Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Таңдау алгоритмін программалау



1. Апта күнінің нөміріне байланысты (1-ден 7-ге дейінгі натурал сандар) нәтиже ретінде осы күнгі сабақтар санын шығаратын программа жазу керек.

2. Санның соңғы цифрына байланысты оның квадратының соңғы цифрын анықтайтын программа жазу керек.

3. Берілген жылға және сол жылдағы айдың нөмірі m- ге байланысты осы айдағы күндер санын анықтайтын программа жазу керек.

4. Әрбір енгізілген (0-9) санға байланысты сол санның қазақша атауын (0-нөл, 1-бір, 2-екі,…) шығаратын программа жазу керек.

5. Енгізілген санға сәйкес (1-12) айдың атауын шығаратын программа жазу керек.

6. Мектеп бағаларының аталуын шығаратын программа жазу керек (1-нашар, 2-қанағаттанарлықсыз, 3-қанағаттанарлық, 4-жақсы, 5-өте жақсы).

7. Айталық, шеңбер элементтері радиус (1-ші элемент), диаметр (2-ші элемент) және шеңбер ұзындығы (3-ші элемент) болсын. Элемент нөміріне байланысты оған сәйкес мән сұрайтын және шеңбердің ауданын есептейтін программа жазу керек.

8. Айталық, катет а (1-ші элемент), гипотенуза b (2-ші элемент), тік бұрыштың төбесінен гипотенузаға түсірілген биіктік h (3-ші элемент) және ауданы S (4-ші элемент) тең бүйірлі тік бұрышты ұшбұрыштың элементтері болсын. Берілетін элементтің нөміріне және оған сәйкес мәніне байланысты ұшбұрыштың барлық қалған элементтерінің мәнін есептейтін программа құру керек.

9. Айдың нөміріне байланысты одан кейінгі айдың атауын шығаратын программа құру керек (мысалы, m=1 болғанда ақпан айын, ал 4 болғанда мамыр айы алынады).

10. Компьютердің сыртқы құрылғыларының нөмірленген тізімі берілген: 1)жүйелік блок; 2)монитор; 3)пернетақта; 4)принтер; 5)сканер. Құрылғы нөміріне байланысты оның атауын экран және суретін шығаратын программа құру керек.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 821 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...