Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Р үздіксіз білім берудегі білім берудегі дамытудың негізгі факторлары мен қағидалары



ҚР білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағыныщты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылды. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қарастыруға қажетті жағдай жасау көзделді.

Халыққа білім беру ісі нақтылы бір жүйемен жүргізіледі.

Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:

үйелмендік тәрбие;

мектеп жасына дейінгі тәрбие;

жалпы орта білім;

мектептен тыс тәрбие мен оқыту;

кәсіптік - техникалық білім;

орта арнаулы білім;

жоғары білім;

арнаулы білім мекемелері;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

қосымша білім.

Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі- білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады. Солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.

Білім беру ісін басқару мемлекеттік - қоғамдық сипатта болады.

Дүние жүзілік білім кеңістігіне кіру және халықаралық байланыс елімізде білім жүйесін жасауға мүмкіндік туғызады. Кадрлар дайындау мен білім мазмұнын анықтау және ондағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатындағы педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмыстарында әлемдік тәжірибелер енгізіліп, қолдау табуда. Жастардың дүниетанымы мен жеке басын қалыптастыруда мемлекетаралық келісім-шарттар жасасу негізінде кадрлар алмасу мен студент жастардың тәжірибе алмасуы кеңінен орын алып келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жастарға білім беру мәселесіне мемлекеттік тараптан аса үлкен мән беріліп келеді. Оған дәлел Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 11 қазан айындағы Жарлығы. Онда "ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" қабылданып, бүгінгі мемлекетіміздегі білім берудің мақсат-міндеттері және нақтылы мақсатты іс-шараларды жүзеге асырудың мерзімдері көрсетіліп берілді. Онда білім берудің мақсаты: "Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту" деп көрсетілген. Бағдарлама мазмұнында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары білім беру, жоғар білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде сапалы білім беруді жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Қорыта келе, Қазақстан Республикасындағы білім беруді белгілі бір жүйемен жоспарлау және жүзеге асыру білімнің сатылы және сабақтастықта дамуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасындағы білім берудің жүйесі заман ағымына қарай халықаралық талаптарға сай үнемі өзгеріп толықтырылып реттеліп отырады; Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі белгілі бір заңға және принциптерге негізделіп жүзеге асырылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2979 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...