Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Иммундыглобулиндердің генетикасы



Иммундыглобулиндердің құрлысының ерекшелігімен қатар олардың генетикалық кодтауында спецификалық бар. Басқа ақуыздарға қарағанда иммундыглобулиндер бір емес, үш ген тобымен бақыланады. Олар хромосоманың үш түрінде орналасып ұрпаққа тәуелсіз тарайды.

Бірінші топ (к-типті) жеңіл тізбектің біріншілік аминқышқылдық реттілігі туралы мәліметті сақтайды, екіншіде- жеңіл тізбектің (типі) лямбда туралы, ал үшінішде -ауыр тізбектің барлық түрлері (альфа,гамма,бета,эпсилон, мью) туралы ақпарат сақталады. Әрбір топтың гендері бір-біріне жуық интрондармен (кодталмайтын жер) бөлініп отырады.

Алғашқы В лимфоциттер жетілер мезгілінде олардың генетикалық аппаратында көптеген өзгерістер туады. ДНҚ учаскелері еркімен жылжып гендердің функционалдық бірлестігін құрады. Оған қосылмаған ДНҚ учаскелері болашақта құрамға кірмейді. Бұл процесс сплайсинг деп аталады (ағылшынша – splicing - тіркесу, тікелесу). Кейінірек функционалдық гендерді негіздеп иммундыглобулиннің жеңіл және ауыр тізбектерін кодтайтын мРНҚ түрлері пайда болады. Сонымен қатар, геннің кейбір учаскесінде мутациалық өзгерістер байқалады. ДНҚ-ның ондай учаскесі гипермутабелдіқ аймақ деп аталды.

Сплайсинг пен мутациалық процестер жүруі кездейсоқ сипатта болады және барлық лимфоциттерде бір-біріне тәуелсіз байқалады. Айтылған процестер В-лимфоциттердің көп түрлі антигендік рецепторларының және және олар синтездейтін антиденелердің спецификалығына себепкер.

Сонымен, лимфогенездің тоқталмай жүретіндігін еске алып организмде алдын ала, не болмаса қажет уақытында қандай антигендер түрі болмасада соған қарсы спецификалық антиденелер синтездейтін В-лимфоциттер бар деп айтуға болады.

В-лимфоциттердің реттелуі, олардың көбейуімен қатарласып гендерінде рекомбинациалық өзгерістер байқалады. Соның нәтижесінде иммундыглобулиндер сыныптарының түрлері бірнен кейін бірі пайда болып отырады. Егерде В-лимфоциттердің жетіліуінің ертерек кезеңдерінде иммуноглобулиндердің М және Д сыныптары синтезделсе, кешірек кезінде G, А, Е сыныптары пайда болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1007 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...