Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банк табыстылығын ескере отырып оның өтімділігін талдау



Өтімділік банк пайдалылығымен байланысты. Банктердің өтімділік менеджменті облысындағы рационалды саясаты оның тәуекелі мен пайдалылығы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етумен айқындалады. Бұл - жақын болашақтағы тепе-теңдік, немесе қысқамерзімді тепе-теңдік деп аталады. Ол өтімділік пен пайдалалылық арасындағы қатынаспен анықталады. Өтімділік неғұрлым жоғары болса, күтілетін пайда мен жоғары болады және тәуекел міндетті түрде орын алады. Алыс болашақтағы тепе –теңдік немесе ұзақмерзімді тепе-теңдік – бұл өтімділік неғұрлым жоғары болса, банктің қаржылық жағдайы соғұрлым мықты екендігін көрсетеді. Және керісінше өтімділік неғұрлым төмен болса, соғұрлым банктің төлемдік қабілеттілік көзқарас тұрғысынан тұрақтылығы төмен болады.

Сондықтан банктік өтімділігі мен пайдалылығын талдау кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Коммерциялық банктер жеке коммерциялық кәсіпкерлік түріне жататындықтан, олардың қызметі өтімділік пен қауіпсіздіктік шектеулі жағдайы барысында жеткілікті пайданы ала алатындай болуы тиіс.

Пайда банктің жұмысының нәтижелілігінің басты көрсеткіші болып табылады. Пайдалылықты өтімділікпен байлагныстырып, сандық және сапалық бағалау банктің қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін бағалау мақсатында жүргізіледі. Пайда банкке клиенттерге көрсететін қызмет көлемі мен сапасын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа капитал кірістіру үшін қажет. Егер банк жүйесінде капиталға табыс басқа саллармен салыстырғанда төмен болса, онда капитал басқа анағұрлым пайдалы сфераларға ағады.

Банктік пайда экономикалық процесс қатысушыларының барлығы үшін маңызды. Банк акционерлері пайдаға аса көңіл бөледі, себебі пайда олар үшін ивнестицияланған капиталға табысты сипаттайды, яғни тәуекел үшін сый-ақы болып табылады. Банк пайдасы оның салымшылары үшін пайдалы, себебі резервтердің ұлғаюына және қызметтердің сапасының жоғарылауына байланысты салымшылардың депозитерге салған салымдардың қайтару кепілі болады. Қаржы қарыз алушылар да жанама түрде банк пайдасының жеткілікті болуына қызығушылық танытады. Себебі банк оларға кез келген уақытта ссудалар бере алады. Осыған байланысты коммерциялық банктер жеткілікті пайдана өз өтімділігін сете сақтай отырып алып отырғаны маңызды.

Пайдалылық көрсеткіштері өтімділік көрсеткіштері сияқты реттеуші органдармен бекітілмейді. Бірақ мұндай органдар банк пайдалылығына жанама әсер ететін келесі көрсеткіштермен: міндетті талаптар нормаларымен, ҰБ қайтақаржыландыру ставкасымен, салық саясатымен, салымдардың түрлері бойынша пайыздық ставкаларды шектеумен ықпал етеді.

Банк пайдалылығын өлшеу үшін шетел тәжірибесінде және біздің банктерде бірнеше көрсеткіштер пайдаланылады: Оның бірі ретінде – пайданың активтерге қатнасы есептеледі. Бұл көрсеткішті актвитер рентабельділігі деп атауға болады. Бұл көрсеткіш бойынша банктің инвестициялық саясатыныңы тиімділігі жөнінде баға беруге болады.

Кесте – Пайда нормасының жиынтық активтерге қатнасы және өтімділік коэффициенті (1997 ж. 01.01.)

Банктер Салық төлеуге дейінге пайда, млн тенге Активтер, млн тенге Пайда нормасы, пайызбен Өтімділік коэф.,пайызбен
Казкоммерцбанк 800,3 20149,6 3,97 30,2
Агропромбанк 130,4 4272,8 3,05 42,6
Темирбанк 510,8 2798,9 18,25 82,6
Коныратбанк 7,6 111,6 6,8 152,6

Кестеде салық төлеуге дейінге пайда алынған. Кестеден көріп отырғанымыздай, барлық банктерде өтімділік жоғары.

Пайдалылықтың төменгі деңгейі ең алдымен оның басшылығының консервативті несие және инвестициялық саясатты жүргізетіндігін туралы айтады, екіншіден, үлкен операциялық шығындардың орын алғандығын, үшіншіден, депозитердің түрлері арасында оптималды қатынастың болмауын, яғни несиелеуге және бағалы қағаздар сатып алуға салынған ресурстар арасындағы тиімсіз қатнастың орын алғандығын көрсетеді.

Ал бұл көрсеткіштің жоғарғы деңгейі активтер мен пассивтердің басқару тиімділігінің нәтижесі болып табылады, яғни банк ресурстарының негізгі бөлігі жоғарғы табысты активтерге орналасқандығын және депозитердің түрлері арасында оптималды қатынастың болуын көрсетеді.

Пайдалалықты сипататушы көрсеткіштің бірі ретінде СПРЭД пайдаланылады. СПРЭД – бұл табыс әкелетін активтерден алынған пайыздың орташа деңгейімен және банк міндеттемелері бойынша төленетін пайыздың арасындағы айырмашылық болып табылады. Яғни

СПРЭД = (пайыздық табыстар / табыс әкелетін активтер) - (пайыздық шығындар / пайыздар төленетін банк пассивтері)

Таза пайыздық маржа – бұл пайыздық табыстар мен пайыздық шығындар арасындағы айырмашылықтың жиынтық активтерге немесе табысты активтерге қатынасы болып табылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 625 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...