Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Толқындық әрекеттің типтік термобарикалық алқабы



Толқындық әрекет дегеніміз Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында вертикалды

қалыңдығы үлкен емес квазистационарлы ену фронтында бірнеше циклондық толқындар дамып,

оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жылжуы болатын синоптикалық процесс. Бұл

толқындар окклюзия кезеңіне дейін жетпейді, бірақ уақыт өте олардың қарқындылығы өседі.

Толқындардың пайда болуының негізгі белгілерінің бірі болып Орта Азияның оңтүстігі мен

оңтүстік-шығысында орналасқан тау жоталарынан жоғары емес солтүстік-шығыс ағын ретінде

болатын суық енудің вертикалды ұзындығының үлкен болмауы (1,5-2 км) табылады, ал жылы ауа

массасында, еніп жатқан суық ауадан жоғары, батыс немесе оңтүстік-батыс бағыттағы ауа

ағындарының күші жоғары болуы керек (АТ-500 картасында 80-120 км/сағат).

Нақты жағдайларда толқындық әрекетке қолайлы болатын термобарикалық алқаптың басқа да түрлері болуы мүмқін.Бірақ әрқайсысында Қаз-ң үстіндегі СА ошағы,ОРТА АЗияның үстінде қарқынды оңт.батыс ағындардың болуы міндетті.

Т.ә дамымай тұрып, ж.б. қысым алқабы РЕТ-мен бат.Еуропада немесе солт.енулер кезінде Оралдың оңт.де аз жылжымалы антициклон п.б. сипатталады. Орталық Азияға қысым алқабындағы сілеммен бедерленген суық массаның енуі болады. Толқындық әрекет болмай тұрып 1,5-2 тәулік болмай тұрып суық ену фронты Арал теңізі, Үстірт аудандарында орналасады. Орталық Азияның таулы аймақтарына жетіп, фронт аз жылжымалы болады. Вертикал бойынша енудің қарқындылығы аз болғандықтан, суық ауа массаларының таудан асып өтпей, жинала бастайды. Суық ауа жиналған сайын таудың солтүстік беткейінде 100-500 гПа қабаттың қалыңдығы азаяды. Өйткені, таудың оңтүстік беткейінде жылы ауаның жиналуы байқалады. Нәтитжесінде, еркін атмосферада таудың үстінде температураның горизонталды градиенті өседі. Ол қысым гардиентінің өсуіне алып келеді. Және жергілікті орографиялық фронтегенез байқалады. Мұндай жағдайда, егер Кавказдан Памирге дейін созылып жатқан тау қыраттарының бағыты дәл ендік бойымен орналаспайды. Сондықтан орографияның әсерінен батыс ағынның толқындары да байқалады. Қысым алқабында зоналді ауа ағындарында орографиялық жоталар қалыптасады. Ал температура алқабында ең көп горизонталды градиент таудың солтүстік бөліктерінде байқалады. Осы аймақтан шығысқа қарай ағын бойынша изогипс пен изотермалар шашырауы байқалады. Ол қысымның динамикалық төмендеуіне алып келеді және фронтта толқын дамиды. Пайда болған толқын шығыс бағытта жылжиды. Осындай жағдайда сақталғанша жаңы толқынның дамуы жалғаса береді.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 320 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...