Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Партограмманы жүргізу



Мақсаты- нәресте және босанатын әйелдің жағдайын бақылаудағы барлық жазбаны жүргізу.

Көрсетулері -босанудың бірінші кезеңі кезінде.

Қарсы көрсетулері- жоқ

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.

Ресурстары –гинекологиялық орынтақ (кереует), жеке жаялық,бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, акушерлік стетоскоп (ультрадыбысты аппарат), артериялық қысымды өлшеу үшін аппарат.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы қол әрекетін (манипуляциясын) жүргізу

қажеттілігін түсіндіріңіз,оның ризашылығын алыңыз.

Партограмма - бұл нәресте және босанатын әйелдің жағдайын, босану әрекетінің, нәресте басының жылжуын және босану кезінде жатыр мойнының ашылу үрдісін динамикалық бақылау нәтижелерін графикалық бейнелеу болып табылады.

2. Босанатын әйелдің партограммасын босанудың бірінші кезеңінің басталуынан бастап толтырыңыз, бұл үшін сіз партограмманың құрама бөлімдерін білуіңіз қажет:

1. Төлқұжаттық бөлім: партограмманың жоғарғы бөліміне жазылады, онда көрсетіледі: Ата-тегі, аты, әкесінің аты, жүктіліктің, босанудың саны, тіркелетін (ауруханалық) нөмір, түсудің күні және уақыты, түсу сәтінен бастап сусыз аралықтың ұзақтығы (егерде нәресте қабы бүтін болса, онда сызық (-) қойылады).

Партограмма негізгі үш құрауыштан (компоненттерден) тұрады:

I-бөлім- нәресте жағдайы - жүрек жиырылуының жилігі (ЖЖЖ), нәресте қабының және қағанақ суларының жағдайы, бастың пішіні;

II- бөлім-босану ағымы- жатыр мойнының ашылу қарқыны, нәресте басының түсуі, жатырдың жиырылуы, окситоцинді және басқа дәрі-дәрмектерді енгізу режімі;

III- бөлім-әйелдің жағдайы- пульсі, артериялық қысымы, температурасы, зәрі (көлем, нәруыз (протеин), ацетон).

2. Жүрек жиырылуының жиілігі. ЖЖЖ нәрестенің жағдайын бақылауды (мониторинг) жүргізу үшін тіркеледі:

· жатырдың өте күшті жиырылуынан кейін лезде тыңдау қажет;

· қалыпты физиологиялық босанудың I- кезеңінде әр 30 минут сайын нәрестенің жүрек соғысы туралы жазба жазу керек;

· нәрестенің жүрек соғысын әр 5 минут сайын тыңдау керек; егерде қағанақ суларында көк немесе қара-қоңыр меконий бар болса немесе нәресте қабының жарылуы кезінде, сұйықтықтың болмауы кезінде.

3. Нәресте қабының және қағанақ суларының жағдайы.

Қағанақ суларының жағдайын нәресте қабының жарылу кезінде бағалайды және жазады және әрі қарай -әрі ішкі (қынаптық) акушерлік зерттеу кезінде:

· егерде нәресте қабы бүтін – әріп Б (бүтін);

· қағанақ сулары мөлдір,таза,ақшыл-әріп М (мөлдір) немесе әріп С (сlean);

· қағанақ суларына меконий араласқан- әріп М (меконий);

· қағанақ сулары қанмен боялған -әріп Қ (қан) немес әріп Г (геморрагиялық);

· егер қағанақ сулары жоқ –әріп А (аbsent).





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 8541 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...