Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы жағдайлар



Химиялық жағдайды бағалағанда жергілікті жердің рельефін ашық немесе жабық деп қабылдайды. Жергілікті жердің жабық рельефіне ірі қалалар, таулар, жасы 30 жыл және одан үлкен ормандар жатады.

Бағалаудың әдісі келесі жағдайларды шешуге мүмкіндік береді:

- залалдануы мүмкін аймақтың тереңдігін және ауданын есептеу;

- залалданған ауа бұлтының өндірістік учаскелерге, тұрғылықты кварталдарға және пункттерге жақындау уақытын есептеу;

- залалдану көзінің әсер ету ұзақтығын анықтау;

- зақымдану мөлшерін және апат болған объектінің өндірістік қызметкерлерінінің, сонымен қатар улану ошағында қалған тұрғындардың арасындағы құрылымын шамамен бағалауды жүргізу.

Бағалаудың әдісі жедел мақсатта ақпаратты алуға бағытталған. Жағдайды болжау және бағалау кестеде келтірілген орташа мәндерді және қиын емес математикалық формулаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл есептеуді жүргізуді жеңілдетеді және осы кезде нәтижелердің қателігі төмен пайызда болады.

Қысым қарамағында болатын сыйымдылықтар бұзылғанда (зақымданғанда) залалдануы мүмкін аймақтың тереңдігі мен ауданы бірінші ретті және екінші ретті бұлттардан пайда болатын ХҚЗ-тардың концентрация алаңдарын ескерумен есептелінеді.

Зақымдану мөлшерін бағалау адамдардың орташа тәуліктік орналасу орнын (жергілікті жерде ашық орналасқан өндірістік, тұрғылықты және қоғамдық ғимараттар мен көліктер) ескерумен, сонымен қатар жеке қорғану құралдары мен қорғау ғимараттарын пайдалануды ескеріп есептелінеді.

Өндірістік апат жағдайында улану масштабтарын өз уақытында болжау кезінде бастапқы мәндер ретінде келесілерді қабылдау ұсынылады: АХҚЗ лақтырындысының мөлшері - бір ғана максималды сыйымдылықтағы (технологиялық, қоймалық тасымалдаушы) мөлшері; метеожағдайлар – инверсия, жергілікті жердің жел жылдамдығы 1- 2 м/с, қоршаған ауаның температурасы + С.

Улану масштабтарын болжау кезінде апат фактілері бойынша нақты бастапқы мәндер қолданылады.

Болжау кезінде келесілер қолданылады:

- АХҚЗ-тары бар сыйымдылық толығымен бұзылады;

- төселген бетте толықтай төгілген сұйықтық (АХҚЗ үшін) қабатының қалыңдығы төгілудің барлық ауданы бойынша 0,5 м деп қабылданады;

- АХҚЗ табанға немесе үйіндіге төгілгендегі сұйықтық қабатының қалыңдығы (h) келесіге тең деп қабылданады:

h=H-0.2

Мұндағы: Н-табанның тереңдігі (үйіндінің биіктігі), м;

- бір табанда (бір үйіндіде) топтап орналастырылған сыйымдылықтар үшін сұйықтық қабатының қалыңдығы келесіге тең деп қабылданады:

h=Q/F*d

Мұндағы: Q-төгілген АХҚЗ- тың мөлшері, т; F-төгілудің ауданы, ; d-АХҚЗ-тың тығыздығы, т/ .

- улану аймағында адамдардың шекті орналасу уақыты және метеорологиялық жағдайды тұрақты сақтаудың ұзақтығы (ауаның тік тұрақтылығының дәрежесі (АТД), желдің бағыты және жылдамдығы, ауаның температурасы) 4 сағаттан аспайды. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін метеорологиялық жағдай тағы да нақтыланады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 816 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...