Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жатыр мойнының «жетілуін» анықтау



Мақсаты- жүктіліктің мезгіліне жеткен кезінде жүкті әйелдің жатыр мойнының

«жетілуін» анықтау.

Көрсетулері- жүкті әйелдің босануға биологиялық даярлығы. Босану алдындағы

дайындық кезеңі.

Қарсы көрсетулері- жоқ

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ

Ресурстары- гинекологиялық орынтақ, жеке жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің маңызын және қажеттілігін түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Әйелдің зәр қуығын босатқанына көз жеткізіңіз.

3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

5. Әйелді гинекологиялық орынтаққа, оның астына таза жаялықты төсеп, аяқтарын тізе және жамбассан буындарына бүгіп, екі жаққа қарай ашып, жатқызыңыз.

Ішкі (қынаптық) тексеру жүргізіңіз.

7. Жатыр мойнының «жетілуін» анықтаңыз және бағалаңыз:

- жамбастың өту білігінің жатыр мойны бағытына қарай орналасу қатынасы арқылы;

- жатыр мойнының қаттылығын анықтау және пальпациялау арқылы;

- оның ұзындығының бағасы арқылы;

- цервикалды каналдың диаметрін бір немесе екі саусақтармен өту талпынысы кезінде табу арқылы.

8. Жатыр мойнының жағдайын Бишоп шкаласы бойынша бағалаңыз

(№ 1 кестені қара).

Кесте.

Бишоп бойынша жатыр мойнының «жетілуін» бағалау шкаласы.

Бағалау параметрі Балдары
1.   Жатыр мойнының тығыздылығы (консистенциясы)      
қатты шеттері бойынша жұмсарған, ішкі ернеудің аймағы қатты жұмсақ
2. Жатыр мойнының ұзындығы 2 см астам 1-2 см 1 см
  Мойын қаналының өткізгіштігі сыртқы ернеу жабық немесе саусақ ұшын өткізеді канал ішкі ернеуге дейін өткізеді канал ішкі ернеудің артына қарай бір немесе оданда көп саусақтарды өткізеді
  Жатыр мойны білігінің ана жамбасының өту білігіне қатынасы артта аралықтық жамбастың өту білігі бойынша

0-2 балл- мойын «жетілмеген»;

3-4 балл- мойын «жеткіліксіз жетілген»;





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 2593 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...