Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 15– Екінші деңгейлі банктердің өтімділігін талдау әдістемесі



Мақсаты: Студенттерді екінші деңгейлі банктердің өтімділігін талдау әдістемесі бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

1. Банк өтімділігін басқару теориясы

2. Шетел тәжірибесінде пайдаланылатын банк өтімділігін талдау әдістемесіне шолу

3. Өтімділік көзқарасы тұрғысынан банк қызметін талдау

4. Банк табыстылығын ескере отырып оның өтімділігін талдау

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: банк өтімділігі, активтер, пассивтер, ағымдық өтімді активтер, міндеттемелер, Ностро шоттарындағы қаржылар, Лоро корреспонденттік шоттарындағы қаржылар, депозиттер, генералдық коэффициент, СПРЭД, пайыздық табыстар мен пайыздық шығындар және т.б.

Банк өтімділігін басқару теориясы. Өтімділікті басқару теориясы коммерциялық банктердің пайда болуымен және дамуымен бір уақытта пайда болып дамыды. Банк өтімділігі сұрағы алдымен екі теориялық тұжырымдамадан тұрды. Біріншісі – банк активтері құрылымы мерзімдері бойынша оның пассивтері құрылымына сәйкес болуына негізделді. Ал бұл тәжірибе жүзінде коммерциялық банктердің өз өтімділігін басқарудың белсенді саясатын жүргізу мүмкіндігін бермейді. Бұл теориялық негізде «банктің алтын ережесі» деп аталатын ережесі дайындалды, онда банктің қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімдері оның міндеттемелерінің мөлшері мен мерзімдеріне сәйкес болуы айтылды.

Екінші теориялық тұжырымдамабаланс активтері мен пассивтері құрылымының нақты сәйкессіздігіне негізделді, себебі бірде бір қуатты коммерциялық банктің өзі әлеуметтік-экономикалық өмірде болып тұратын қаржылық-несиелік құбылыстардың теріс ықпалдарынан – экономикалық күйреулер, банкроттылықтар, ссудалар бойынша төлемсіздіктер, ақша қаржыларының ссудалық капиталдарының, бағалы қағаздардың нарқында сұраныс пен ұсыныстың конъюнктурасы және басқа нарықтық қатынастардың тұрақсыздығының құбылыстарынан сақтандырылмаған. Мұндай құбылыстар жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшіп жатқан елдер үшін сипаттас.

Аталған бұл қиындықтар банк басшылығынан өтімділіктің белгілі бір деңгейін ұстап тұру үшін тұрақты қамқорлығын талап етті. Коммерциялық банктердің тұрақты қызметінің бұл базистік шарттарын қамтамасыз ету - банк активтері мен пассивтерін басқару, яғни баланс құрылымын басқару мүмкіндігі арқылы өтімділік мәселесін шешудің объективті қажеттілігін тудырды.

Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің эволюциялық өзгерістерінің процесінде, банк ісіне әлемдік тәжірибесіне қатынасының күрделілігі процесінде банктердің өтімділігі сұрағының екінші тұжырымдамасы әрі қарай екі негізгі бағыттарда дами бастады: коммерциялық банктердің активтерін басқару теориясы және пассивтерін басқару теориясы.

Қазіргі таңда активтерді басқару теориясы үш әдіснамалық бағыттарға негізделген:

Біріншісі – коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқамерзімді ссудаларда орналасып, өзуақытылы жабылып отырса. Бірақ берілген анықтама кейбір батыс елдерінің банктік заңнамалық актілерінде бейнеленгенмен, ол өтімділікті тек қалыпты экономикалық даму барысында ғана қамтамасыз етеді, бірақ экономикалық құлдырау жағдайында өтімді активтер қатты қажет болған жағдайларда қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар бұл бағыт дамушы экономика жағдайларында қысқамерзімді ресурстарға қажеттілігін және банк салымдарының тұрақтылығы немесе тұрақсыздығын ескермейді.

Екіншісі -коммерциялық банк өтімді бола алады, егер оның активтерін басқа кредиторларға немесе инвесторларға нақты қолма қол ақшаға алмастыруға немесе сатуға мүмкіндігі болса. Тәжірибе жүзінде өтімді ресурстар көзі ретінде қолма қол ақшаға жылдам айналдыруға болатын бағалы қағаздардың жекелеген түрлері есептеледі. Мұндай бағалы қағаздар банк ісінін әлемдік тәжірибесінде «екінші кезектегі резервтер» деген атқа ие болды.

Үшіншісі – коммерциялық банк өтімділігін жоспарлай алады, егер несиені жабудың төлемдері графигі негізіне қарыз алушының болашақ табыстары алынса. Сонда банк өтімділігіне сатылық тиімділік көмегімен инвестициялар мен несиені жабу мерзімдерінің құрылымын өзгерте отырып ықпал етуге болады.

Бұл үш бағытқа активтерді басқару теориясының үш түрі сәйкес келеді: коммерциялық ссудалар, ауыстыру және күтілетін табыс.

