Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Апатты химиялық қауіпті заттармен улану масштабтарын бағалау



Апаттан кейін улану масштабтарын жедел болжағанда лақтырылған (төгілген) АХҚЗ-тардың мөлшері туралы нақты мәндер және нақты метеожағдайлар қабылдануы керек, сонымен қатар жергілікті жердің рельефі ескерілуі қажет. Уланған ауа жабық жерде таралса залалданған аймақтың тереңдіктері (улану аймағының жалпы немесе нақты тереңлігі) және (мүмкін болатын улану аймағының тереңдігі) үш есеге кішірейеді.

Апаттан кейін мүмкін жағдай жобаланатын уақыт әдетте апаттан кейін бір сағаттан соң немесе залалданған ауаның объектіге жақындау моментіне қарай қабылданады.

Болжау әдісі арқылы химиялық жағдайды анықтау келесілер үшін жүргізіледі:

- сығылған газдар үшін – тек қана бірінші ретті бұлттар үшін;

- қоршаған ортаның температурасынан жоғары температурада () қайнайтын сұйық АХҚЗ-тар үшін – тек қана екінші ретті бұлттар үшін;

- бірінші ретті және екінші ретті бұлттар үшін (сұйықтықты изотермиялық сақтау арқылы).

Апат болған жағдайда АХҚЗ-пен улану масштабтарын бағалау келесі тізбекте жүргізіледі:

1. 4-формула бойынша бірінші ретті бұлтқа ауысқан АХҚЗ-тың эквивалентті мөлшері өлшенеді:

(4)

Мұндағы: - бірінші ретті бұлттағы АХҚЗ-тың эквивалентті мөлшері, т; -АХҚЗ-ты сақтау шарттарына тәуелді болатын тәуелді коэффициент (сығылған газдар үшін 1-ге тең); - хлордың табалдырықты токсодозасының АХҚЗ-тың табалдырықты токсодозасына қатынасы тең болатын коэффициент (3-кесте); - ауаның тік тұрақтылығы дәрежесін ескеретін (АТД) және инверсия үшін 1-ге тең болатын коэффициент; 0,23- изотермия үшін және 0,08 – конвекция үшін; - ауа температурасының бірінші ретті бұлттың түзілу жылдамдығына әсерін ескеретін коэффициент (сығылған газдар үшін 1-ге тең); – апат уақытындағы АХҚЗ-тың лақтырылған (төгілген) мөлшері, т.

АХҚЗ-тың сипаты және коэффициенттерінің мәні 3.1-кестеде келтірілген.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 883 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...