Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 6– Банктің тартылған қаржы жағдайын талдау



Мақсаты: Студенттерді коммерциялық банктің қаржы жағдайын талдаудың негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

  1. Коммерциялық банктің міндеттемелері.
  2. Тартылған және қарызға алынған қаржылар.
  3. Тартылған қаржы –нетто және қарызға алынған қаржы-нето көлемдерін анықтау.
  4. Тартылған қаржыны пайдалану тиімділігі көрсеткіштері.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: тартылған қаржылар, несие салымдары, банк міндетемелірі, банк міндеттемелерін пайдалану тиімділігі, талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары және т.б.

Коммерциялыќ банктердің пассивті және активті операциялары органикалыќ өзара тәуелді жағдайда болады. Бұл банктердің ќызметі кәсіпорынның аќша ќаражатын басќаға беріп, халыќ шаруашылыѓының барлыќ салаларының кәсіпкерлік ќызметіне аќшалай отынды ќамтамасыз етеді. Сонымен ќатар, аќша теориясы, банк несиесі коммерциялыќ банктердің ќазіргі ќызметіндегі доминантты роль ќай аќшалай операциялардың ќай тобына жататындығы сұрағына екі мәнді емес жауапты талап етеді.

Әр коммерциялыќ банктің кәсіпкерлігі оның жарғылыќ капиталы және кәсіпорын, ұйым және халыќтан ќажетті аќшалай ќаражат тартуды ќалыптастырумен басталады. Бұл болмаса орталыќ банктер операциялар жүргізу ќұќына лицензия бермейді. Пассивтердің ќалыптасуы жаңа коммерциялыќ банк кәсіпкерлік ќызметінің басталуы болып табылады.

Тартылған қаржыны пайдалану тиімділігі:

тартылған қаржылар / несие салымдары

Банк міндеттемелерін пайдалану тиімділігі:

банк міндетемелірі / несие салымдарының жалпы сомасына

Банктің міндеттемелерін нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, потенциалды несие баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берілген кепіл-хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттарды мен басқа да өтімді активтері болып сонымен қатар басқа көздерден қаражаттардың тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелердің уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы: қолмаөқол ақшаға тең айналатын активтер банкаралық нарықтан немесе Орталық банкпен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады. Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады.

- депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

- тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамсыз ету;

- активтерді зиянсыз сату;

- тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекел үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігін анықтау үшін банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі пруденциалдық нормативтер есебін қолданамыз. 2004 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген, “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы” ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк басқармасы бекітеді.”Валют - Транзит Банк” ААҚөның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 1000 млн.теңге сомасын құраған. Нақты қалыптасқаны 3300 млн.теңге.

2. Меншікті Қаражаттардың жеткіліктілік коэффиценті.

К=K1-ИК1/А-ИК1=5464014/32547623=0.17 > 0.06

K1-бірінші деңгейдегі капитал

А-банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтердің соммасы.

ИК1-(K1/(K1+K2))

Екінші деңгейдегі капитал

К2=К/Ар-Пс=5899819/31557703=0,19>0,12

Мұнда, К-банктің меншік капиталы;

Ар- тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтер және баланстан тыс міндеттемелер соммасы;

Пс- арнайы резервтер қосылған меншікті капиталдарға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер соммасы;

3.Бір қарыз алушыға келетін тәуекелді мөлшері:

К3=Т/К=1049748/5899819=0,19>0.25

K3=T/K=792/5899819=0.00>0.10

K3=T/K=190000/5899819=0.03>0.25

Мұнда, Т-тәуекел мөлері.

К-банктің меншік капиталы.

4. Ағымдағы өтімділік коэффиценті.

K4=Aop/Mop=2182531/2142825=1.02>0.3

Мұнда Аор-өтімді активтердің орташа айлық шамасы;

Мор- талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;

Аор=Т/К=43650615/20=2182531

Мор=T/K=42856490/20=2142825

5. Қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті.

К5=Aop/Mop=5901979/5155960=1.14>0.5

Мұнда, Аор- өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердің орташа айлық шамасы;

Мор - үш ай мерзімге дейін тартылған талап теілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы:

Аор=118039572/20=5901979

Mop=103119205/20=5155960





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1163 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...