Пассивтерді басқару теориясы келесі екі тұжырымдамаға:

  1. Банк өтімділік проблемасын қосымша ақша қаржыларын оларды капитал нарқында сатып ала отырып, кірістіру жолымен шеше алады. Бұл тұжырымдама батыс елдерінде практикалық қолдануын тапты. Біздің ірі банктер Казкоммерцбанк пен Халық банкі өз акцияларын Батыстың капиталдары нарқына орналастыру жолдарын іздестіруде.
  2. Коммерциялық банк өз өтімділігін мемлекеттік резервтік жүйедегі немесе банк-корреспондентердің ақшалай қаржылардың кең көлемдегі займдарымен, сонымен қатар евровалюта нарқында алатын займдармен қамтамасыз ете алады.

Тәжірибеде коммерциялық банктердің өтімділігіне қатысты теориялық тұжырымдарды іске асыра отырып, активтер мен пассивтерді басқара отырып банктер тұрақты түрде пайдалылық, өтімділік пен төлемдік қабілеттілік арасында баланстты қамтамасыз етуі тиіс.

Банктер кейбір күтпеген жағдайларда өз өтімділігін қамтамасыз ете алмайтын жағдайға түскен кезде төлемдік қабілетсіз болып қалуы мүмкін, нәтижесінде банкрот болуы да мүмкін. Сондықтан коммерциялық банктердің өтімділігін басқару сұрағының принципиалды мәні мен маңызы бар және банк ісінің әлемдік тәжірибесінде маңызды мәселердің біріне жатады.

Өтімділікке қажеттілік банк ссудалары мен депозитерінің (салымдарының) сипатымен анықталады, ссудаларды таңдау ақша қаржыларының шамасына байланысты. Өз кезегінде депозиттерді тарту банктің инвестициялық мүмкіндіктеріне байланысты. Бұл барлық факторлар өзара байланысты және «коммерциялық банктің портфелін басқару» деген ат алған коммерциялық банктердің өтімділігін басқарудың біртұтас стратегиясымен біріктірілген. Бұл банк актвитері мен пассивтерін басқару табыстылық, төлемдік қабілеттілік және өтімділік мақсаттарына қол жеткізуді білдіреді.

Коммерциялық ссудалар теориясы ағылшын банк тәжірибесінен алынған. Ол 18 ғасырда Ұлыбританияда пайда болды. Бұл теорияның жақтаушылары коммерциялық банк өз өтімділігін сақтау үшін өз активтерін, іскерлік белсенділіктің қалыпты жағдайы барысында өзуақытылы жабылатын, қысқамерзімді ссудаларға орналастыруы қажет. Басқаша айтқанда, банктер өндірістен тұтынушыға тауарлар қозғалысының кезекті кезеңдерін қаржыландыруы қажет. Біздің уақытта бұл ссудалар тауарлық запастарға немесе айналым капиталын толтыруға бағытталған ссудалар деген атауға ие.

Бұл теорияға сәйкес банктер тек коммерциялық ссудалар беруі тиіс, яғни өндірушіден тұтынушыға тауарлар қозғалысын несиемен қамтамасыз ету. Өндіріс кезеңінде және тұтыну кезеңінде несиелеу жүзеге асырылмайды. Ссудалар қысқамерзімді сипатқа ие болады және мерзімі бойынша банктегі ресурстар негізгі массасына сәйкес келуі тиіс. Ссудалардың өзуақытылы қайтарылуы банктің өз міндеттемелерін бекітілген мерзімде жабуымен қамтамасыз етіледі. Банк қызметі вексель айналымына негізделеді.

Бұл теорияның негізгі үш кемшілігі бар:

− Біріншіден, бұл теорияның кемшілігі болып оның дамушы экономиканың несиелік қажеттіліктерін ескермеуі болып табылады, ол экономиканы несиелеу мүмкіндігін шектемейді, кәсіпорындардың ұлғаюына, жабдықты, ғимарат, мал, жерді сатып алуды банктерге қаржыландыруға тыйым салынды. Бұл бәсекелес өзаражинақтаушы банктер, ссудалық-жинақтау ассоциациялары, тұтынушылық несие қаржылық компаниялары мен несиелік одақтар сияқты қаржылық институттардың дамуына ықпал етті.

− Екінші кемшілігі, ол банк салымдарының салыстырмалы тұрақтылығын ескермеу болып табылады. Тәжірибеде барлық салымшылар біруақытта өз қаржыларын ала алмайды, сонымен қатар салымның алынған бөлігі банкке салынған қаржымен бірге толықтырылады. Сондықтан банк салымдарының белгілі бір қалдықтары салыстырмалы тұрақты, ал бұл банкке өз қаржыларын ұзақмерзімге өз өтімділік үшін қауіпсіз орналастырға мүмкіндік береді.

− Үшінші кемшілігі қысқамерзімді өзін өзі жоюшы коммерциялық ссуда экономикалық құлдырау жағдайында өтімділкті қамтамасыз етеді. Бұл мерзімде тауарлық запастар мен дебиторлық қарыздың айналымы бәсеңдейді және қарыз алушылар ссуданы мерзімінде жабуға қиынсынады. Егер де жекелеген банктер қаржыларын өзін өзі жоюшы ссудаларға орналастыра отырып, өз өтімділігін сақтай алса, онда банктік жүйе қиын уақыттарда өтімді қаржыларының жеткіліксіздігі н сезінеді. Коммерциялық ссудалар теориясы ө маңыздылығын қазірде де жоғалтқан жоқ. Оның бір себебі – қысқамерзімді несиелерге негізделген құрал - коммерциялық вексель оның келесі ауысу теориясымен байланысын қамтамасыз етті.

