Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

АсҚазан жӘне он екі еліішекті рентгенологиялыҚ зерттеуге науҚасты дайындау



Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу - бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: днагностнкалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенін орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функңиональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары. Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.

Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзгінін (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, наукастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.

Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Алда түрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ раңионынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

4. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

5. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

6. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз.

Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

2. Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4834 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...