Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ХимиялыҚ объектіде апат болҒандаҒы химиялыҚ жаҒдайды баҒалау



Химиялық жағдай дегеніміз – адамдардың өмір сүруіне және шаруашылық объектілерінің жұмысына әсер ететін ауаның немесе жергілікті жердің химиялық улануының масштабтары мен дәрежесі. Химиялық жағдай химиялық қауіпті объектіде апат болуының нәтижесінде немесе АХҚЗ-ты тасымалдау кезінде туындауы мүмкін. Химиялық қауіпті объект (ХҚО) дегеніміз – апат болған жағдайда адамдардың, ауыл шаруашылық жануарларының немесе өсімдіктерінің жаппай қырылуы мүмкін болатын объект.

АХҚЗ-тары бар бұзылған немесе зақымдалған сыйымдылықтар (коммуникациялар) химиялық зақымдану аймақтарының және химиялық улану ошақтарының түзілу көздері болып табылады (1-сурет).

1-сурет. Химиялық улану аймағының сұлбасы: 1-қала; 2- объект; -химиялық улану аудандары, ; -химиялық зақымдану аймағының ауданы, ; Г – химиялық улану тереңдігі, км; Ш – химиялық улану аймағының ені, км.

Химиялық улану аймағы дегеніміз – АХҚЗ немесе ҚЗ-тың әсеріне ұшыраған территория немесе зақымдалған концентрациясы бар ауа таралған территория.

Химиялық улану аймағы – залалданған ауаның ені Ш, ауданы бар аймақтың қорғану аймақтары жоқ адамдардың қырылуы мүмкін болатын таралу тереңдігімен Г сипатталады. Бұдан басқа химиялық залалдану аймағында өзінің аудандарымен сипатталатын химиялық зақымданудың бір немесе бірнеше ошақтары болуы мүмкін. Химиялық зақымдану ошағы дегеніміз – химиялық залалдану аймағына түсіп қалған тұрғылықты жер.

Химиялық жағдайды бағалаудан бұрын оны анықтайды. Химиялық жағдайды анықтау дегеніміз химиялық залалдану аймақтарын анықтау және оларды картаға (сұлбаға немесе жоспарға) салу. Химиялық жағдайды анықтаумен және бағалаумен азаматтық қорғаныш штабы және қорғанысы жоқ құрылымдардың басшылары айналысады.

Химиялық жағдайды бағалау болжау әдісімен және химиялық барлау берілгендері бойынша жүзеге асырылады. Әдетте бірінші әдісті барлық деңгейдегі азаматтық қорғаныс штабтары қолданады, ал екінші әдісті қорғанысы жоқ құрылымдардың басшылары қолданады.

Барлық химиялық қауіпті объектілерде химиялық жағдайды бағалау болжау әдісімен жүргізіледі. Бұл кезде залалданған ауа таралуының жағымды жағдайларында объектіде болатын барлық АХҚЗ-тардың қорларының атмосфераға бір уақытта лақтырылуы негізге алынады. Инверсия және жер бетіндегі жел жылдамдығы 1-2 м/с, қоршаған ортаның температурасы + С осындай жағдайлар болып табылады.

ХҚ объектіде апат болған жағдайда бағалау нақты туындаған жағдай бойынша жүргізіледі, яғни нақты лақтырылған (төгілген) улы заттардың мөлшері және нақты метеожағдайлар қарастырылады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2363 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...