Ауысу теориясы. Банк жүйесінің, банкаралықоперациялар өсімі мен ссудалық капиталдар нарқының потенциалының қазіргі заманғы дамуы банктер арасында активті операцияларды орналастыруын жеңілдетті. Банктің өтімділігінің жаңа теориясы негізіне – ауысу теориясы - қайта қаржыландыру техникасы енді. Бұл теория келесіні тұжырымдайды: қаржыларды басқа кредиторлар немесе инвесторларға қолма қол ақшаға беруге немесе ауыстыруға мүмкіндік болуы.

Ауысу теориясының мәнісі банк қаржыларының ұзақмерзімді орналасуын қысқамерзімге кірістірілген ресурстар есебінен жүзеге асыру болып табылады. Мұнда банк қолма қол ақша қажет болған жағдайда берген ссудалардың қайтарылуын күпейді, бағалы қағаздарының бір бөлігін сатады немесеқайта есептейді, осылайша өз өтімділігін қамтамасыз етеді. Берліген жағдайда банктер аквтивті және пассивті операциялар дамыту мүмкіндігіне ие болады. Қажет жағдайда банктер өзінің активті операцияларының (бағалы қағаздарға салымдар) бір бөлігін басқа банкке бере отырып талап етілген ақшаны ала алады. Егер тауарлық-материалдық құндылықтарға (нарықтық бағалы қағаздар) ссудаларды қамтамасыз ету үшін берілген несиелер өзуақытылы жабылмаса, нарықта қолма қол ақшаға сатылуы мүмкін, ссуда қаржыларына қажеттілік жағдайында орталық бакнте қайтақаржылануы мүмкін.

Бұл теория банктің активті операцияларының (жоғарғы сапалы бағалы қағаздар) тұрақты болуын талап етеді.

Күтілетін табыс теориясы. Бұл теорияға сәйкес банк өтімділігін жоспарлауға болады, егер несиелерді жабудың төлемдері графигі негізінде қарыз алушының болашақ табыстары жатса, сондай-ақ егер банктер бағалы қағаздар портфелін әр түрлі төлем мерзімдерімен қалыптастыра алса. Мұнда олардан түсетін түсімдерден алынатын табыстар мөлшері алдын ала болжануы тиіс.

Шетел тәжірибесінде пайдаланылатын банк өтімділігін талдау әдістемесіне шолу. Шетелдің банктік жүйесінде өтімділікті басқару негізіне жоғарыда қарастырылған төрт теорияның бірі жатыр. Коммерциялық ссудалар теориясы негізгі принциптері мәнісі - банкке өз өтімділігін қамтамасыз ету үшін несиелеу процесінде өндірушіден тұтынушыға тауар қозғалысының кезектестірілген кезеңдерін ескеруі қажет. Бұл теория банк ресурстарын инвестициялауға немесе жылжымайтын мүлікке емес, тек қысқамерзімді ссудаларға орналастыру активтердің қолма қол ақшаға айналуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды, яғни банк өтімділігін қамтамасыз етеді.

Бұл теория Ұлыбританияда өтімділіктің бірінші көрсеткішін есептеу әдістемесіне негізделген.

Кл = Дисконты нарықта қаржыларды орналастыру * 100% ≥6%

Қысқамерзімді талап етілген міндеттемелер

Өтімділік коэффициенттің алымы негізінен банктің қарыз алушыға берген қысқамерзімді ссудалар н, сондай-ақ банктің нақты қолма қол ақша ресурстарын білдіреді. Формуланың бөлімінде талап еткенге дейінгі салымдар, банкпен алынған қасқамерзімді ссудалар, басқа қысқамерзімді міндеттемелері бейнеленген.

Бұл коэффициент банктің қаржыларын жылдам қайтаруын жүзеге асыруды білдіреді. Оның нормативті деңгейі 6% және одан жоғары. Яғни ағымдық активтер ағымдық пассивтерден 6%-дан төмен болмауы тиіс.

Ағымдық өтімділікті бағалау үшін екінші коэффициент қолданылады.

Ктл = ағымдық өтімді активтер

Міндеттемелер

Коэффициент банктің клиенттерінің шоттарынан қаржыларды жылдам қайтару қабілетілігін айтамыз. Формуланың алымында орталық банктегі резервтер, басқа банктердегі ағымдық шоттардағы қаржы қалдықтары, онкольды ссудалар, мемлекеттік бағалы қағаздар, қарыздық міндеттемелер, облигациялар, депозиттік сертификаттар, т.б.бейнеленеді. Ал бөлімінде талап еткенге дейінгі депозиттер, жедел жиқатау салымдары, банкке берілген қысқамерзімді ссудалар бейнеленеді. Коэфифиценттің минималды деңгейі орталық банкпен бекітіледі. Ол банкпен берілген несиелер портфелімен бірге қарастырылады. Егер портфельде төменгі деңгейдегі тәуекелді қысқамерзімді неиселер үлесі үлкен болса, онда банк үшін коэффииценттің төменгі деңгейі тағайындалады.

Банктер үшін ағымдық коэффициенттің тағы бір көрсеткіші банкаралық нарықтағы банк қызметімен байланысты қалыптасқан банкаралық қорлар үлесін өлшеу үшін пайдаланылады.

