Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәуліктік қуат (энергия)шығынын анықтау әдістері



Тәуліктік энергия шығынының мөлшері бойынша энергия қажеттілігін анықтайды.

Энергия шығынын тікелей калориметрия, жанама калориметрия, алиментарлық калориметрия және әртүрлі жұмыс орындау кезіндегі энергия шығыны мен дене жұмысына активтілік коэффициентінің кестесі бойынша есептеу-хронометраждық әдістермен анықтауға болады.

Тікелей калориметрия әдісі-калориметриялық камерада ағзадағы барлық жылу өнімін есепке алудан тұрады, бірақ камера құрылысының күрделілігі және онда көп тәжірибе жүргізуге мүмкіншілік жоқтығы бұл әдістің қолданылуын шектейді.

Жанама калориметрия әдісінің принципі тамақтық заттарды тотықтыруға кететін оттегінің саны бойынша энергияны анықтаудан тұрады (газ алмасу әдісі).

Тұтынған оттегінің саны, ағзадағы жүріп жатқан тотығу үрдістерінің интенсивтілігі жөнінде ойлауға және белгілі дәлдікте бөлінген жылуды анықтауға, демек, шығын болған энергия санын анықтауға мүмкіндік береді. Ағза тұтынған оттегінің бірдей көлемі әртүрлі жылу мөлшерін бөлуі мүмкін, ол майлар тотыға ма, әлде белоктар немесе көмірсулар тотығады ма соған байланысты. Мұның көрсеткіші тыныс алу коэффициенті, бұл тыныс алудан шыққан көмірқышқыл газының сіңген оттегінің санына (мөлшеріне) қатынасы, бұны оттегінің әрбір литрінің калориялық құнын бағалау үшін есепке алады.

Алиментарлық калориметрия (энергометрия) әдісі 15-16 күн бойына адамның дене массасын өлшеуге және қабылдайтын тағамның энергиялық құндылығын анықтауға негізделген. Егер тағамның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынына тең болса дене массасы өзгермейді. Егер тағамның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынына сәйкес келмесе онда дене массасы артады немесе кемиді. Бұл кезде дене массасының қосылуы негізінен май басуымен байланысты. Себебі май тінінің құрамында 25 % су бар. Дені сау үлкен адамның дене массасының 1 кг өсуі 6750 ккал сәйкес келеді.

Демек, нақтылы энергия шығынын дене массасына қосылған энергия құндылығын тағамның энергиялық құндылығынан алып тастау арқылы анықтауға болады. Әдіс қарапайым және оңай орындалады, практикада жеңіл қолдануға болады.

Есептеу хронометраждық әдіс әрбір жұмыс түрлерін орындау кезіндегі, энергия шығыны көрсетілген кестелердің көмегімен, тәуліктік энергия шығынын анықтауға негізделген. Бұл үшін алдымен хронометраж арқылы, адамның тәулік ішінде тағам қабылдауына демалуына, ұйқысына және барлық іс әрекет түрлеріне қанша уақыт жоғалтатынын анықтап, табылған уақыт мөлшерлерін кестеде көрсетілген тиісті жұмыс түрлеріндегі энергия шығынына көбейту керек. Жұмыстың жеке кезеңдері мен тыныштық кезіндегі энергия шығындарын қосып, тәулік ішіндегі жалпы энергия шығынын есептеуге болады.

Жұмыс күнінің хронометражын бір кәсіби топтағы бірнеше адамдарға жасау қажет, алдымен жаңа жұмыс түрін бастаған уақыттарын жазып отырған жөн, ал барлық материалдарды ретке келтіруді содан кейін жүргізеді. Егер ұйқыға, демалуына, тағам қабылдауға жалпы уақыт жиынтығы 24 сағатқа тең болса, хронометраж дұрыс жасалған болып есептеледі және оның мәліметтерін әртүрлі жұмыстарды орындау кезіндегі энергия шығыны 1 кг массасына ккал/минутпен берілген кесте (кесте 7) арқылы тәуліктік энергия шығынын есептеу үшін пайдалануға болады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 7739 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...