Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жергілікті иммунитеттің ерекшеліктері



1919 жылы А.М.Безредка иммунитет жүйесінің құрылысына сәйкес жергілікті иммунитет түрін бөліп шығарып, оның концепциясын ұсынған. Иммунитетің жалпы түрімен салыстырғанда жергілікті иммунитеттің экзогоендік антигендермен кездесуге мол мүмкіндігі бар, қоршаған орта факторларымен тікелей түйісетін тері мен шырышты қабықтың аймағында құрылады. Жергілікті иммунитеттің негізгі атқаратын рөлі-тін аймағында жергілікті, ықшамды иммунитетті қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жергілікті иммунитеттің факторлары шырышты қабықтың кілегейімен ағзадан тыс терінің бетіне жайылып өзінің пайдалы әсерін тигізеді.

Анатомиялық - морфологиялық тұрғыдан жергілікті иммунитет жүйесінің өзалдына ерекшелігі жоқ. Жалпы және жергілікті иммунитет түрлерінің арасында тығыз байланыс бар. Біріншіден, жалпы иммунитет жүйесі қорғаныстың қор көзі болады. Микроциркуляция зақымдалған кезде ықшамды қабыну процесі жылдам созылмалы септикалық түрге айналады. Екіншіден, инфекциялық процесс дамыған кезде жергілікті иммунитет пен жалпы иммунитеттің бірінен біріне ауысып отыратындығы айқын байқалады. Үшіншіден, екі жүйенің арасында олардың факторлары үнемі алмасып отырады (антиденелер, антигенреактивті лимфоциттердің клоны т.б.). Бұл процесс иммунологиялық есте қалудың бүкіл организмге жайылынуында өте маңызды. Бірақ, сонымен қатар ол процесс инфекцияның асқынған түріне көшуіне себепкер болады.Соған қарамастан жергілікті иммунитет өздігінше іс атқара алады және біраз ерекшеліктерге ие.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1855 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...