Ктл = банк-корреспонденттердегі Ностро шоттарындағы қаржылар_____

Берілген банктегі Лоро корреспонденттік шоттарындағы қаржылар

АҚШ тың банк жүйесінде тәжірибесінде әр түрлі банктердің өтімділігін бағалаудың қатаң формулалары қарастырылмаған. Банк жұмыс жасайтын нарыққа байланысты, немесе банк түріне, типіне байлансыты, банктің көрсететін қызмет түрлеріне, мазмұнына байланысты өтімділікті талдау жолдары да өзгеріп отырады.

Сонымен қатар коммерциялық банктердің өтімділігін бағалауда пайдаланылатын бірқатар көрсеткіштерді атап кетуге болады:

− Депозиттердің тұрақтылық деңгейі. Депозиттердің ішінде тұрақты бөлігінің болуы банк өтімділігін жоғарылатады. Оларды негізгі деп санайды. Депозиттердің бұл бөлігі банктің қарамағында қолында тұрақты болады. Негізгі депозиттер талап еткенге дейінге салымдардың ішінде де, жедел және жинақтау салымдарының ішінде де болуы мүмкін.

АҚШ тәжірибесінде егер депозиттер сомасында негізгілері 75%дан төмен болмаса, қалыпты деп саналады. Мұнда ағымдық және есеп шоттарда -35% негізгі депозиттер, жинақтауда -25%, жедел шоттарда -15% болуы тиіс.

− Пайыздық ставканың өзгерісіне сезімтал қорлардың сенімділік деңгейі. Мұндай қорларға жедел және жинақтау салымдарын жатқызамыз. Сондықтан барлық депозиттердің динамикасы талданады. Жедел және жинақтаушы салымдар анағұрлым қозғалыста көп болады және пайыздық ставканың өзгерісіне сезімтал.

− Активтердің қолма қол ақшаға жылдам айналу қабілеттілігі. Активтердің бұл қабілеттілігі динамикада бағаланады және келесі формуламен анықталады:

Кл = өтімді активтер/активтердің жалпы сомасы

Формуланың алымына кассадағы қаржы, корр.шоттағы қаржы, валюталық шоттағы қаржы, жолдағы ақша, басқа банктердегі корр.шоттардағы ақша жатады. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өтімділік жоғары болады, бірақ табыстылық төмен болады.

− Ақша нарықтарының мүмкіндігі (доступность). Бұл көрсеткіш қарыз алудың жиілігімен, қаржыларды кірістіру себептерімен, банкаралық несие бойынша пайыздармен, сонымен қатар басқа банктерден алынған ссудалар қатынасымен және кірістірілген қаржылардың жалпы сомасымен сипатталады. Бұл көрсеткіштер динамикада талданады.

− Активтермен және пассивтермен басқару тиімділігі. Ол динамикада ссудалар мен депозиттер арасындағы қатынасы – бір жағынан, және басқа банктерден кірістірілген қаржылардың жалпы кірістірілген қаржылардың сомасына қатынасы – екінші жағынан зерттеліп бағаланады. Банк өтімді болады, егер кірістірілген несие сомасы төмен болса және ссудалар мен депозиттер қатнасы оптималды болса.

− Өтімділікті сақтау бойынша барлық жоспарланған шаралардың орныдалуы.

АҚШ тың жеке банкілері келесі көрсеткіштерді пайдалануды ұсынады:

А) қысқамерзімді активтер – ірі міндеттемелер /активтердің жалпы сомасы

В) ұзақмерзімдегі ірі депозиттер / активтердің жалпы сомасы

АҚШ-та қысқамерзімді ссудалар теориясына негізделген өтімділік көрсеткіші жергілікті федералдық банктердің резервтері болып табылады. Сонымен қатар АҚШта өтімділікті бағалаудың нақты критериалды көрсеткіштері жоқ. Ол жоғарыда аталған көрсеткіштердің динамикадағы тенденцисын талдаудан шығатын қорытындыларға негізделеді.

Францияда өтімділік көрсеткіші қысқамерзімді ссудалар теориясына, запастар мен орналастыру теориясына негізделеді. Мұнда формуланың алымында құрамына қолма қол ақша кіретін, эмиссилаушы банктердің талап еткенге дейінгі есеп шоттары кіретін, қазынашылықтағы, пошта бөлімдеріндегі ақша қаржылары, мерзімі 3 айға дейінгі ссудалар кіретін өтімді активтер бейнеленеді. Ал бұл формуланың бөлімінде банктерден және клиенттерден талап еткенге дейінгі кірістірілген қаржылары, банктер мен клиенттерден мерзімі 3 айға дейінгі депозиттері, жинақтау есеп шоттарының 50%, облигациялар бейнеленеді.

Бұл коэффициент мәні 60%дан төмен болмауы тиіс. Қысқамерзімді өтімділік көрсеткіші келесі формуламен анықталады:

Ккл =

Мұндағы ЛС – актив бойынша өтімді қаржылар, С- пассив бойынша талап еткенге дейінгі қаржылар, П – кірістірілген және мерзімі 3 айға дейінгі орналастырылған банк депозиттері арасындағы айырма.

Бұл коэффициент актив бойынша өтімді қаржылардың (кассадағы қолма қол ақша, орталық және басқа банктердегі ағымдық есеп шоттар, ұсынылған несиелер бойынша мерзімі 3 айға дейінгі вексельдер, сыртқы сауда үшін ранцуз сақтандыру компаниясының кепілдігімен экспорттық несиелер) және пассив бойынша талап еткенге дейінгі қаржылар (ағымдық шоттар, жинақтау шоттары) плюс кірістірілген және мерзімі 3 айға дейінгі орналастырылған банк депозиттері арасындағы айырма көрсеткіштері арасындағы қатынасты сипаттайды.

