Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жағдайлық есептер. Т. қаласында 600 төсекке есептелген орталық қалалық аурухананың құрлысы қарастырылып отыр



Есеп

Т. қаласында 600 төсекке есептелген орталық қалалық аурухананың құрлысы қарастырылып отыр. Қала әкімшілігі қаланың ішіне ауданы 5,1 га аумақ ұсынды. Ол учаскенің солтүстік жағы трамвай жолы өтетін, көлік көп жүретін магистралды жолмен шектеседі. Батыс жағында аурухана учаскесін 50 м қашықтықта 7-9 қабатты тұрғын үйлер тұр. Солтүстік – батысында 720 м қашықтықта машина жасау зауыты орналасқан. Шығысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыста учаске шегарасынан 100 м қашықтықта жаңа құрылыстар жүргізіліп жатыр. Учаске ойыс жерде орналасқан формасы тікбұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 1:4 тең, ұзын өсі солтүстікке қарай бағытталған.

Учаскенің топырағы сазды, грунт суының деңгейі жер бетінен 0,8 м тереңдікте. Топырақтың сапасы (СЭБ мәліметі бойынша) келесідей: санитарлық саны-0,64 ішек таяқшаларының титрі-0,01, гумус азоты -0,1. Учаске аумағындағы ауаның санитарлық жағдайы; СО –ң концентрациясы – 32 мг/м3, күкірт ангидриді-0,079 мг/ м3 , азот тотықтары-0,21 мг/ м3, күйе - 0,64 мг/ м3. Учаскедегі шу деңгейі күндіз-72 дБ, түнде-48 дБ

Аурухананың сумен қамтамасыз етілуі, оны қалалық су тасымалдау жүйесіне қосуды қарастырыды. Телефон, электр жүйелері жүргізілмеген. Канализация қарастырылған.

Аурухананың ұсынылған жобасы, онда аурухананың барлық бөлімшелері орналасатын 1 биік қабатты ғимарат салуды қарастырады (аурухананың жалпы жоспарын қара).

Құрылыс ауданы учаске аумағының 18 % -н құрайды. Аурухана ғимараты құрылыстық қызыл сызығынан 40 м қашықтықта, ұзын осі бойынша учаскенің ұзын осіне бойынша учаскенің ұзын осіне параллелді орналасады. 1 қабатында қабылдау бөлімі, іріңді және таза хирургия бөлімдері орналасады, жоғарғы қабаттарында-реанимация, үлкендер мен балалар ға арналған саладағы терапия бөлімдері орналасады. Емхана, ас блогы және әкімшілік – шаруашылық бөлімі 1 қабатында және бірлі-жарым цокольдық қабатында, патологиялық-анатомиялық бөлімі ғимараттың жеке қанатындағы цоколдық қабатында орналасады.

Емханаға кіретін есікке қарсы жерден аурухана учаскесіне көлік кіретін 1 негізгі жол және патологиялық-анатомиялық бөлімнен шығатын есік орналасқан ғимараттың қанатына қарай кіретін, учаскенің бүйір жағынан 1 қосымша жол жобаланған. Шаруашылық зонасына және патанатомиялық бөлімге көлік кіретін жол біреу. Көгалдыру зонасы учаскенің 37 % - н құрайды және ол келесі түрде жоспарланған:

a. учаскенің 3 жақ шетінде ені 5 метр жеке ағаштар өсін тұрған қорғаныс зонасы түрінде, ал ғимараттың иаңдай беті жағында биіктігі 0,8 – 1,2 метр бұталар түрінде;

b. газондар, гүлдер өсіретін жерлер, сәндік бұталар, ағаштар тобы кіретін бау-саябақ түрінде жоспарланған.

Ағаштарды аурухананың жеке үйлерінің терезесінен 5 м қашықтықта егу ұйғарынған.

Есеп

Н. қаласында 800 төсектік аурухана кешені салынған. Оның құрамына кіретіндері: емхана, терапия,хирургия, кардиология,физиотерапия бөлімдері орналасқан 6 қабатты бас емдеу корпусы; 3 қабатты балалар бөлімінің ғимараты, 2 қабатты перзентхана ғимараты, шаруашылық корпусының, патологиялық-анатомиялық корпусының және ас блогінің 1 қабатта ғимараттары.

Емхана бас корпуспен өтпе арқылы қосылған. Аурухананың жер учаскенің ауданы 10 га. Аурухана учаскесі қаланың шетінде орналасқан (аурухананың жағдайлық жоспарын қараңыз). Солтүстік- батыс жағында ол қала аралық көлік көп жүретін магистралмен шектеседі (15 м). Учаскенің оңтүстік және шығыс жақтарында 80-100 м. қашықтықта тұрған үйлер орналасқан. Солтүстік жағында 200м қашықьықта темір жол вокзалы тұр.

