Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоғары білім беру жүйесі: жағдайы, даму тенденциялары, келешегі



Дәріс 1.Тақырыбы: Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары. ҚР-дағы жоғары білім. ҚР-дағы білім беруді басқару. ҚР білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттар базасы (шолу дәрісі).

Педагогика- бұл ғылым және басқа ғылымдар сияқты, оның өз зерттеу пәні, салалары бар. Кез-келген ғылымның қалыптасуы мен дамуы әруақытта да қоғамның практикалық қажеттілігінен туындайды. Педагогиканың пайда болуы болашақ өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлауда қоғамның қажеттілігі болып табылады.

Тарихи тұрғыдан педагогика бала тәрбиесі туралы ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика өз атауын гректің пайдагогос (пайд-бала, гогос-алып бару) деген екі сөзінен шыққан., балаларды алып барушы. Ертедегі Грецияда өз қожасының балаларын мектепке алып бару міндетін құлдар атқарған. Кейіннен педагогтардың қызметін бала оқыту және тәрбиелеу, тәлімгерлік жұмысын жалдамалы адамдар атқарған. Қазір ол кезеңмен салыстырғанда педагогтардың ролі мен атқаратын қызметі мүлде өзгерді. Бүгінде педагог, ұстаз, тәлімгер, белгілі кәсіби білімі бар, арнайы кәсіби-педагогикалық даярлықтан өткен білікті ұстаздарды, тәрбиешілерді айтамыз. Алғашқы бала тәрбиесі туралы білім негізі қазақ халқының халықтық педагогикасынан бастау алған.

Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында, педагогиканың бір саласы ретінде қалыптасты.

Жоғары мектеп педагогикасы қоғамдағы өзгерістер әсерімен теорияға, яғни өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу туралы ғылымға айналды.Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру, жоғары мектептің педагогикалық процесі, әлеуметтену, іс-әрекет табыстылығы.

Жоғары мектеп педагогикасы пәні- студенттер бойында кәсіпке қажетті білім, дағды, сапаны қалыптастыруға бағытталған оқытушылар мен студенттердің арасындағы біріккен іс-әрекет. ЖМП пәнінің мақсаты - кәсіби білікті маман даярлауға, студенттердің қабілеттерін, дарындылығын көрсетуге, кәсіби біліктілікке жетуге жағымды жағдай жасау.

Ғылыми білімнің қарқынды дамуына байланысты ЖМП-сының жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орнында тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, жоғары мектеп менеджменті, жоғары мектеп технологиялары атты салалары бар.

ЖМП-ң функциялары теориялық және технологиялық болып бөлінеді:

Теориялық функциясына: озық тәжірибені оқыту; педагогикалық құбылыстарды анықтау; тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Технологиялық функциясына: әдістемелік құралдар дайындау(жоспар, бағдарлама, стандарттар, әдістемелер), ғылымның жетістіктерін өндіріске ендіру; ғылыми зерттеулерді анализдеу.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім беру тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы, арнайы педагогика, әлеуметтік педагогика т.б. жатады.

Жоғары мектеп педагогикасы- философия, психология, жалпы педагогика, логика, тарих, математика, этнопедагогика, этнопсихология, медицина, экология, экономика, социология, адам физиологиясы т.б. ғылымдармен тығыз байланыста жүзеге асады.

Педагогика ғылымы туралы өткен уақытта да, қазіргі кезеңде де ғалымдардың арасында үш түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бірінші көзқарастың өкілдерінің айтуынша, педагогика-адамзат білімінің пәнаралық саласын қамтиды деп дәлелдеген. Екінші көзқарас өкілдері педагогиканы қолданбалы пән ретінде қарастыра отырып, оның негізгі атқаратын қызметінен басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, социология) енген, тәрбие саласында пайда болған міндеттерді шешуге арналған. Ғылым мен тәжірибе үшін профессор В.В.Краевскийдің айтуынша, үшінші көзқарас педагогика өзінің зерттеу нысаны мен пәні бар дербес ғылым ретінде қарастырады. Уақыт өте педагогика –адам қалыптастырудың арнайы ұйымдасқан, мақсатты және біржүйелі қызметі, тәрбиенің, білім берудің және оқытудың мазмұны, түрлері және әдістері туралы ғылым.

Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Тек шәкірттер ғана оқып, білім алып қоймайды, сонымен қатар ересектер де білім алады. Демек қазіргі педагогика ғылымы –бұл адам тәрбиесі туралы ғылым.