Орташамерзімдік өтімділік көрсеткіші мерзімі 2 жылдан жоғары ресурстар (Р) мен мерзімі 2 жылдан жоғары мерзімге орналастырылған қаржылар арасындағы (С) қатынасты сипаттайды.

Корт =

Мұндағы Р – мерзімі 2 жылдан жоғары ресурстар - меншікті қаржылар, жинақтау шоттары, алынған несиелер, депозиттер;

С - мерзімі 2 жылдан жоғары мерзімге орналастырылған қаржылар.

Францияның банкілері үшін өтімділік көрсеткіштері 2 басты аспектіге ие. Өтімділік көрсеткіші алдағы айға активтермен банк міндеттемелерін 1 айдың ішінде 100% жабуын қарастыруы қажет. Алдағы жылға өтімділікті болжамдау оның максималды мәнін анықтауды қарастырмайды, бірақ сәйкес ресурстар мен талаптар жөнінде деректерді қамтиды.

Германияда банктердің өтімділікті бағалау үшін негізгі 3 формуланы пайдаланады, олар қысқамерзімді ссудалар теориясына, орналастыру теориясына негізделген.

Формула А – бұл А1 активтер мен П1 пассивтер арасындағы қатнас, яғни КЛ 1 / П1

Мұнда А1 – құрамына 4 жыл және одан жоғары мерзімге банктер және банктік емес ұйымдарға талаптар кіреді; П1 – құрамына меншікті қаражат, 4 жыл және одан жоғары мерзімге банктер және банктік емес ұйымдар алдында тұрған міндеттемелер, мерзімі 4 жылға дейінгі банктік емес ұйымдар алдындағы міндеттемелердің 10%, жинақтау салымдарының 60%, зейнетақы қорына бөлудің 60% кіреді.

Формула Б – А22 – мұндағы А2 – мерзімі 3 айдан 4 жылға дейінгі банктерге талаптар, банктік емес ұйымдарға мерзімі 4 жылға дейінгі талаптар, сатып алынған вексельдер. П2 – мерзімі 3 аға дейінгі банктер алдындағы міндеттмелердің 10%, мерзімі 3 айдан 4 жылға дейінгі банктер алдындағы міндеттемелердің 50%, жинақтау салымдарының 20%, мерзімі 4 жылға дейінгі банктік емес ұйымдар алдындағы міндеттемелердің 60%, А формуласынан активтерді қамтиды.

Формула В - А33 – мұнда А3 - фирмаларға, жеке тұлғаларға, шетел мемлекеттік ұйымдарға талаптар; фирмаларға, жеке тұлғаларға, шетел мемлекеттік ұйымдарға вексельдік несиелер; шетел банкілеріне вексельдік несиелер мен талаптардың 50%. П3 – меншікті қаражат.

Бұл формула бойынша есептелген банктің орналастырылған қаржылары көлемі оның меншікті қаржыларының 18-еселік көлемінен жоғары болмауы тиіс, яғни

КЛ = А33 < 18 есе.

Ресейде «Ресей Федерациясының Орталық Банкі жөніндегі» федералды заңында Ресей Банкі несие ұйымдары үшін өтімділіктің нормативтік мәнін бекітетіндігі айтылған. Ол активтер мен пассивтердің мерзімін, сомасын, типтерін және басқа факторларын ескере отырып, оның активтерінің пассивтеріне қатынасы ретінде, сонмыен қатар өтімді активтердің жиынтық активтерге қатынасы ретінде анықталады. Өтімді активтерге қолма қол нақты ақша қаржылары, талап еткенге деінгі талаптар, қысқамерзімді бағалы қағаздар, басқа жеңілөткізілетін актвитер жатады.

ҰБ коммерциялық банктер үшін бірқатар нормативтер бекітеді. Ондай нормативтерге Н2 жатады, ол өтімді активтер сомасының талап еткенге дейінгі және мерзімі 30 күнге дейінгі есеп шоттар бойынша міндеттемелер сомасына қатнасы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш ағымдық өтімділікті сипаттайды. Оның минималды деңгейі 0,2 ден төмен болмауы тиіс.

Келесі норматив – бұл Н3 – банктің сәттік өтімділігі (мгновенная) жоғарғыөтімді активтердің жылдам айналатын талап еткенге дейінгі депозиттерге қатнасы ретінде анықталады. Оның критериалды деңгейі 0,1 құрайды. Жоғарғы өтімді активтерге негізінен қолма қол және қолма қол емес формадағы ақшалай қаржылар, Ұлттық банктегі және басқа банктердегі корр. шоттардағы қалдықтар, сонмыен қатар мерзімі 30 күнге дейінгі мерзімге берілген несиелер жатады.

Банктің ұзақмерзімді өтімділігін Н4 нормативі сипаттайды. Ол ұзақмерзімді несиелердің (бір жылдан жоғары) меншікті капиталға және 1 жылдан жоғары мерзімде жабылуы тиіс банк міндеттемелеріне қатынасы ретінде анықталады. Оның критериалды деңгейі 1,2 ден төмен болмауы тиіс.