Учаскенің батыс жағы көгөріске жалғасады. Оңтүстік шығыс жағында 50м қашықтықта пепси-кола өндіретін зауыт орналасқан. Участок биіктеу жерде орналасқан, оңтүстік бағытқа еңістеу, оның ұзын осі оңтүстік – шығысқа бағытталған. Учаскенің пішіні тік бұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 2:3 қатынасын тең. Топрағы саздылау, құрғақ. Грунт суының деңгейі жер бетіне 2 метрден жақын емес. Учаскедегі топырақтық сапасы СЭБ-ң мәліметі бойынша келісідей. 1 кг. Топырақта гельминт жұмытрқаларының саны 7, санитарлық саны-0,88 коли-титрі-0,5,қорғанысының мөлшері-50 мг/кг.

Учаскедегі шу деңгейі күндіз 74 дБ, түнде 44 дБ Учаскедегі ауаның санитарлық жағдайы: СО концентрация-26 мг/ м3; азот оксидтері – 0,28 мг/ м3; күкірт ангидридтері-0,32 мг/ м3; күйе-12 мг/ м3, қорғасын -0,001 мг/ м3.

Аурухананың сумен қамтамасыз етілуі-қаланың су тасымалдау жүйесіне қосу қарастырылған. Бас емдеу корпусы учаскенің оңтүстік-шығыс жағында учаскенің ұзын осіне паралеллді, құрылыстың қызыл сызығынан 20 м қашықтықта орналасқан.Перзентхана учаскенің солтүстік-шығыс жағында бас емдеу корпусынан 30 м қашықтықта және құрылыстың қызыл сызығынан 30 м қашықтықта орналасқан. Оған параллел 20м қашықтықта учаскенің терең бөлігінде балалар бөлімінің ғимараты орналасқан.

Жұқпалы аурулар бөлімі учаскенің терең солтүстік-батыс жағында құрылыстың қызыл сызығынан 20м қашықтықта,және басқа емдеу корпустарынан 30-50м қашықтықта орналасқан, басқа бөлімшелерден бұталар түрінде өсіп тұоған өсімдіктермен қоршалып бөлінген. Шаруашылық ауласы учаскенің оңтүстік-батыс жағында, құрылыстың қызыл сызығынан 5 м және жұқпалы аурулар бөлімінен 40 м қашықтықта орналасқан. Шаруашылық ауласы мен жұқпалы аурулар бөлімінің арасында, олардан 20м қашықтықта патологиялық-анатомиялық бөлім тұр. Құрылыс ауданы учаскенің 22% құрайды.

Учаскеде жұқпалы емес емдеу корпустарына көлік кіретін 1 негізгі жол және 3 қосымша жол (жұқпалы аурулар корпусына, шаруашылық алаңына,патанатомиялық корпусқа) бар. Көкалдандыру зонасы учаскенің жалпы ауданның 60 % құрайды.

Ол а. учаскенің шетінде жеке өсіп тұрған ағаштар түріндегі-көк қорғаныс зонасы;

б. газондар, гүл өсіп тұрған жерлер, сәндік бұталар және кіші-гірім ағаштар тобы кіретін 3 га жерді алып жатқан бау-сая бақ түрінде берілген.

Есеп

300 төсектік ауылдық учаскелік ауруханалық алып жатқан ауданы 4 га. Поселканың шетінде орналасқан (жағдайлық жоспарды қара).Учаскенің солтүстік және батыс жағында аурухана учаскесінің шекарасынан 5 м қашықтықта колхозшылардың усадбасы жалғасып жатыр, оңтүстігінде бау бар, шығысында 100м қашықтықта сүт фермасы орналасқан. Учаске тегіс жерде орналасқан,ұзын осі бойынша шығыс-батысқа бағытталған «Жел раушаны» бойынша жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан басым тұрады. Аурухана учаскенің пішіні төрт бұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 1:2 қатынасына тең. Топырағы құмдылау-саздылау. Учаскедегі топырақтың сапасы: санитарлық саны-0,78; коли-титрі-0,04; 1 кг топырақта гельминт жұмыртқаларының саны-14. Ауаның сапасы;СО-2 мг/ м3, күкірт ангидриді-0,12 мг/ м3, азот тотықтары-0,095 мг/ м3, аммиак-5 мг/ м3.

