Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 6. Дидактика:Оқыту және білім беру теориясы



Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және түрлерін, формаларын, жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастырады. Педагогикаға дидактика деген терминді тұңғыш енгізген неміс педагогы В.Радке (1571-1635). Дидактика туралы (1632 ж) «Ұлы дидактика» атты кітап жазған Я.А.Коменский оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып-сабақ жүйесі туралы баяндалған.

Нені оқыту керек? Оқушыларды тиянақты кең білім алуға және олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды мақсат ету. Үнемі білім мазмұнын кеңейтіп, жаңашылдықты қолдап отыру керек.

Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану.Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын дамытып жетілдіру қажет.

Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеп жүзеге асыру.

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласына көптеген қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері өз үлестерін қосқан.

ІХ ғасырда Әбу Насыр Әл-Фараби дидактика туралы «Философтардың қойған сауалдарына жауап» деген еңбегінде оқыту, білім беру істеріне тоқталып, Оқып үйренуде жаттап алу дұрыс па, жоқ түсініп алу дұрыс бола ма? Деген сұраққа түсініп алған дұрыс, барлығын жаттап алу мүмкін емес деп жауап берген.

ХІХ ғ. Ы.Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға орыс тілін үйрету, балалардың сабаққа, ғылымға, өздігінен білім алуға ынталарын арттыратын,сезімін оятатын әдістер мен тәсілдерді зерттеген.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)өзінің саналы өмірін ұлттық білім беру жүйесіне,оның ішінде қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис салаларының негізін салды.

Міржақып Дулатов (1885-1935)- ол математика оқу кітаптарын құрастырушы. 1921 жылы «Есеп құралы» атты оқу құралы жарық көрді.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) оның «Педагогика» атты еңбегі, «Сауатты бол» т.с. еңбектерінде әдістемелік мәселелерді қозғады.

Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика мәселелерімен жан-жақты айналысқан педагог.

Оқыту–таным үрдісі, өйткені оқушы білуге ұмтылады.Оқыту-оқу-тәрбие барысының нақты түрі. Оқытудағы міндет-оқушыны табиғат, қоғам және негізгі заңдарды меңгерту. Оқу процесі деген не? Мұғалімнің басшылығымен бір мақсатқа бағытталған, оқушыға білім беру міндетін шешу. Оқу процесі- тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.

Оқыту процесі бес элементтен тұрады:

1.Оқытудың мақсаты

2. Оқытудың мазмұны

3.Оқыту әдісі

4.Оқытушы

5.Оқушы

Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы,танымы дамиды, іскерлігі, дағдысы қалыптасады. Білім –адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен қоғамның даму заңдарын танып біледі. Оқыту екі жақты процесс. Ол мұғалім мен оқушылардың ынтамақтастығы арқылы іске асады. Оқыту процесі ол- мұғалім сабақ береді, оқушының қызметі –білім алу. Оқыту процесінің функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамыту.

Оқытудың білім беру функциясы- оқушыны біліммен қамтамасыз ету, өз бетімен ізденуге баулу, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқу-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Жеке тұлғаға тәрбие мен оқуды жан-жақты қалыптастыру.Тәрбиелеу арқылы оқушының байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, еңбек әрекетіне дайындау.

Оқытудың дамыту функциясы-шәкірттің таным әрекетін дамыту, ой-өрісін, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға, еркін игеруге үйрету.

Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы – оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудағы шешуші құралы.

Оқыту –оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы ережелер мен талаптар қажет.

Принцип- негізгі, жетекші идея, негізгі ережі, іс-әрекетке қойылатын талап деген мағынаны білдіреді. Оқыту принципі, яғни оқыту талаптары оқу барысының тиімді және сапалы жүруін қамтамасыз ететін негізгі іргелі ой жүйесі. Оқыту принциптеріне оқудың мақсаттары, мазмұны,әдістері мен ұйымдастыру түрлері, оның нәтижесін талдау, оқыту талаптарының біртұтастығы, логикалық тізбегі, оқу барысын жоспарлау және басшылыққа алу.

Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:

оқытудың мақсаттылық принципі;

оқытудың ғылымилық принципі;

саналылық пен белсенділік принципі;

жүйелілік пен бірізділік принципі;

оқытудың өмірмен байланыстылық принципі;

түсініктілік және шамасына сәйкестілік принципі;

білімнің берік болу принципі;

көрнекілік принципі;

оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі.

ынталандыру принципі;

ізгілендіру принципі;

проблемалық принцип

Көрнекілік принцип - оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асады. Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп, байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негіздейді, образдық ойлауға болады.

Оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі- оқу материалының көлемі мен мазмұны балалардың ақыл-ой күштерінің даму дәрежесіне сай болуын олардың жас ерекшеліктерінің үнемі ескеріліп отыруын талап етеді.

Ынталандыру принципі - оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті болады. Мұғалім сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі өткізуге міндетті.

Ізгілендіру принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау керек. Мұғалім сабақта балалармен жылы қарым-қатынаста болуы қажет.

