Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жасуша жанама түріндегі киллинг



Иммундық жүйенің бөгде жасушаларды жоятын комплементтен тәуелсіз тәсілі бар. Иммунды жауаптың бұл түрі тікелей киллер-жасушалармен атқарылады және жасуша жанама түрдегі киллинг деп аталады. Киллингті белсендірілген фагоциттер, Т-киллерлер, табиғи киллерлер және тағы басқа жасушалар атқарады. Киллерлік жасушалар организмді тазартып, оны бөгде, өзгерген және ауруға соқтыққан жасушалардан арылтады.

Жасуша-жанамалы киллингтің механизімі жан-жақты. Киллерлер токсикалық және цитолитикалық әсері бар бірталай биобелсенді заттарды бөліп шығарады, жасуша мембранасын зақымдайды, не апоптозды үдетеді. Киллерлер әрекетін қашықтықтан, немесе тікелей қатынас арқылы өткізеді. Киллердің нысанасы: қатерлі ісікке айналған жасушалар, вирустар жұққан, не мутантты жасушалар, саңрауқұлақтар, қарапайымдар, гельминттер және кейбір бактериялар.

Киллерлердің нысана–жасушаның бөгделігін анықтау механизімі олардың антигенбайланыстырушы рецепторларымен байланысты. Жасуша-жанамалы киллингтің цитотоксикалығының екі түрі бар: антиденетәуелді және антиденетәуелсіз.

10.3.1. Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалық

Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалығы иммундыкомпетентті жасушалардың мембранасындағы иммундыглобулиннің Fc- бөлігіне қарсы рецепторларына сүйеніп өтеді. Ол рецепторлар сатылы қүбылыстан кейін, ақыры иммунды комплекспен байланысады. Антиденетәуелді жасуша–жанамалы цитотоксикалықты белсендірілген макрофагтар, эозинофилдер және табиғи киллерлер қамтамасыз етеді. Белсендірілген макрофагтар процесті өткзуі үшін оған химиялық заттар шығарылып, табиғи киллерлердің демеуі керек. Эозинофилдер гельминттерге цитотоксикалық әсер еткенде ғана қатынасады.

10.3.2. Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитотоксикалық.

Процесс иммндыглобулиндер молекуласының қатынасуынсыз өтеді. Процесті бастайтындар «өздігін танитын» рецепторлары бар лимфоидтық жасушалар. Мысалы, Т-хелперлер, Т-киллерлер, CD16, CD56 табиғи киллерлер. Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитотоксикалықтың тікелей және жанама әсер ету механизімі бар. Тікелей механизімінде бір жасуша түрі барлық істің түрін атқарады. Нысана-жасушаның киллингі өтуінің бірнеше сатысы бар.

1. Тығыз байланысқа түсу. Т-киллер нысана-жасушаның бетіне шоғырланып тығыз байланысқа түседі.

2. Т-киллердің белсендірілуі. Т-киллер жасушаның бөгделігін дәлелдегеннен кейін белсендіріліп химиялық токсикалық заттарды шығарады.

3. Токсикалық заттардың экзоцитозы. Токсикалық заттар екі жасуша қосылған аралыққа экзоцитоз арқылы сіңеді.

4. Токсикалық әсер. Заттар бөгде жасушаның қабығын ыдыратып, цитоплазмасына еніп жасушаны апоптозға душар етеді.

Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитоксикалықты өткізетін жасушалар: Т-хелперлер, Т-киллерлер CD16, CD56 табиғи киллерлер апоптозды индукциялау арқылы нәтижелі іс атқарады.

Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалықтың жанама түріне макрофаг қатынасады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 883 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...