Банктің өтімділік көрсеткіші ретінде Н5 нормативі есептелінді. Ол активтердің жалпы сомасындағы өтімді активтер үлесін сипаттайды. Оның критериалды деңгейі 0,1 ден төмен болмауы тиіс.

Сонымен шетелдің жетекші банктерінің өтімділігін бағалау және талдау әдістемесін қарастыру өтімділік банк жүесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету көрсеткіштерінің бірі болып табылатыны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мұнда барлық қаралған елдер Базель келісім шарты боиынша тиімді банктік қадағалаудың негізгі принциптерін жетектілікке алады.

Қазақстан банкілері үшін жоғарыдағы шетел және Ресей елдерінің тәжірибесін ескере отырып келесі банк өтіміділігін сипаттаушы көрсеткіштерді ұсынуға болады.

Кесте 1 – Банк өтімділігінің көрсеткіштер жүйесі

Көрсеткіш Формула Алымы Бөлімі Өтімділікті теориясына негізделеді
Капитал жеткіліктілігі көрсеткіші (К) Кс/Ар >0,08 Меншікті капитал Тәуекелділікті ескере отырып салмақталған активтер жиынтығы -
Ағымдық өтімділік көрсеткіші (КЛТ) ЛАт/От >0,2 Ағымдық өтімді активтер Ағымдық міндеттемелер Коммерциялық ссудалар, орналастыру теориясы
Сәттік өтімділік көрсеткіші (КЛМ) ЛАм/Ом Жоғарғы өтімді активтер Талап еткенге дейінгі міндеттемелер Коммерциялық ссудалар, орналастыру теориясы
Ұзақмерзімді өтімділік көрсеткіші (КЛД) Сд/К+О Ұзақмерзімді ссудалар Меншікті капитал+ мерзімі 1 жылдан жоғары депозиттер бойынша міндеттемелер Күтілетін табыс теориясы, пассивтерді басқару теориясы
Өтімділіктің генералдық басты өтімділігі ЛА+ЗК/СО   Өтімді активтер+ қорғалған капитал Жиынтық міндеттемелер Орналастыру теориясы, пассивтерді басқару теориясы
Базельдік келісім бойынша өтімділік көрсеткіші Д+Кмб+Лцб / А Ақша+ банкаралық несиелер+ өтімді бағалы қағаздар Барлық активтер Коммерциялық ссудалар, орналастыру теориясы
Активтердің қолма қол ақшаға жылдам айналу қабілеттілігі көрсеткіші ЛА/А өтімді активтер активтер Коммерциялық ссудалар, орналастыру теориясы
Сыртқы көздерге мүмкіндіктер Км /Об Банкаралық несиелер міндеттемелер Коммерциялық ссудалар, пассивтерді басқару теориясы
Депозиттердің тұрақтылық деңгеі Дстаб /Двсего Тұрақты депозиттер Депозиттердің жалпы сомасы Пассивтерді басқару теориясы

Банк өтімділігін талдау процесінде келесі міндеттер орындалуы тиіс:

Ø Нақты өтімділікті анықтау;

Ø Оның нормативке сәикестілігі;

Ø Нақты өтімділік мәндерінің оның ҚР ҰБ бекіткен нормативтік мәндерінен ауытқуына әкелген факторларды анықтау.

Коммерциялық банктің өтімділігін талдау көпөлшемді міндет болып табылады. Оны шешу барысында банк қызметінің әр түрлі жақтарына, оның қаржылық жағдайына талдау жүргізу қажет. Банк қызметінің кешенді экономикалық талдаудың негізгі бағыттарын көрсету үшін келесі схеманы келтіруге болады.

Сурет 2 – Банк өтімділігін кешенді зерттеу бағыттары

Банк өтімділігін талдаудың негізгі мақсаттары:

Ø Банк өтімділігі коэффициентері жүйесінің есебінің дұрыстығы мен толықтығын тексеру;

Ø Банк өтімділігі жағдайы жөнінде қорытынды жасау;

Ø Банк балансының өтімділігінің нашарлығы жөніндн куә болатын теріс нақты және потенциальдық тенденцияларды анықтау;

Ø Осы теріс тенденцияларды шақырған факторларды анықтау;

Ø Оның балансының өтімділігін талдау және тексеру нәтижелері бойынша банкке ұсыныстар дайындау.

Баланс өтімілілігн талдау капиталдың жеткіліктілігін бағалауға, ссудалық және депозиттік операциялардың диверсификациясына бағытталған.

Барлық коммерциялық банктер өз банкінің өтімділігін басқару үшін экономикалық нормативтік көрсеткіштерін есептеуді жүзеге асыру қажет.

Өтімділікті талдау капитал жеткіліктілігін анықтаудан басталады. Мұндай талдау негізі ретінде банктің меншікті капиталының сандық бағалануы есептеледі. ҚР ҰБ капиталдың жеткіліктілігі нормативін анықтаудың келесі формуласы ұсынылады: меншікті капиталдың тәуекелділікті ескергендегі салмақталған активтер жиынына қатнасы ретінде анықталады. Н1 = МК /Ар

ҚР ҰБ өтімділікті бағалаудың келесі схемасын ұсынады:

Кл= өтімді активтер / міндеттемелер

Ағымдық өтімділік коэффициенті Ктл – бұл банктің өтімді актвитерінің (ӨА) банктің талап еткенге дейінгі және мерзімі 30 күнге дейінгі есеп шоттары бойынша міндеттемелері жиынына (М) қатынасы ретінде анықталады.