Учаскеде (бас жоспарды қара) емхана, екі қабаттан бас емдеу корпусы, 1 қабатта балалар бөлімінің корпусы,2 қабатты ғимаратта, акушерлік-гинекологиялық бөлім, жұқпалы аурулар бөлімі орналасқан. Аурухананның бас емдеу корпусы учаскенің оңтүстік шекарасынан 40м қашықтықта ұзын осі бойынша шығыстан батысқа қарай орналасқан, емхана учаскенің батыс жағында құлыстың қызыл сызығынан 5 м қашықтықта тұр. Балалар бөлімі мен акушерлік- гинекологиялық бөлім де учаскенің батыс жағында, оның шекарасынан 25м қашықтықта және олар бір-бірінен, емханадан 25м қашықтықта орналасқан. Емхана мен бас корпустың арасы 20м, бас корпуспен басқа емдеу корпустарының арасы 40-50м. Жұқпалы аурулар корпусы ұзын осі бойынша учаскенің солтүстік шекарасына параллельді құрылыстың қызыл сызығынан 15 м қашықтықта орналасқан, басқа корпустардан жаяу жүретін жолдармен бөлінген.Басқа емдеу корпустарынан ара қашықтығы 50 м –н кем емес. Шаруашылық ауласы мен патологиялық-анатомиялық бөлім бір-біріне параллельді орналасқан, құрылыстарының қысқы осі бойынша учаскенің шығыс шекарасына жанасып жатыр. Олардың арақашықтығы 10м. Патологиялық-анатомиялық корпустан бас корпусқа және жұқпалы аурулар корпусына дейін-30м, басқа корпустарға дейін 50-м-н кем емес. Шаруашылық ауласынан жұқпалы аурулар корпусына дейін-40м, бас корпусқа дейін-20м.

Учаскеге көлік кіретін 3 жол қарастырылған:

Біреуі-емханаға және емдеу корпустарына,екіншісі- жұқпалы аурулар бөліміне, үшіншісі- патологиялық-анатомиялық корпусқа және шаруашылық зонасына.

Құрылыс пайызы 18%, көгалдандыру зонасы 48%. Көкжелек зонасы учаскенің барлық жақ шетінде жеке өсіп тұрған ағаштар түрінде 2 м көк желек қорғаныс зонасынан,сондай-ақ,ауданы 0,6 га аурухана бауынан тұрады.

Есеп

600 төсекке есептелген орталық қалалық балалар ауруханасы 5-ға жерлі алып жатыр.

Аурухана квартал ішінде орналасқан (аурухананың жағдайлық жоспарын қара) Учаскенің шекарасынан 25 м қашықтықта солтүстік, батыс және оңтүстік жағында 8-9 қабатты тұрғанүйлер тұр, ал шығысында 35м қашықтықта көлік көп жүретін жол бар.Учаске биікжердің батысқа бағытталған беткейінде тұр. Топырағы сазды, ылғал, групт суы жердің бетіне жақын жатыр. СЭБ-ң мәліметі бойынша аурухана аумағындағы ауада СО-12мг/м3, күкірт ангидрд-0,06мг/м3, азот топырақтары -0,09 мг/м3 мөлшерде анықталады. Жиі канализация суы жердің бетіне тесіп шығып жатады.

Топырақ сапасының санитарлық көрсеткіштері: коли титрі-0,006, гельминт жұмыртқаларының саны-84, топрақтың санитарлық саны-0,79

Аурухана учаскесінің пішіні төрт бұрышты (генпланды қара).

Жер аумағында сәулеттік пішіні күрделі 4 қабатты емдеу корпусының ғимараты орналасқан.Ғимараттың әрбір қанатында және блогінде өз алдына учаскеге шығатын есік бар. Негізгі көлік кіретін жолға жақын блокта емхана және әкімшілік бөлмелері орналасқан, басқа блоктарда емдеу бөлімдері (терапия, хирургиялық, неврология) орналасқан. Аумақтағы бұрылыс пайызы-18%

Емдеу корпусының ғимаратынан 28м қашықтықта ас блогі, 50м қашықтықта бір жағында патанатомиялық корпус, екінші жағында шаруашылық ауласы орналасқан. Учаскенің ортасында ЛФК және гемотерапия алаңы бар. Көгалдандыру зонасы учаскенің 54 % алып жатыр және олар келесі түрде берілген:

а. учаскенің шетінде ені 15м өсіп тұрған ағаштар және бұталар түріндегі көкөрістік қорғаныс зонасы түрінде;

б. ауданы 1,2 га аурухана бауы,және олар әрбір бөлімшенің маңайында белгілі бір блоктың тікелей жанында участоктар бар. Аурухана учаскенің емдеу корпустарына,

1 негізгі көлік кіретін жол және ас блогіна 1 көлік кіретін жол ескерілген.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1281 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...