Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халыққа білім берудегі ҚР "Білім туралы" заңының мәні



Мемлекетіміздің демократиялық жолды таңдап, даму барысында халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдай түбегейлі өзгеріп, соның салдарынан білім беру жүйесінің де қайта құрылуы қажетті болды. Бұл тұрғыда іске асырылып жатқан реформалар, алдыңғы жетістіктерге сүйене отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеуді қажет етуде. Осыған орай, білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, білім беру жүйесін жаңаша бағытта құрастыру өзекті мәселелерге айналды. 1992 ж., 1999 жыл білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары және де орта білімнің даму тұжырымдамасы, білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары бекітілді.

Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР білім беру туралы заң қабылданып, онда білім берудегі мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді.

Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:

ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.

Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.

Білімнің зайырлылығы.

Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

Оқыту мен тәрбиелеудәң бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.

Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.

Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2894 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...