Педагогиканың объектісі мен пәні туралы, педагогика – бұл балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым деген қорытынды шығаруға болады.

Жоғары білім беру жүйесі: жағдайы, даму тенденциялары, келешегі.

Қазақстанның жоғары мектептерінің кейінгі ұрпақтарына күрделі, қарама-қайшылықтармен жан түршіктіретін «жаһандық білім беру кризисі» (ЮНЕСКО термині) мұрагерлікке қалып отыр. Оған ең алдымен оқыту мен ойлаудың технократтық тәсіліне бір жақты бағдар жасау себепкер болды- әсіресе жоғары мектептің жаратылыс-ғылыми және техникалық пәндерінің кешендері.

1.50-жылдардың соңында «білімге деген сұраныс жарылысы» деп белгіленген тұрақты құбылыс пайда болды. Ол бірқатар факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылды. Олардың ішіндегі ең бастылары- планета тұрғындарының жылдам көбеюі, дамыған елдердегі өсуі, ішкі және сыртқы миграцияның жоғары коэффициенті, жаңа білімдер мен технологиялардың дамуы мен таралу қарқынының үдеуі, содан кейін қайта құрылулар- экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени. Осылардың барлығы жеке және ұлттық деңгейдегі құндылықтар мен басымдықтар жүйесін өзгертуге себепкер болды.

2. Дамыған елдердің экономикасындағы құрылымдық қозғалыстар білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер алып келді: жоғары білімге капиталды салудың едәуір тиімді саласы ретінде танылды және мемлекет пен корпорациялардың инвестициялық саясатындағы басым сала қатарына жатқызылды.

3. Білім берудің баламасы жоқ дәстүрлі тәжірибесі «сұраныстың жарылысы» жағдайында өзінің мүмкіндіктерін жоққа шығарды. 70-жылдардан бүгінгі күнге дейін жалғасып және тереңдеп келе жатқан әлемдік білім беру кризисі. Оның негізгі белгілері- білімге деген қажеттіліктің қарқынды өсуі және оны жүзеге асыру мүмкіндігінен айтарлықтай ажырауы.

4.Білім беру саласындағы қайғының негізгі себебі- қаржылық қиындықтар. Батыстың көптеген елдеріндегі әлемдегі бірінші Жер серігінің әсерімен ұлттық экономиканың даму қарқынынан білім беруге бюджеттік қаржы бөлу асып түсетін 50-60 жылдардағы «алтын кезең» артта қалды.

ЮНЕСКО –ның «ХХI ғасыр болашағындағы білім беру философиясы» атты жобасына сәйкес жаңа білім беру философиясының негізгі принциптері мыналар:

1)Білім берудегі ізгілік, ізгіліктендіретін адам қалыптастыратын тәсіл:

2)Білімдердің белгілі бір қосындысын меңгеру ретіндегі педагогикалық процестің дәстүрлі түсінігін адам бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық актімен алмастыру.

3)Білім беру саласына қатысты философияның танымдық, әдіснамалық және жобалық-аксиологиялық функциясын зерттеу.

ХХI ғасыр-өркениет дамуының постиндустриалды кезеңі. Өркениеттің даму кезеңінің алмасуы білім беру жүйесін алмастыруға мәжбүр етті. Білім беру парадигмасын қайта құруды талап етеді. Бұл- ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, қоршаған орта мен адам денсаулығына қамқорлықпен қарайтын дәуір.

Европада базалық ретінде Францияның Париждік университетінің моделі қабылданған, ол бүгінде Сорбонна деген атпен танымал. Бұл модель университеттік құрылымның орталығына оқытушы мен автономия принципін университеттік норма ретінде қойды. Болондық университет ұсынған балама идея- студенттік басқару-Европада таралмады, бірақ Испаниядағы, кейін Латын Америкасындағы жоғары оқу мекемелеріндегі формаларға ықпал етті. Жоғары білім берудің еуропалық жүйесінің алғашқы моделдерінің түрі өзгеріп, күннен күнге ұлттық сипат пен ерекшеліктерге ие болды. Неміс, ағылшын, француз, кейіннен американдық моделдер пайда болды, бірақ олардың мәні бұрынғыдай болып қала берді.

