын жасайтын бағдарлама құрңыз.  
  Аралық бақылау 2 (Коллоквиум)    
  Барлығы: дәріс- прак.саб. СӨЖ (СОӨЖ бірге)    
         

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:

Мақсаты: Студенттерді өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру, теориялық білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, программа құра білуге машықтандыру.

Әдістемелік нұсқау: өздік жұмысты орындау студентке курс бойынша оқылған кейбір сұрақтарын терең түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, студенттер өз бетінше әр тақырып бойынша өздік жұмысты дер кезінде орындап отыру керек. Тапсырмалардың программасын құрып, компьютерде орындағаннан кейін, оны тестілеп нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

Тапсырмаларды орындау барысында Гофман В.Э., Хомененко А.Д. Delphі 7. – СПб.:БХВ- Санкт-Петербург, 2010.-800с: ил.; Глинский Я.Н., Анохин В.Е., Ряжская В.А. Turbo Pascal 7.0 и Delphі. Учебное пособие.-СПб,2001; Культин Н. Основы программирования в Delphі 7. -– СПб.:БХВ- Санкт-Петербург, 2003; Архангельский А.Я. Object Pascal в Delphі – М.: ЗАО Изд. «БИНОМң, 2002 – 384 с.; Архангельский А.Я. Язык Pascal и основы программирования в Delphі. Учебное пособие – М.: ООО «Бином-Пресс», 2004 – 496с.; Фаронов В.В. Delphі 5. Учебный курс. –М.: 2001.

әдебиет көздерін және Интернет материалдарын пайдаланыңыздар.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1444 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...