Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көмірсулардың биологиялық ролі. Тұтыну (қабылдау) нормалары. Көмірсу көздері-азықтар



Көмірсулар тағамның негізгі массасын құрайды. Олар моносахаридтер (глюкоза, фруктоза, галактоза), дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза) және тағамдық (гликоген, крахмал) және тағамдық емес (клетчатка, пектин заттары) полисахаридтер.

Көмірсулар негізгі энергия көзі, ағзаға энергия қажеттілігін 50-60 %-ға дейін қамтамасыз етеді (кесте 2,3). Ағзада 1 г көмірсулар тотығуы кезінде 4,1 кКал (16,7 кДж) энергия пайда болады. Дене жұмысы кезінде бірінші кезекте көмірсулар шығын болады, олдардың қоры біткеннен кейін, ағза майларды пайдалана бастайды. Көмірсулар белоктарды сақтайды. Орталық жүйке жүйесі мен қаңқа еттері қызметтерін қалыпты атқаруы үшін көмірсулардың үлкен маңызы бар, себебі олар тез тотығады және жеткілікті деңгейде энергиялық потенциалды қамтамасыз етеді. Көмірсулардың майлар мен белоктардан айырмашылығы олардың ми қыртысын тыныштандыратын әсері бар.

Көмірсуларға белгілі бір пластикалық рөл тән: олар глюкопротейдтердің (муциннің және басқа да мукойдтардың, нуклеопротейдтердің (пентозалардың), цереброзидтердің (галактоза), ферменттердің, дәрумендердің, сондай-ақ, кейбір гармондардың (фоликулостимулдеуші, тиреотропты, эритропоэтин т.б.) құрамына кіреді.

Көмірсулардың антитоксикалық қызметінің де маңызы үлкен: гиалурон қышқылының құрамында олар жасуша қабырғалары арқылы бактериялардың енуіне кедергі жасайды. Лактоза ішекте шіру үрдісін жүргізетін микрофлоралардың дамуын тежейтін сүт қышқыл бактерияларының дамуына ықпал етеді. Көкөністермен жемістердің құрамындағы пектин заттары мен клетчатка сияқты тағамдық емес көмірсулардың да детоксикациялаушы қасиеттері бар. Пектин заттары химиялық табиғаты жағынан гликополисахаридтерге, ағзаға сіңетін еритін заттарға жатады. Олар улы заттарды сорбциялайды, қорғасыннан, т.б. металдардан уланудың алдын алуда пайдаланылады, сондай-ақ, ішектегі патогенді шіріткіш микроорганизмдерінің өсуін тоқтатады.

Клетчатка өсімдік жасушаларының қабықшаларының құрамына кіреді, ішек микроорганизмдерінің ферменттерімен ыдырауға түсіп бірлі-жарымы сіңгенімен де, айтарлықтай қоректік маңызы жоқ. Клетчатка мен пектин заттары ішек перистальтикасын және секрециясын жақсартады, сөйтіп оның тезірек босауына ықпал етеді және іш қатуының (запор), шіру және ашу үрдістенінің күшеюінің, қатерлі ісіктер пайда болуының алдын алады. Мұнымен қоса олардың гипохолестеринемиялық әсері бар, себебі артық холестеринді байланыстырып оның сіңіуіне кедергі жасайды.

Клетчаткалардың санына байланысты барлық көмірсулы азықтарды құрамында “қорғалған” көмірсулары бар (крахмалы басым және клетчаткасы 0,4 %-дан артық) азықтарға және “қорғалмаған” немесе тазартылған (клетчаткасы 0,4 %–дан кем) азықтарға бөледі. Қорғалған көмірсулардың клетчаткасы көмірсулардың сіңуін және олардың майға айналуын төмендетеді.

Көмірсулардың жетіспеушілігі денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Гипогликемия энергиялық метериаларды тез жеткізіп отыруды бірінші кезекте қажет ететін ми мен еттердің энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылуына әкеп соғады. Бұл жағдай жалпы әлсіздікпен, ұйқышылдықпен, есте сақтаудың нашарлауымен, бас ауруы, ой жұмысы мен дене жұмысына қабілетінің төмендеуімен білінеді.

Көмірсулардың жеткіліксіздігі кезінде майлар мен белоктардың тотығуының бұзылуы нәтижесінде қанда олардың толық тотықпаған өнімдері кетон қосылыстарының жиналуы және ацидоз пайда болуы мүмкін. Ағзаның инфекцияларға қарсылық күші төмендейді, көптеген дәрумендер мен минералды заттардың ағзаға түсуі азаяды, белоктардың тағы да басқа тағамдық заттардың сіңуі нашарлдайды.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 7683 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...