Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Антиденелердің әр түрлілігінің теориясы



Антидене өндірудің механизімін түсіну үшін көптеген гипотезалар мен теориялар ұсынылған. Бірақ, олардың көбі күнделікті өмірде дәлелденбеді, содықтан олардың тек қана тарихи маңызы бар.

Бірінші «бүйір тізбегі» теориясының принципті концепциясын ұсынған П.Эрлих (1898) болатын. Теорияға сәйкес организмнің жасушалары мен тіндерінің сырт қабырғасында рецепторлар бар. Олар химиялық туыстығы арқылы антигендерді байлап бейтараптайды. Іске қатынасқан рецепторлар жасушадан бөлініп жойылады да, олардың орнына жаңа рецепторлар пайда болады. Бұл теория гуморалдық имунитет және иммундық компонентті жасушалардың рецепторлары туралы түсініктің негізін қалады.

«Инструктивті» (нұсқаулау) не «матрицалы» теорияға назар аударуға болады. Теорияға сәйкес (Ф.Брейнли,Ф.Гауровитц -1930; Л.Полинг 1940) антиген матрица (негіз,қалып) болып соның негізінде антидене өндіріліп шығарылады. Бірақ 1953 жылы Д.Уотсон және Ф. Криспен ДНҚ –дағы генетикалық мәліметті кодтаудың генетикалық механизмін ашқаннан кейін бұл теория өзектігін жоғалтты.

Бір қатар теориялар бойынша организмде жер бетіндегі антигендердің барлық түріне қарсы антиденелер болуы мүмкін деп болжаған (Н.Ерне,1955; Ф.Бернет,1959). Қазіргі уақытта шындыққа ең жақыны Ф.Бернет ұсынған «клоналды-селекциялық» теория болып саналады. Теорияға сәйкес лимфоидтық тінде өте көп антигенреактивті жасушалар клоны бар. Клонның әр түрі тек қана белгілі антигенге қарсы антидене бөліп шығарады. Клондар эволюциялық даму барысында антигеннің әсерінен мутация және селекция арқылы пайда болады және нәресте дүниеге келер алдынан бұрын оның организмінде қалыптасады. Организмге енген антиген таңдау арқылы спецификалық клонды белсендіреді. Клон өсіп көбейіп антигенге қарсы спецификалық антиденелерді бөліп шығарады. Егер антигеннің өлшемі көбірек болса, онда антигенге сәйкес реакция беретін лимфоциттердің клоны организмнен шығарылады (элиминацияланады). Бернеттің теориясы бойынша бұл механизм эмбрионалдық кезеңде организмнің меншікті антигендеріне қарсы толеранттық қалыптасуына әкеледі.

Бернет теориясы арқылы иммунологиялық реакциялардың көп кезеңдерін түсінуге болады, бірақ антидене өндірілудің барлық механизімін түсіндіру мүмкін емес.

С.Тонегаваның теориясы иммунитет механизімінің бірталай жағдайларын анықтады. Теория генетикалық процестерге негізделген. Бұл теория бойынша мутациялық және рекомбинациялық өзгерістердің нәтижесінде организмде гендердің көп санды нұсқалары мен комбинациялары құрылады. Олар спецификалығы бар әр түрлі иммундыглобулиндерді кодтайды.

Н.Ерне теориясы бойынша антигендер организмге еңгенде антиденелердің бірінші түрі пайда болып, олар антиген секілді антиденелердің екінші түрін туғызады ары қарай процесс тізбектеліп жалғаса береді. Бұл теорияның негізінде иммунитет механизімінің кейбір көрністерін түсінуге болады. Бірақ барлығын түсіну мүмкін емес.

П.Ф.Здродовскийдің пікірі бойынша иммунитеттің механизімінде басты рөлді гармондар мен жүйке жүйесі атқарады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1677 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...