Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Михаэлис ромбысы ( бел-сегізкөз ромбысы)



Мақсаты- Михаэлис (бел-сегізкөз)ромбасын өлшеу және анықтау.

Көрсетулері- жүкті әйелдің әйелдер консультациясына бірінші рет келуі, тар жамбас.

Қарсы көрсетулері –жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары –жоқ.

Ресурстары –сантиметрлік таспа,бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің маңызын және қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Михаэлис ромбысы деген не? Михаэлис ромбысы дегеніміз сегізкөз аймағындағы кескін (көрініс), сұлбасы ромба тәрізді алаңша. Жоғарғы бұрышы сегізкөзүсті шұңқырына (Y-бел омыртқаның қылқанды өсіндісіне), төменгі бұрышы -сегізкөздің ұшына (үлкен бөксе бұлшық еттерінің айырылу жеріне), бүйір бұрыштары- мықын сүйектерінің жоғарғы артқы қылқандарында сәйкес келеді.

5. Қолдарыңызға сантиметрлік таспаны алыңыз.

Ромбының көлденең (горизонталды) диагоналын өлшеңіз

(қалыптыда 10-11 см).

7. Ромбының тік (вертикалды) диагоналын өлшеңіз (қалыптыда 11 см).

8. Өлшеп біткеннен кейін, бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ

салыңыз.

9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

10. Нәтижелерін құжаттарға енгізіңіз.

Ескерту. Жамбас сүйегінің өзгерістерінің болуы туралы Михаэлис ромбысының өлшемдері және пішіні бойынша пікір айтуға болады.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 2895 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...