Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Топырақтың ауа режимі



Топырақ – қопсыған кеуек дене болғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады. Бұл ауаның мөлшері топырақтың ылғалдылығына, тығыздығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп-өніп тұрған өсімдіктерге және т.б. байланысты.

Егістер егілетін, өңделген топырақтарда ауаның мөлшерң топырақ көлемінің 30-40%-не тең. Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа дейді. Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады.

Неғұрлым топырақта су көп болса, соғұрлым онда ауа мөлшері аз, себебі мол су ауаны топырақ құрамынан ығыстырады. Мысалы, күріш егістерінің топырақтарында су жер бетінде көлдеп тұратындықтан онда ауа мөлшері мүлдем жоқ.

Топырақ – көптеген өсімдіктер мен микроағзалардың тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, көптеген органикалық заттарды ыдыратып ауаға ұшырады. Осының нәтижесінде топырақ ауасының құрамы атмосферадағы ауаға қарағанда өзгеше. Мысалы, топырақ ауасындағы көмірқышқылының мөлшері 0,15-1,65% шамасында, ал атмосферадағы оның мөлшері небары – 0,03% ғана. Топырақ ауасындағы оттегі мөлшері атмосферадағыдан анағұрлым аз.

Топырақ ауасы топырақта өсетін өсімдіктер мен микроағзаларға көп әсер етеді. Топырақтағы ауаның молдығына, азды,ына, оның құрамына қарай мұнда әр түрлі микроағзалар өмір сүреді. Өсімдіктер тамырының терңдеп немесе көлденең өсуіне топырақтағы ауа режимінің дұрыс болуының маңызы зор.

Сонымен, топырақтың ауа режимі де – топырақ құнарлығына әсер ететін негізгі факторладың бірі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 4657 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...