Қазақстанның,Ресейдің және ТМД-ның басқа да елдерінің Орталық және Батыс Еуропа елдерінің жоғары мектебі қайта құру жолына 1980 жылдардың аяғында, жаңа әлеуметтік-экономикалық жүйе мен нарықтық экономика жағдайында, қаржылық кризис, саяси және әлеуметтік тұрақсыздық, ұлтаралық қарым-қатынастардың өршуі жағдайында- білім беру саласында қайта құруды жүргізу өте қиын жағдайға түсті.

Мысалы, Американдық модель: кіші орта мектеп- орта мектеп- үлкен орта мектеп- екі жылдық колледж – төрт жылдық колледж университет құрамындағы- магистратура- докторантура.

Француз модель: ортақ колледж- технологиялық, кәсіби және жалпыбілім беру лицей- университет, магистратура, докторантура.

Неміс моделі: жалпы мектеп- училище, гимназия және негізгі мектеп- институт және университет, магистратура, докторантура.

Ағылшын моделі: біріктірілген мектеп –грамматиклық және қазіргі мектеп, -колледж-университет, магистратура, докторантура.

Ресейлік моделі: жалпы білім беретін мектеп- толық орта мектеп, гимназия,лицей-колледж-институт,университет,академия-аспирантура-док-торантура

Қазақстандық модель: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия,,лицей- кәсіптік мектеп, лицей,колледж, училище-университет, институт,академия- магистратура, докторантура.

Қазақстанда білім беру жүйесінде белсенді қайта құрулар жүріп жатыр. ҚР –ң құрылымында 2007 жылы аспирантура мен докторантура алынып, оның орнына магистратура, PhD докторантура. 2010 жылы ҚР –ң Мемлекеттік бағдарламасына қайтадан өзгертулер кірді. ҚР-ң егемендік алғаннан бері жоғары білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттары айқындалды.

Ғалым З.А.Исаева ҚР- ң жоғары білім беру жүйесінің қайта құру процестерін төрт дейгейге бөліп қарастырады:

Бірінші бөлімі- (1991-1994жж) Жоғары білім берудің нормативтік құқықтық базасының құрылуы.

Екінші этап- (1995-1998жж). Жоғары білім берудің модернизациясы, мазмұнының жаңаруы;

Үшінші-(1999-2000жж) білім беру жүйесін ұйымдастырудың академиялық еркіндігінің кеңеюі, қаржыландыру мәселелері.

Төртінші этап (2001 ж...) білім беру жүйесінің стратегиялық даму бағыты.

ҚР –ң білім беру жүйесінің құқықтық базасы негізінен ҚР –Конституциясы, «Білім заңы», және басқа да құқықтық заң актілері. ҚР-ң Конститутциясының 30-шы бабына сәйкес Қазақстан азаматтары міндетті орта білім және жоғары білім алуға құқылы.

ҚР-ң білім заңының реформасына сәйкес үш деңгейлік өзгерісін қарастыруға болады:

1982ж. ҚР «Білім заңы» 1999ж ҚР «Білім заңы» 2007ж ҚР «Білім заңы»

1993ж ҚР-ң «Жоғары білім заңы»

Қазақстандағы білім беру жүйесінің артықшылық жақтары: мемлекеттік білім стандарттары мен Мамандықтардың Классификаторлары бар.

· 1990ж Қазақстанда бірінші білім стандарттары бекітілді, 310 жоғары кәсіби білім берудегі мамандықтарға арналған.

· 1996 ж ҚР-ң жаңа 342 мамандықтарға арналған Классификаторы бекітілді.

· 2001ж Халықаралық білім беру стандарттары бойынша жаңа Классификатор енгізілді, оның 283 арнайы мамандықтар үшін, 70 магистрлік және 46 бакалавр бағыттарын дайындауға арналған.

· Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқыту белсенді жүргізілуде. Атап айту керек, барлық білім саласында жүргізіліп жатқан қайта құрулар, жаңа дамулар, мемлекеттік саясатқа және халықаралық тенденцияларға қайшы келмейді.

Дәріс 5. Тақырыбы: Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі.

Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігінің проблемасы – күрделі де көпқырлы проблема. Бұл – философияда, педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, акмеологияда, андрогогикада, еңбек психологиясында т.б. гуманитарлық ғалымдарда әр қырынан қарастырылып жүр.

Құзыреттіліктің бар -жоғын адам еңбегінің нәтижесіне қарап пайымдау қажет. Кез келген қызметкер, өз әрекетімен кәсіби іс-әрекеттің түпкі нәтижесіне сай талаптарға жауап беретін жұмыстарды орындаса ғана, кәсіби құзіретті саналады. Бұл құзыреттілікті пайымдаудың жалқы жолы. Жеткен нәтиже емес, белгілі бір жетістікке жету үшін тырысуды құзыреттілікке теңеуге болмайды.

