Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тағамдық азықтардың мақсаты, міндеттері және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының түрлері



Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мекемелерінің бірінде тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау негізі орындардың бірі болып табылады, онда тағамдарды зерттегеннен соң, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін тексеріп, қорытынды беріледі. Бұл емдеу дәрігерлері үшін де маңызды болып табылады.

Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау ҚР 4.01.071.03СанНменЕ» тағамдық азықтардың тағамдық құндылығы мен қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптар» 4.01.060.02 ҚР «Тез бүлінетін тағамдық заттардың таратылуы мен сақталлу мерзімі жағдайларына қойылатн гигиеналық талаптар» және басқа да нормативті және нұсқаулық құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың мақсаты: тұрғындар үшін азықтың тамақтық құндылығы мен зиянсыздығын анықтау.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау тамақ өнеркәсіптерінде, қоғамдық тамақтану орындарында, сауда нүктелерінде, және сонымен бірге, тағам өнімдерін ұзақ сақтауда алдын алу және күнделікті санитарлық бақылау кезінде жүргізіледі. Алдын алулық санитарлық бақылау кезінде міндетті сараптауға жатады:

- өндіріс шығарған тағам өнімдерінің жаңа түрлері,

- жаңа шикізаттың түрін пайдаланумен және жаңа рецептің қолдануына байланысты тағам құрамының өзгеруі

- Жаңа қоспалар енгізілген тағам түрлері

- Оның жұмысынаың технологиясына өзгерістер енгізілгеннен кейінгі шығарылған өнімдер

- Берілген қорытындының мерзімі өтіп кеткен өнімдер

- Ыдыстарды, таралардың, қаптағыш материалдардың, тағамдық бағыттағы жабдықты жабудың жаңа түрлері

- тәжірибелі өнім партиясы

Күнделікті бақылау кезінде жүргізілетін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тамақ өнеркәсібінің шығарған тамақ өнімдеріне және тұрғындарды қамтамасыз ету үшін таратылған тамақ өнімдеріне жүргізіледі. Сараптау жоспары және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы мынаған сәйкес СЭҚ жұмыс жоспарымен, ал жоспардан тыс тамақтан улану жағдайлары болғанда, технологиялық үрдістің бұзылуы нәтижесінде болған тағам өнімдерін пайдаланумен байланысты кездерінде жүргізіледі. Сараптаманы жүргізген кезде келесі сұрақтар қарастырылуы қажет:

1. органолептикалық қасиеттері гигииеналық талаптарға сәйкес келеме

2. химиялық құрамында өзгерістер бар ма,

3. өнімнің биологиялық ластануы бар ма, оның сипаты қандай, себептері әне тамақтық инфекциялар мен улану кезінде оның рөлі

4. сақталыну жағдайы мен таратылу мерзімі гигиеналық талаптарға сәйкес пе

5. органолептикалық, химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық мәліметтерге өнім сапасы сай ма

6. табылған қасиеттерге байланысты тамақтың қолдану жағдайы қандай болуы қажет, оны қайта өңдеу немес жою мүмкінбе





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1356 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...