Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 9– Ссуда операцияларының түрлерін және банктік ссудалардың қайтарылу қамтамасыздығын талдау



Мақсаты: Студенттерді банк ссудаларын әртүрлі белгілері бойынша жіктелуін талдаудың негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

1. Банктік ссудаларды әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі.

2. Банк ссудаларын қарыз алушылар типтеріне қарай жіктеу

3. Банк ссудаларын тағайындылық бойынша және сипаты бойынша; мерзімі бойынша; жойылу әдістемесі, олардың пайда болу сипаты бойынша жіктеу

4. Құқықтық кепілдік құрылым

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: банк ссудалары, проценттік ставка, овердрафт, бланкілік несиелер, қамтамасыздандырылған несиелер, онкольдік несие, контокоренттік несие, ипотекалық несие, ломбардтық несие, авальдық несие, акцептік несие және т.б.

Банк ссудаларын қарыз алушылар типтеріне қарай жіктеу төмендегі 3.2 суретте берілген.

Сурет 3.2 - Банк ссудаларын қарыз алушылар типтеріне қарай жіктеу

Несиелендірудің бағыты мен мақсатына байлагысты берілген судаларды төмендегідей бөлеміз:

- капиталды ұлғайтуға (мекемелердің өндіріс қорларын);

- ақша қаржыларының жетіспеушілігін уақытша толықтыруға;

- тұтынушылық мақсаттарға.

Ссуда алушыларға байланысты клиенттік және банкаралық болып бөлінеді (Кесте 3.2.).

Мерзіміне қарай: онкольдік (немесе 1-ші талап етуі бойынша қайтарылатын қысқа мерзімдік несие), қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді.

Қайтарылу сипаты бойынша: мерзімі өтпеген, қайтарылу мерзімі өткен және мерзімі ұзартылған (пролангация). Өз кезектерінде бұл аталған ссуда түрлерін субъектілер және мерзімдері бойынша жеке – жеке талданады. Жойылу тәртібі бойынша ссудаларды қайтару мерзімі өтуіне байланысты бір қалыпты, бір мезгілдік төлеммен жойылу; несие келісім шартта анықталғандай ерекше жағдаймен сәйкес. Проценттік ставка сипаты бойынша ссудалар тұрақты және өзгермелі проценттік ставкалар деп те бөлінеді. Қайтарылу қамтамасыздық сипаты бойынша ссудалар:

- қамтамасыздандырылған – бұл кепілдікпен несиенің қайтпай қалу тәуекелділігін сақтандырумен берілген несиелер, сол сияқты қаржы талаптары, өмірді сақтандыру қамтамасыздандырылған және аралас қамтамасыздық жасалынған;

- бланкілік несиелер (яғни құнды тауар – материалдармен қамтамасыз етілмеген, оның ішінде сенімділік). Бұл жерде несиелендірудің: контокоренттік, овердрафт, ипотекалық, ломбардттық, авальдық және акцептелінген деген жаңа түрлерінің өріс алуын ескеруіміз керек.

Контокоренттік несие – бұл, клиенттердің төлем құжаттарының қаржылық өтеуін ашылған контокоренттік шот арқылы банктің қарыз алушыға ссуда беруімен байланысты болуын айтамыз. Ол бірыңғай гибридтік шот есебінде болып келеді (ссудалық және ағымдық шоттардың біріккен түрі), бұл жерде, бір жағынан банк ссудасы мен клиент төлемдерін бейнелейді, ал екінші жағынан – ақша қаржылық түсімдерді бейнелейді. Бұл шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін банк контокоренттік несие үлкендігін шектейтін шектеу – лимидті қояды (бекітеді). Мұндай шот ашу үшін банктің клиентпен жасаған келісім – шарты негіз бола алады, онда: ссуда бойынша максималдық несие көлемі; ссуда мерзімі; контокоренттік шоттағы дебеттік қалдықтың шектеулі мерзімінің болу уақыт мерзімі, ссуданы пайдаланғаны үшін проценттік ставка және басқа жағдайлары қарастырылады.

Овердрафт – бұл, клиенттің банктегі ашылған шотындағы қалдықтан жоғары, осы шотты дебеттеу жолымен беретін банктің қысқа мерзімдік несиелендіруі болып табылады, яғни келісім – шарт болуына байланысты, банк клиентке белгіленген шектегі лимитте ағымды шоттағы кредиттік қалдықтан асатын сомаға да чек жазуына рұқсат береді.

