Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Соловьев индексін өлшеу



Мақсаты- жүкті әйелдің жамбас сүйегінің болжамалы қалыңдығын анықтау.

Көрсетулері –жүкті әйелдің әйелдер консультациясына бірінші рет келуі, тар

жамбас.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары - сантиметрлік таспа, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар,

сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүкті әйелге сантиметрлік таспамен кәріжілік-білезік буынының шеңберін өлшеудің қажеттілігін және мақсатын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық дәрежеде жуыңыз.

3. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Сантиметрлік таспамен кәріжілікбілезік буынының шеңберін өлшеңіз, яғни Соловьев индексін (орташа мөлшері 14 см).

5. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

6. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

7. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.

Ескертулер. Егерде Соловьев индексі, кәріжілікбілезік буынының шеңбері

14 см кіші болса, онда жүкті әйелдің жамбас сүйегі жұқа, ал егерде Соловьев индексі 14 см көп болса, онда жамбас сүйегі шомбалды және оның қуысының өлшемдері кіші. Мысалы, сыртқы конъюгата 20 см кезінде және Соловьев индексі 13 см, 20см-ден 8 см алып тастаймыз, шын конъюгатаны табамыз, ол 12 см тең (20 см-8 см=12 см).

Сыртқы конъюгата 20 см кезінде Соловьев индексі 14 см, 20 см 9 см алып тастаймыз, шын конъюгатаны табамыз, ол 11 см тең (20 см-9 см=11 см);

Сыртқы конъюгата 20 см кезінде Соловьев индексі 15 см, 20 см 10 см алып тастаймыз, шын конъюгатаны табамыз,ол 10 см тең (20 см-10 см=10см).





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 4970 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...