Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Іш шеңберін (ІШ) және жатыр түбінің тұру биіктігін (ЖТТБ) өлшеу



Мақсаты- іш шеңберін және жатыр түбінің тұру биіктігін өлшеу және анықтау.

Көрсетулері –жүктіліктің мерзімін, нәрестенің болжамалы салмағын анықтау,

май алмасуының бұзылыстары, көпсулық және көпнәрестелі жүктілік.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары - тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық, сантиметрлік таспа

(Мартин жамбасөлшегіші), дәкелік шариктер, спирт, бір рет

киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қазіргі зерттеудің қажеттілігін және мақсатын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Әйелге тақтай төсекке,арқасымен, жеке жаялыққа аяқтарын созып және ішін ашып жатуын сұраңыз.

5. Бетіңмен оған қарап, әйелдің оң жағына отырыңыз.

6. Сантиметрлік таспаны немесе жамбасөлшегіштің түймешігін спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

7. Іштің шеңберін өлшеуге кірісіңіз, ол үшін сантиметрлік таспаны әйелдің арқасы арқылы іштің шеңберін (ІШ) өлшеңіз: алдында-кіндік деңгейінде, артында-бел аймағының орта деңгейінде (жүктіліктің соңында ол 90-100 см -ге тең).

8. Жатыр түбінің тұру биіктігінің (ЖТТБ) өлшеңіз- сол қолдың үлкен саусағымен сантиметрлік таспаның басын қасаға буынының жоғарғы шетіне қысыңыз, оң қолдың қырымен сантиметрлік таспаны жатырдың түбіне дейін тартыңыз (қалыптыда 32-34 см).

9. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

10. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

11. Өлшеудің нәтижелерін құжаттарға жазып қалдырыңыз.

Ескерту. Қолдар және сантиметрлік таспа (жамбасөлшегіштің түймешіктері) жылы болуы керек.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 6092 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...