Ктл = ӨА /М

Нормативтік мәні 0,2.

Кесте 1 – Казкоммерцбанктің ағымдық өтімділігін есептеу

Баланс баптары 01.01.96 01.01.97 01.03.97 01.10.97
Өтімді активтер        
Касса 632,6 1499,4 1451,4 1694,8
ҰБ шоттар 1198,5 1067,0 556,6 481,8
Банк-корреспонденттердегі қаржылар 408,5 1400,0 801,0 3107,5
Өтімді бағалы қағаздар 2115,5 3426,0 2060,0 3787,2
Монатерлық бағалы металдар - 11,6 - -
Жиыны 4355,1 7404,0 4870,0 9071,3
Банк міндеттемелері        
Талап еткенге дейінгі депозиттер 5535,4 9533,5 7919,8 7325,6
Жедел депозиттер 1280,0 1367,5 744,1 1638,5
ҰБ алдындағы қарызы   1765,1 736,0 2007,8
Банк-корреспонденттердегі шоттар (лоро) 2701,3 1815,2 1108,7 6144,8
Басқа қарыздар   1282,5 3970,0 1141,0
Басқа міндеттемелер - 48,5 43,2 185,1
Жиыны 10558,7 15812,3 14521,8 18442,8
Өтімділік коэффициенті ӨА/М 0,41 0,47 0,33 0,49
Жылдам өтімділік коэффициенті 0,26 0,30 0,29 0,31

Ағымдық өтімділік коэффициенті динамикасы көрсетіп отырғандай, ҚР ҰБ бекіткен нормативтік деңгейі 0,2 барысында Казкоммерцбанктің бұл көрсеткіші жоғарғы мәнге ие, яғни банк өз міндеттемелерін өз уақытылы орындауға қабілетті болып табылады.

Бұл көрсеткіштің жоғарғы деңгейіне келесі факторлар әсер етеді: кассадағы ақшалай қаржыларының жылдам өсуі, жылдам өткізілетін бағалы қағаздарға салынған қаржылар көлемінің жеткілікті жоғарғы деңгейі.

Банктің жағдайына жан-жақты объективті баға беру үшін ағымдық өтімділік көрсеткіштен басқада көрсеткіштер қолданылады. Олардың бірі ретінде – жылдам өтімділік коэффициенті (мгновенной ликвидности) есептеледі. Ол банктік жоғарғы өтімді активтерінің сомасының банктің талап еткенге дейінгі шоттары бойынша банк міндеттемелеріне қатнасы ерітнде анықталады. Кжө = ЖӨА/ М

Бұл көрсеткіш жоғарыдағы деректер бойынша келесі түрде анықталады:

ЖӨА –ге касса, ҰБ шоттар, банк-корр.-гі қаржылар жатады. Ал М - талап еткенге дейінгі депозиттер, ҰБ алдындағы қарызы, Банк-корреспонденттердегі шоттар (лоро) жатады.

Бұл көрсеткіш банк клиенттердің шоттарындағы қаржыларды меншікті несиелік ресурстар ретінде пайдалануын сипаттайды, яғни:

Ø клиенттер қандай шамада ағымдық және есеп шоттарындағы қаржылар қалдығы бойынша пайыздарды алуға мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді,

Ø банк қандай шамада өзінің өтімді активтер есебінен төлемдерін жылдам жүзеге асыра алуын, пассив бойынша ағымдық міндеттемелерін өзуақытылы орында алу қабілеттілігін көрсетеді.

Банк өтімділігін бағалау үшін сонымен қатар ұзақмерзімді өтімділік коэффициенті қолданылады. Ол банкпен берілген жабылу мерзімі 1 жылдан жоғары болатын ссудалар сомасының меншікті капиталға, депозиттер бойынша банк міндеттемелерге, алынған несиелерге және мерзімі 1 жылдан жоғары қарыздық міндеттемелерге қатынасы ретінде анықталады.

Кұм= СД / МК+М

Кесте 2 – Казкоммерцбанктің ұзақмерзімді өтімділік коэффициентін есептеу

Баланс баптары 01.01.96 01.01.97 01.03.97 01.10.97
Жабылу мерзімі 1 жылдан жоғары болатын ссудалар 535,5 1061,3 2213,5 2896,4
Банк міндеттемелері        
Банк капиталы 2434,1 3326,1 5886,0 8174,6
Мерзімі 1 жылдан жоғары депозиттер бойынша банк міндеттемелері 56,4 268,0 198,3 32,5
Мерзімі 1 жылдан жоғары мерзімге алынған несиелер - - - -
Мерзімі 1 жылдан жоғары басқа қарыздық міндеттемелер - - - -
Жиыны 2490,5 3594,1 6084,3 8207,1
Ұзақмерзімді өтімділік коэффициенті 0,21 0,29 0,36 0,35

Кестеден көріп отырғанымыздай, бұл көрсеткіш Казкоммерцбанкте төменгі мәндерге ие.Ал ресей банклері үшін бұл көрсеткш денгейі – 1,2 болып бекітілген. Бұл банк қарыз алушыларға ұзақмерзімді несиелерді аз бергендігін көрсетеді. Бұл негізінен Қазақстандағы сол уақыттағы экономиканың кризистік жағдайымен байланысты болған. ҚР-да тұрақты қаржылық жағдайы бар сенімді қарыз алушылар жоқтың қасы. Банктер берліген ссудалардың қайтарылмауының жоғарғы тәуекелінен қашып ұзақмерзімді несиелендіруден бас тартқанды жөн көреді. Банктік өтімділігін сипаттаушы көрсеткіштердің бірі ретінде - өтімді активтердің нақты банк активтерінің жиынындағы үлесі саналады. Кл = ӨА / А. Оның ҚР минималды деңгейі 15-20%.

