Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 8– Несиелендіруді қаржыландыру құрылымын талдау



Мақсаты: Студенттерді несиелендіруді қаржыландыру құрылымын талдаудың негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

1. Несиелендіруді қаржыландыру құрылымы.

2. Несиелендірудің жалпы көлемі ішіндегі әрбір ссуда түрінің салмағын есептеу.

3. Банктің меншікті және тартылған (қарызға алынған) қаржыларының орналасу оперативтігі.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: меншікті қаржылар, активтер, ссуда активтері, тартылған қаржылар, несиелік қаржылар, валюта балансы, тиімділік коэффициенті және т.б.

Несиелендіруді қаржыландыру құрылымы несиелендірудің жалпы көлемі ішіндегі әрбір ссуда түрінің салмағын есептеп шығарумен анықталады. Талдау, жекелеген экономикалық контрагенттерге берілген қысқа мерзімдік несие сомасын қысқа мерзімдік ссудалардың жалпы сомасымен салыстыру жолымен жеке – жекелеп жүргізіледі. Осы сияқты талдауды ұзақ мерзімдік ссудалар бойынша да жзүргізеді.

Сонымен қатар несиелердің жалпы көлеміндегі қайтарылу мерзімі өткен ссудалардың да үлес салмағы анықталады. Біртұтас активтер ішіндегі процент түрінде табыс әкелетін ссуда активтерінің орташа қалдығының үлес салмағы мына формула бойынша есептелінеді:

Ссуда активтері / Активтер; және несие қаржыландырудың 0,8 мағынасы бойынша банк жұмысына баға беріледі.

Талдау жүргізілген мерзім аралығындағы несие қаржыландырудың өзгерісі былайша сипатталады – Тр (өсу қарқыны).

Есептік мерзімдегі ссуда активтерінің орташа қалдығы

------------------------------------------------------------------ 100%

өткен жылдағы ссуда активтерінің орташа қалдығы

және банк қызметі бойынша қорытынды жасалынады. Өсу қарқынының тежелуі банк позициясын жоғалтуға және оның нарықтан басқа бәсекелес институттардың ығыстырылуымен, шығып қалуына келтіреді. Ссуда активтерінің орта қалдықтарының өсу қарқынымен салыстырып, озу коэффициенті анықталады және оның мағынасы бойынша несиелендіру операциялары аумағында банк жұмысының белсенділігі туралы қорытынды жасалынады:

К = ссуда активтерінің өсу қарқыны / активтер сомасының өсу қарқыны

Талдау кезінде банктің меншікті (тартылған) қаржыларының орналасқандығын сипаттайтын ІІ – тараудағы қарастырылған көрсеткіштер пайдаланылады:

Эмен/қар = меншікті қаржылар / несиелік қаржылар

Этар/қар = тартылған қаржылар / несиелік қаржылар

Бұл коэффициенттер бір теңге несиелік қаржыларға қаншалықты меншікті (немесе тартылған) қаржы келетіндігін білдіреді. Мысалы:

Кесте 3.1. - Несиелік қаржыларың құрылымын талдау





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 759 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...