Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауыз қуысы иммунитетінің ерекшеліктері



Ауыз қуысының иммундық қорғаныс жүйесі, жоғарыда айтылғандай жалпы шырышты қабықшаның жүйесінен айырмашалығы жоқ..Специфкалық және бейспецификалық факторлар қатарласып іс атқаруымен ауыз қуысын тіс жегі және де басқа аурулар қоздыратын түрлі патогенді микробтардан сақтауды қамтамасыз етеді.

Бейспецификалық қорғаныс факторларының қатарына шырышты қабықтың тосқауылдық қасиеті мен сілекейдің антимикробтық көрсеткіштері жатады.

Сілекейдің қорғаныс қасиетінің ерекше орны бар. Бір тәулікте ересек адамдың ағзасының сілекей бездері 2 литрге дейін ферменттік белсенділігі бар сілекей бөліп шығарады. Сілекей, патогендер өте алмайтын кедергі болуымен қатар, айқын бактериоцидтік қасиетке ие. Сілекейдің басты факторларының қатарына лизоцим, лактоферин, лактопероксидаза және комплементтің кейбір құрылымдары жатады. Сонымен қатар, сілекейден әр уақытта полиморфты лейкоциттер мен моноциттерді табуға болады. Бір мезгілде ауыз қойнауында 100 000 –нан астам фагоциттоздаушы жасушалар табылады.

Ауыз қуысының дәнекерлеу тінінде бейспецификалық төзімділік жасушалары орналасқан: көшпелі тін макрофагтары, фибробластар, гранулоциттер мен тін базофильдері.

Ауыз қуысы тиімді спецификалық иммундық қорғаныс жүйесімен қамтамасыз етілген. Анатомиялық құрылысына сәйкес онда жұтқыншақ шеңберінің қуатты бадамшалары, аса дамыған лимфойдтық өзектер орналасқан. Тінде лимфойдтық жыйнақтар табылса, сілекейде лимфоциттер мен А,М,G және Е изотипті иммундыглоублинер табылады.

Сілекейде секреторлық IgА-ның концентрациясы басым болады. Оның өлшемі кан сарысуындағыдан да жоғары. Иммундыглобулиндердің басқа түлерінің концентрациясы сарысудағыдан төмен. Иммундыглобулиндердің концентрациясы төмендеген кезде ауыз қуысының шырышты қабықшасы іріңді ісік пен аллергиялық ауруларға тап болуы мүмкін.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2282 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...