Овердрафтқа тән сипаттама – оның қысқа мерзімдік және өтпелі сипатта болуы. Ол клиентке қысқа мерзімдік қарыздану кезеңдерінде, шотқа ақша ағымының түсуінен шығындардың уақытша артып кетуі уақыттарда қаржыландыру мәселелерін шешуге мүмкіншілік береді. Ал ұзақ мерзімдік қаржыландыру туралы күрделі шығындарда овердрафт қолданылмайды. Егер де клиенттің төлем қабілеттілігіне күмән туындаған жағдайда, келісім – шартты банк тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдайда овердрафт бойынша процент, қайтарылмаған қалдыққа ғана есептеп шығарылуы тиіс.

Ипотекалық несие – бұл, жылжымайтын мүліктерді кепілдікке ала отырып, берілетін ұзақ мерзімдік ссуда болып табылады.

Ломбардтық несие – бұл, жеңіл өтімді жылжымалы мүліктер немесе құқықтармен кепілдігі қамтамасыз етілген қысқа мерзімдік ссуда болып табылады.

Авальдық несие – бұл, клиент міндеттемесінің гарантиялық жабуын өзі орындай алмайтын жағдайда банктің беретін несиесі болып табылады.

Акцептік несие – бұл, банктің аудармалы вексельдермен немесе чектермен акцептеу (келісім беру) түрінде берілетін несие болып табылады, яғни бюанктің сатуға берген гарантиясы.

Ссудалар беру кезеңдерге оның қайтарылу қамтамасыздығына аса көңіл бөлінуі керек. Залогпен несиелендіру, ссуданың қайтарылуының кепілдігінің бір түрі болып табылады. Залогтың іс – қимылдарды коммерциялық және сол сияқты мамандандырылған несие – қаржыландыру институттары жүргізеді. Халықтармен кепілдік іс – қимылдарды ломбардтар жүргізеді. Кепілдіктің түрлері: 1) клиенттің кепілдік мүліктері – бағалы құнды тауар материалдары; дебитор шоттары; бағалы, құнды қағаздар; вексельдер; осы банктегі депозит шоттар; жылжымайтын мүліктер (ипотека); сол сияқты аралас кепілдіктер;

2)құқықтық кепілдік.

Сурет - Құқықтық кепілдік құрылым

Кепілдік арқылы несиені қамтамасыз етуден басқа гарантия және поручительство арқылы да несиелендіру орын алады.

Мысалы: қарыз алушы бір жыл мерзімге 100 мың теңге несие алуға банкке өтініш жасайды және бұл несие, оның 120 мың теңге тұратын жылжымайтын мүліктермен қамтамасыз етіледі. Бұл мүліктердің шындық бағасын банк білмейді, сондықтан да оны анықтап, көз жеткізу үшін сақтандыру полисін тапсыруды айтады. Қарыз алушы сақтандыру компаниясында мүліктерді сақтандыру жасайды (сақтандыру түрі – несие қайтпау жағдайындағы қарыз алушының сақтандыру жауапкершілігі). Сақтандыру сомасына 100 мың теңгеге сақтандыру салығы – 10 процент немесе 10 мың теңгені төлейді (бұл салықтың көлемі сақтандыру компанияларында 8 ден 13 процентке дейін болып келеді) және сақтандыру полисін банк иелігіне береді. Банк өз кезегінде бір жыл мерзімге 100 мың теңге несиені, жылдығына 18 процент несиені пайдаланғаны үшін ақы алатын болып береді.

Қатысушы субъектілердің шығындарын (табыстарын) есептейміз:

1. Банк шығыны 100 мың теңгені құрайды. Бір жыл өткен соң банк табысы 118 мың теңгеге тең болды. Банк пайдасы - 18 мың теңге болып табылады.

2. Қарыз алушының шығындары 128 мың теңгені құрайды. (100+18+10)

3. Сақтандыру компаниясының табысы 10 мың теңгеге тең болды. Дегенмен, сақтандыру компаниясы зиян шегуі мүмкін. Қарыз алушының төлем қабілеттілігінің болмауы салдарынан несиелендіру келісімінің мерзімі өтуіне байланысты, банк сақтандыру компаниясына несиені қайтару талаптарын қою мүмкін. Ондай жағдайда сақтандыру компаниясының шығыны – 108 мың теңгені құрайды (100+18+10).

Қаржы талаптарын кепілдікке салу арқылы берілетін ссудалар. Бұған жататындар: еңбек ақы төлемдері, жиынтық салымдар, сақтандыру келісім – шарты бойынша талаптар, ипотека және басқа талаптар.

Берілген ссудаларды талдау барысында бланкалық немесе сенімділік несиелердің пайда болуына аса көңіл аудару қажет, себебі онда ссудалар соло-вексельдер кепілдігімен беріледі (қарыз алушының ссуданы қайтару міндеттемесі).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1167 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...