Тақырыбы: Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі. Жоғары мектеп педагогикасы.

Мақсаты: магистранттарға жоғары мектеп педагогикасының адам тәрбиелеудегі рөлі, жоғары мектеп педагогиксын ғылыми пән екнідігін таныстыру.

Жоспар:

1.Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері

2.Жоғары мектеп педагогикасының деңгейлері

3.Жоғары мектеп педагогикасының ерекшеліктері

Жоғары мектеп педагогикасы (ЖМП) екі түрлі мағынада қарастырылады: бірі-жеке тұлғаның маман ретінде дамуы мен тәрбиесіне бағытталған іс –әрекеттің мақсаты мен мазмұны болса, екіншісі-педагогикалық іс-әрекет заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория.

Педагогика негізінен 3 түрлі бағытта қарастырылады: педагогика тарихы; педагогика (мектепке дейінгі, орта, кәсіби мамандандырылған білім, жоғары мектеп, әлеуметтік, кәсіптік, әскери, салыстырмалы педагогика) және білім беру әдістемесі. ЖМП-сының өз алдына ғылыми білім саласы болуы, жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіріп, оның тиімділігін арттыру қажеттілігінен туындап отыр. Ондағы басты мақсат-мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен білімнің негізінде даярлау.

Болашақ маман, қазіргі студент –оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның кәсіби даярлығы, шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек. Олай болса, ЖМП –сын меңгеруде өздігімен орындайтын жұмыстарға шығармашылықпен қарағаны жөн.

ЖМП-сының мақсаты-студенттерді оқу орындарының кез-келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.

ЖМП-сының міндеттері:

- магистранттарды,студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;

- магистранттарды, студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;

- магистраттарды, студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.

ЖМП-сының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама.

ЖМП-сының объектісі -жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім сапасы, педагогикалық жүйелер. Аталған жүйелерге: академиялық топтар,курстар, факультеттер,ЖОО, қоғамдық ұйымдар, студенттер,оқытушылар т.б. жатады.

ЖМП –сының әдіснамасы, философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әртүрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен олардың ішінен сол заттар мен құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады. Сонымен заң дегеніміз-құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталанып тұратын, біршама тиянақты байланысы. Адамдар өз қалауынша заң атаулының қандайын болса да өзгертіп, жойып жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып, біліп, зерттейді және алған білімдерін өздерінің қызметіне пайдалана алады. Диалектика – дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп қояды. Ол-табиғат құбылыстарын, қоғамдық құбылыстар, оған адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және оның кері айналуы, терсітеуді-терістеу. Диалектиканың ұғымдары: кеңістік пен уақыт, жекелік пен жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындық. Ғылым әр уақытта жаңа дәйектермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зертеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу, ғылымда- әдіснама деп аталады. Мемлекеттік тілдегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде жазылып келе жатқаны белгілі. Қалайда бұл терминнің нақты мәні – «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын,оның негізгі белгілі бір теорияны. Ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алатыны белгілі. Сол себепті педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танымдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады.

Әдіснама- ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құру ұстанымдары, формалары мен амалары туралы ғылым.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын 4 деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.

Бірінші деңгей философиялық әдіснама ғылымның категориялық құрылымын және танымның жалпы қағидаларын құрайды. Бүкіл философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады. Екінші деңгей-жалпы ғылыми әдіснама барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде қолданылытын теориялық тұжырымдамалар болып табылады. Үшінші деңгей-нақты ғылыми әдіснама белгілі бір арнаулы ғылыми пәнде қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы. Төртінші деңгей- технологиялық әдіснама зерттеу әдістемесі мен техникасы, демек, дұрыс практикалық материалды алуды қамтамасыз ететін тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Әдіснаманың барлық деңгейі күрделі жүйені құрайды.

Жалпы ғылыми әдіснама құбылыстар мен қоршаған шындық үрдістердің жалпылық байланысы мен өзара сабақтастығын бейнелейтін жүйелілік принципімен сипатталады. Жүйелілікпен қарау педагогикалық теорияны, экспериментті және практиканы бірлік принципінде іске асыруды қажет етеді. Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр-әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес. Әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді. Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз-ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу. Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру, педагогикалық міндеттерді сезіну, даярлау және шығармашылықпен шешу; әдістемелік рефлексия.

Алым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық- біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.

Сонымен, ЖМП-сы тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған іс-әрекет және осы іс-әрекеттердің заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін ашатын ғылыми теория дедік.

Іс-әрекет ретінде түсіндірілетін ЖМП-сы, адаммен бірге пайда болды. Адам санасының өсуі, абстрактілі ойлаудың пайда болуы жмп-сында ой туындауының алғышарты болды. ЖМП-сының идеялары өмірден, қоғамдық тәжірибеден туындай отырып, жас ұрпақты қалыптастыру құралы ретінде оған қайта оралды. ЖМП-сы қоғамдағы өзгерістер әсерімен теорияға,яғни өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу туралы ғылымға айналды.

