Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кеуде мен қарынды басудан, суға кетуден туындаған өлім



Компрессиялық асфиксия кеудені және қарынды (ішті) басқанда қалыпты дем алу қимылдарын жасай алмайтындықтан дамиды. Кеуде және іш басылып қалатын жағдайлар мейлінше әртүрлі. Асфиксияның бұл түрінен туындаған өлімдердің көбшілігі кесірлі (бақытсыз) жағдайларға жатады. Ол көбіне құм немесе қиыршық тас алынатын орындарда (карьерлерде) топырақтың құлауынан, көліктік оқиға кезінде денені қатты заттардың арасында қысып қалғанда, қалың топтың арасында денелердің басылып қалуынан болады. Кеудені және ішті басу дем алудың шектелуіне немесе толық тоқтауына, сонымен бірге қантамыр-жүрек жүйесі қызметінің күрт бұзылуына әкеліп соғады.

Көбіне суға кетудің келесі түрлері жиі кездеседі:

1. аспирациялық (шын, сулы);

2. асфиксиялық (спастикалық, құрғақ);

3. рефлекторлық (синкопалдық).

Аспирациялық суға кету көбіне өкпеге міндетті түрде су кірумен және оның қанға енуімен сипатталады, сондай-ақ бұл кезде пайда болатын өзгерістердің сипаты белгілі бір дәрежеде судың тұздық құрамына байланысты болады.

Асфиксиялық суға кету – дем алу жолдарының рецепторларының судан тітіркеуіне байланысты рефлекторлық ларингоспазм туындайды және су өкпеге түспейді. Суға кетудің мұндай түрі көбіне құрамында әртүрлі химиялық заттардың қоспасы, құмы, басқа да салынды бөлшектері кездесетін лас суларға құлаудан пайда болады.

Тақырып бойынша әдебиет

1. В.Н. Крюков, Сот медицинасы, - Москва: «Норма», 2004

2. В.Л. Попов, Сот-медициналық сараптама, Анықтамалық, - Санкт-Петербург: «Питер», 1997 ж.

3. В.Л. Попов, Сот медицинасы: - Санкт Петербург: «Питер», 2002 ж.

4. Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама, -Алматы: - «Дәнекер», 2003 ж.

5.Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалау ережелері. 1998 ж. 04.05. №240 бұйрық.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 644 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...