Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тұзақпен буынудан, қолмен буындырудан, демалу жолдарын жат денелермен жабудан туындаған өлім



Тұзақпен буынғанда әдетте мойынның айналасы толығымен қысылады. Мойын әдетте қолмен немесе қандай да бір механизмнің көмегімен басылады. Өлімнің себебі мен генезі тұзаққа асылудағыдай.

Тұзақты мойынға әртүрлі түйіншектермен бекітеді, жылжымалы түйіншектері бар тұзақтар байлаған соң босаңқырап кетуі мүмкін. Тұзақ тікелей мойынға байлануы немесе бас үстінен салынуы мүмкін, тұзақтың мойында орналасуы әртүрлі болуы мүмкін, кейбір кезде оның орамалары иек, ауыз арқылы өтеді (жүген деп аталады). Өлімнің туындауына мойынның алдыңғы және қыр жақтарына тұзақтың әсер етуі себеп болады. Тұзақ бос шеттерінен (шетінен) тарту арқылы және бұрау арқылы тартылып байланады. Тұзақпен буындыру көбіне өз-өзіне қол сұққанда, кісі өлтіргенде жиі, ал кесірлі (бақытсыз) жағдайларда сирек кездеседі.

Қолмен қылқындыру (буындыру) -әрқашан кісі өлтіру! Мойынды қылқындыру әдетте бір қолмен алдыңғы жағынан немесе екі қолмен артқы жағынан жасалуы мүмкін. Ұйқы артериясын, жоғарғы көмейлік және қаңғыма жүйкелерді (нервті) буындыру қолмен қылқындыруда өлім туындауының негізгі шешуші факторы болып табылады. Мойын органдарын буындыруда жалпыасфикциялық белгілер дамиды, олар мәйітке сыртқы және ішкі зертеулер жүргізгенде көрінеді. Мойынды қолмен қылқындыруда механикалық асфикциялардың басқа түрлеріне қарағанда тіласты сүйегінің және көмей шеміршегінің сынуы бірге жүреді. Өлім қаңғыма немесе қайтарымды жүйкенің тармақталуы, каротидтік синустың әсерінен, әсіресе жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын тұлғаларда, жүректің рефлекторлық тоқтап қалуынан туындауы мүмкін. Әдебиетте мойын ауданын соғудан немесе өз қолымен, не қолдарымен мойнын буындырудан өлімнің туындауы туралы жағдайлар сипатталады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 887 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...