Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кесте 7



Әртүрлі жұмыс түрлерін орындауға кететін қуат шығыны (негізгі алмасу қоса есептелген)

Әртүрлі жұмыстарды орындауға кеткен энергия шығынын есептеу үшін келесі формуланы пайдаланады:

Q=K х T х М

Мұндағы: Q- тәулік ішінде берілген жұмыс түрін орындауға

кеткен энергия шығыны;

К-1 минутта 1 кг массасына ккал есебімен берілген

жұмыс түрін орындауға кеткен энергия шығыны;

Т- берілген жұмыс түрін орындауға кеткен уақыт;

М- зерттеуге алынған адамның дене массасы;

Әртүрлі жұмыстарды орындауға кеткен жалпы энергия шығыны әрбір жұмыс түрін орындауға кеткен қуат шығынының қосындыларынан тұрады. Энергия шығынын есептеудің бұл жолының кемістіктерін ескеріп, есепке алынбаған және еріксіз қимылдарға кететін энергия шығынын өтеу және т.б. әдістен кететін қателіктерді компенсациялау үшін, тәуліктік рационның калориясын 10-15 % арттыру қажет. Егер әртүрлі жұмыстарды орындауға кеткен энергия шығыны жөніндегі кестеде негізгі алмасуға және тағамның спецификалық-динамикалық әсеріне кеткен энергия шығыны қоса есептелсе, энергия шығыныны есептеудің осы варианты қолданылады. Егер де негізгі алмасуға кеткен энергия шығыны кірмеген кестені пайдаланатын болса, онда негізгі алмасуды және тағамның спецификалық-динамикалық әсерін анықтап және оларды әртүрлі жұмыстарды орындауға кеткен энергия шығынына қосу керек.

Негізгі алмасуды есептеу алдында 4, 5 кестелер бойынша немесе формулалар, номограммалар, Покровскийдің номографы бойынша зерттеуге алынған адамның идеалды массасын анықтау қажет.

Идеалды масса деп адамның берілген жұмысына, жынысына, бойының ұзындығына сәйкес келетін қалыпты массасын айтады. Денінің идеалды массасын анықтауға арналған әр түрлі формулалалар мен номограммалар бар. Солардың кейбіреулерін келтірейік.

1. Брок формуласы:

масса=бойының ұзындығы см –А+20 жастан асқанан кейінгі келесі әрбір 10 жасына (бойының ұзындығы см–А)ның 3 %,

мұндағы: А=100 бойының ұзындығы 155-165 см болған кезде

=105 бойының ұзындығы 165-175 см болған кезде

=110 бойының ұзындығы 175-185 см болған кезде

20 жастан асқаннан кейін 60 жасқа дейінгі келесі әрбір 10 жасына табылған Брок мөлшерінің (шамасының) 3 % қосып отырады. Мысалы, 20 жастағы адамның бойының ұзындығы 180 см болған кезде Брок формуласы бойынша денесінің идеалды массасы 180-110 = 70 кг тең болуы қажет, ал 30 жаста ол 70+70х3%/100=70+2,1=72,1 (кг) тең болуы тиіс.

2. Дененің идеалды массасын, сондай-ақ, келесі формулалар бойынша анықтауға да болады:

Ер адамдар үшін: М = 0,8х бойының ұзындығы - 70

әйел адамдар үшін: М=бойының ұзындығы/2 - 4000/бойының ұзындығы

3. Дененің идеалды массасын анықтауға арналған әртүрлі номограммалар бар. Номограммалар төменде келтірілген, олармен идеалды массаны анықтау былай жүргізіледі: сол жағындағы шкаладан зерттеуге алынған адамның бойының ұзындығын табады, сөйтіп ол нүктені оң жағындағы шкаланың “О” нүктесімен қосады. Идеалды массаны сол жақтағы шкаладан оң жақтағы шкалаға жүргізілген сызық, қиылысқан жерінен ортадағы шкаладан табады.

4. Идеалды массаны бірнеше әдістермен анықтап табылған шамалардың орташа мәнін алады, бұл анықтау кезіндегі қателіктердің пайызын азайтуға мүмкіндік береді. 8, 9 кестелердегі мәліметтер бойынша негізгі алмасу мөлшерін анықтау үшін, зерттеуге алынған адамның идеалды массасының және жынысының мәліметтері бойынша А санын және бойының ұзындығы, жасы және жынысы мәліметтері бойынша Б санын табады.

5. Негізгі алмасу = А+Б

6. Негізгі алмасу мөлшері бойынша тағамның спецификалық және динамикалық әсерін (СД°) табады:

7. СДӘ = негізгі алмасу х 15 % /100%

8. Тәуліктік энергия шығыны тең болады:

9. Негізгі алмасу+СДӘ+әртүрлі іс-әрекеттерге кеткен энергия шығыны





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1917 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...