Құзыреттілікті адамның белгілі бір мәселені шешу қабілетімен шатыстыруға болмайды. Бұл мәселені мен шеше аламын, бірақ ол менің құзырыма жатпайды (оған өкілетті емеспін) немесе бұл менің құзырымда, бірақ білімдарлығым жетпейді, - дейтін пікірлер айтылып жатады. Әр қызметкер өз орнындағы құзыреттілігінің межесін ғана емес, дәрежесін де білсе ұтар едік.

Нақты бір адамның кәсіби кәнілігінен гөрі құзыреттілігінің құлашы тар болуы мүмкін. Адам өз саласында кәсіпқой болуы мүмкін, бірақ кәсіби мәселелердің бәрін бірдей шешуге құзыреті жетпейді.

Демек, кәсіби құзыреттіліктің түрлерін ажырату қажет. Олар:

¾ арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметін жеткілікті дәрежеде меңгеру, өзінің кәсіби дамуын жобалай білу;

¾ әлеуметтік құзыреттілік – бірлесе (топпен, кооперативпен) кәсіби қызмет атқаруды, ынтымақтасуды, сондай-ақ осы кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру; өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік;

¾ жеке тұлға құзыреттілігі – өзін көрсете білу мен дамытудың амалдарын, жеке тұлғаның кәсіби деформацияларына қарсы тұру құралдарын игеру;

¾ дара құзыреттілік – өзінің қабілетін жүзеге асыру және кәсіп аясында өз даралығын дамытуға қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан өсуге деген дайындығы, өзінің даралығын сақтауға деген қабілеті, кәсіби тұрғыдан қартаюға бой бермеу, өз еңбегін артық уақыт пен күш жұмсалмай-ақ ұтымды ұйымдастыруға икемділігі, еңбекті қиындықсыз, шаршаусыз, тіпті, сергіту арқылы нәтижеге жету.

¾ Коммуникативтік құзыреттілік: қарым-қатынас құрылымы және заңдылықтары;

¾ Педагогикалық қарым-қатынас түрлері және стильдері;

¾ «Білім-алушы-педагог», «Білім-алушы- Білім-алушы», «педагог-ата-ана», «педагог-педагог», «педагог-әкімшілік» және т.с.. жүйедегі қарым-қатынас ерекшеліктері.

¾ Өзінің сөйлеу, мимика, пантомиканы меңгеруінің ерекшеліктері.

Құзыреттілік -шын мәнінде, адамның кәсіби іс-әрекетте, кәсіби қатысымда, кәсіби тұлға мен оның даралығының қалыптасуындағы кемелденуін белгілейді. Құзыреттіліктің аталған түрлері бір адамның бойынан табыла бермеуі мүмкін.

Адам өз мамандығы аясында ғана жетік болуы, бірақ қарым-қатынас жасау жөнін білмеуі, өзін дамыту жолындағы міндеттерді жүзеге асыра алмауы мүмкін. Осыған орай оның мамандық жағынан жоғарғы құзыреттілігін, ал әлеуметтік, жеке тұлғалық жағынан құзыретінің әлсіз, төмен екенін белгілеуге болады.

Жоғарыда сипатталған құзыреттіліктің әр түріне кәсіпаралық жалпы компоненттердің мынадай түрлері енеді деуге болады:

- мамандыққа құзыреттілік – өндіріс процесін жоспарлауға қабілеттілік, компьютермен, оргтехникамен жұмыс істей білу техникалық құжаттамаларды оқу, қол машықтығы;

- жеке тұлға құзыреттілігі – өзінің еңбегін жоспарлауға, бақылауға және реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешім қабылдауға, үйреншікті емес шешімдер табуға (креативтілік), қисынды теориялық және практикалық ойлау; проблеманы көре білу, өз бетімен жаңа білім мен іскерлікті игеру қабілеті.

- дара құзыреттілік, жетістік мотвациясы табыстың қорлануы, өз жұмысының сапалы болуына ұмтылу, өзін-өзі мотивайиялауға қабілеттілігі, өзіне деген сенімі, оптимизм.

Маманның кәсіби құзыреттілігі оның жоғары кәсіби нәтижелерге жетуі;

еңбегінің өнімділігі ғана емес, сонымен қатар оның еңбекке деген ішкі пікірінің болуы.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 18412 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...