Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Терминдер және анықтамалар



Химиялық қауіпті объектінің бұзылуы дегеніміз АХҚЗ-тары бар барлық сыйымдылықтардың гермитизациясының толық бұзылуына әкелетін апаттардан кейінгі оның жалпы жағдайы.

Бірінші ретті бұлт – АХЗ-тары бар сыйымдылық бұзылған кезде ондағы барлық көлемі немесе оның бір бөлігі атмосфераға лезде (1-3 мин.) көшуі нәтижесінде түзілетін уланған ауаның бұлты.

Екінші ретті бұлт – төгілген улы сұйықтықтың төселген беттен булану нәтижесінде түзілетін уланған ауаның бұлты.

Инверсия – төменгі қабаттың температурасы жоғарғы ауаның температурасынан төмен болатын (атмосфераның тұрақты жағдайы) жерге жақын қабаттағы ауаның жағдайы.

Изотермия – төменгі және жоғарғы қабаттардың температуралары бірдей болатын жерге жақын ауа қабатының жағдайы (атмосфераның тепе-тең күйі).

Конвекция – ауаның төменгі өабатының температурасы жоғарғы қабат температурасынан жоғары болатын жерге жақын ауа қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақсыз жағдайы).

Табалдырықты токсодоза – уланудың басты белгілерін тудыратын ингаляциялық токсодоза.

Мүмкін болатын улану аймағының ауданы – жел бағытының өзгеруі әсерінен уланған ауаның бұлты орын ауыстыруы мүмкін шектегі территорияның ауданы.

Уланудың нақты аймағының ауданы – адамның өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті концентрацияда болатын улы заттың булары (аэрозоль) мен зақымданған ауа қабаттары территориясының ауданы.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 750 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...