Тәжірибеде жекелеген банктердің жалпы жағдайын сипаттау үшін өтімділіктің генералдық коэффициенті қолданылады. Ол өтімді активтер мен қорғалған капиталдың қосындысының банктің жиынтық міндеттемелеріне қатынасы ретінде анықталады.

Кген = (ӨА+ҚК) /М

Мұнда өтімді активтерге: банктің корр.шоттарындағы валюталық тенгелік қаржылары, кассадағы қолма қол ақшалар, ҰБ резервтегі ақшалар, мемлкеттік бағалы қағаздарға салымдар кіреді.

Қорғалған капиталға: банктің негізгі құралдары, күрделі салымдардың шоттарындағы активті қалдықтары, бағалы металдар кіреді.

Міндеттемелерге: талап еткенге дейінгі міндеттемелер, депозиттер, алынған банкаралық несиелер, басқа қарыздар. Бұл коэффициент клиенттермен банкке сеніп берген қаржыларының өтімді активтермен, жылжымайтын мүлікпен, материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін көрсетеді және банктің берген қарыздарының қайтарылмауы барысында кредиторлардың талаптарын қысқамерзімде қанағаттандыру қабілеттілігін сипаттайды.

Кесте 3 – Казкоммерцбанктің генералдық коэффициентін есептеу

Баланс баптары 01.01.96 01.01.97 01.03.97 01.10.97
Өтімді активтер        
Касса 632,6 1499,4 1451,4 1694,8
ҰБ шоттар 1198,5 1067,0 556,6 481,8
Банк-корреспонденттердегі қаржылар 408,5 1400,0 801,0 3107,5
Өтімді бағалы қағаздар 2115,5 3426,0 2060,0 3787,2
Монатерлық бағалы металдар - 11,6 - -
Жиыны 4355,1 7404,0 4870,0 9071,3
Қорғалған капитал        
Негізгі құралдар (амортизациясыз) 477,3 2030,5 1237,4 1198,0
Күрделі шығындар - 121,6 - -
Бағалы металдар - - - 10,5
Жиыны 477,3 2152,1 1237,4 1208,5
Барлығы 4832,4 9556,1 6107,4 10279,8
Міндеттемелер пассив бойынша-барлығы 14126,8 16823,5 16056,8 23347,7
Генералдық коэффициент 0,34 0,59 0,38 0,44

Кесте деректері бойынша Казкоммерцбанк берліген несиенің 100% қайтарылмауы барысында да өз кредиторлары талаптарын қысқа мерзімде өтімді активтер есебінен, жылжыматын мүлік, материалдық құндылықтар есебінен қанағаттандыра алатындығын көрсетеді. Көрсеткіштер жеткілікті жоғары және тұрақты.

Банк өтімділігі көптеген факторларға байланысты, сондықтан ол шетел тәжірибесінде тек қана белгілі бір көрсеткіштерді есептеп талдап қана қоймай, сонымен қатар активтер мен пассивтерді басқару жүйесін зерттеуге, банк имиджін бағалауға көңіл бөледі. Себебі бұл арқылы банктің қаржы нарығында сыртқы қаржы алу көздеріне қол жеткізу мүмкіндігі анықталады. Коммерциялық банктің өтімділігін бағалау ерекшелігі ретінде оның қызметінің нақты және потенциалды проблемаларын айқындау есептеледі. Себебі бұл проблемалар жақын арады банктің негізгі көрсеткіштерінің қатарының нашарлауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Банк өтімділігін талдау келесіге байланысты өзгеріп отырады:

- банк қызмет ететін нарық конъюнктурасына;

- банктің типі мен түріне байланысты;

- банктің орындайтын операцияларының мазмұны мен құрамына байланысты.

Бірақ коммерциялық банктер шетелде, оның ішінде АҚШта өз өтімділігі деңгейін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады:

1. Өзгерістерге сезімтал қорлардың сенімділігі деңгейі мен депозиттердің тұрақтылығы деңгейі көрсеткіші. Депозиттердің тұрақтылығы деңгейі көрсеткішінен банктің өтімділігі тікелей байланысты. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым банкке азырақ жоғарғыөтімді активтерге ие болу қажет болады. Себебі оның кірістірген қаржыларының үлкен бөлігі банкте қалады. Осыған байланысты есептік және ағымдық шоттардағы қаржы қалдықтары, жедел салымдар мен депозиттерде оның тұрақты және өзгермелі бөлігін ажыратады. Осы мақсатта депозиттер құрылымын талдау керек. Олардың тұрақты бөлігі банкте әрдайым болады. Барлық қазақстандық банктерде депозиттердің екі түрі бар: талап еткенге дейінгі және жедел.

2.Активтердің қолма қол ақшаға айналу қабілеттілігі. Бұл көрсеткіш динамикада өтімді активтердің барлық оның жиынтығына қатынасы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым банк өтімділігі жоғары болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1664 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.029 с)...