ЖМП-сының өзіндік ерекшеліктері бар:

1.Жоғары мектептегі педагогикалық зерттеулерде тарихи бағыт ескерілуі керек, бұл-зерттеулердің өзектілігі мен маңыздылығын, қажеттілігін айқындауға мүмкіндік береді;

2.Жоғары мектептегі жмп-сы процессі жүйелі-құрылым ретінде талдануы қажет, бұл осы процесті жан-жақты қабылдап, талдауға, объективті нәтиже алуға мүмкіндік береді;

3.ЖОО-да студенттерді кәсіби тұрғыда даярлау- тұлғаның маман ретінде қалыптасуының негізгі элементі болып саналады;

4.Студент тұлғасының дамуына ішкі және сыртқы факторлар да әсер етеді, бұған-тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие, кәсіби даярлық, өзін-өзі тәрбиелеу және қарым-қатынас жатады;

5.Студенттік маман ретінде қалыптасуына таным, іс-әрекет және қарым-қатынас шешуші рөл атқарады;

6.Студенттің тәрбиеленуі мен кәсіби даярлығының табыстылығы-оның белсенділігімен анықталады. Бұл өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу үшін аса маңызды.

7. Студент жастар даму динамикасында зерттеліп, олардың бойындағы барлық өзгерістері талдануы қажет;

8. Болашақ маманның дүниетанымдық көзқарасы, құндылық бағдарлары, мотивациялық аясының қалыптасуындағы жеке және қоғамдық қызығушылықтары, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарының үйлесімділігі де маңызды мәселе.

9. ЖОО-да студенттердің тұлғасын ұжымда және ұжымдық әрекеттерде қалыптастырудың маңызы зор.

10. ЖМП-сының дамуына практиканың алатын орны ерекше.

ЖМП-сы өзіндік зерттеу нысаны, пәні, әдіснамалық негізі, өзіне тән мәселелері мен міндеттері, өзіндік тұжырымдамалары бар дербес ғылым екендігін дәлелдейді. Дегенмен, ЖОО-дағы жоғары мектеп педагогикасы процесінің негізгі элементі-кәсіби даярлық.

ЖМП-сы ЖОО-дағы тәрбиелеу-білім беру процестерінің ерекшеліктерін, ұйымдастыру формаларын (дәріс, СӨЖ,МӨЖ, семинар, практикалық сабақтар) ғылыми-зерттеу жұмыстарын, өндірістік және жоғары мектеп педагогикасы практикасын оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен технологияларын зерттейді.

Оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынасы демократиялық серіктестікте жүргізіледі. Студенттер ғылыми пәндерді оқуда көбінесе өздігімен жұмыс жасайды, оның нәтижелері аралық және ағымдық бақылаулар арқылы тексеріледі. Өз міндеттерін орындауда жмп төрт функцияны атқарады: ғылыми-теориялық, қолданбалы-қалыптастырушылық, болжамдық, ұйымдастырушылық.Олар бір-бірімен тығыз байланысты.

ЖМП-сының ұғымдарының бірі- білім беру. Білім беру ұғымын ең алғаш рет жоғары мектеп педагогикасына енгізген Иогани Генрих Песталоций.Білім беру - табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеріп, оны өмірде тиімді қолдануы. Білім беру барысында жеке адамның танымы, іс-әрекеттері дамиды, ой-өрісі кеңейіп, еңбекке көзқарасы мен мәдениет деңгейі артады.

Оқыту- жоғары мектеп педагогикасы ғылымының негізгі ұғымы. Оқыту- білім берудің негізгі жолы. Оқыту –оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екіжақты, біртекті процесс:

-бірішіден, оқытушы оқушыларға біоім беріп, іскерлікке дағдыландырады;

-екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игеріп, оларды өмірге қолданады.

ЖМП-сының оқыту категориясы екі түрлі қызметпен сипатталады: бірінші-білім берушілік, екінші-тәрбиелік. Біріншісі біліммен қаруландырады, өмірдің құндылығы білім екендігін ұғындырып, өздігімен іскерлік пен дағдыны меңгеруге дайындайды.

Оқытудың тәрбиелік функциясының мәні мынада: оқыта отырып тәрбиелеймін, тәрбиелей отырып оқытамын. Ендеше оқыту барысында адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, жауапкершілікке т.б. тәрбиеленеді.

ЖМП-сы ұғымының бірі-тәрбие. Тәрбие жағдайында көптеген теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсінушілер кездеседі. Тәрбие - бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеруге бағытталған жоғары мектептегі педагогикалық процесс. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өзіндік дамуын, білім алуын, өзінің жақсы қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі.

Мұғалімнің қызметіндегі көптеген проблемалық жағдаяттарды шеше білуі,оның теориялық даярлығына тікелей байланысты. ЖМП –сының негізгі категорияларының мәнін ұғыну, бір-бірімен байланыстылығының негізін анықтау, практикалық әрекетте пайдалана білу, әрбір педагогтың міндеті. Категориялар- кәсіби теориялық білімдердің көрсеткіші.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 13529 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.019 с)...