Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Толқындық әрекеттің ауа райы



Толқындық әрекет дегеніміз Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында вертикалды қалыңдығы үлкен емес квазистационарлы ену фронтында бірнеше циклондық толқындар дамып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жылжуы болатын синоптикалық процесс. Бұл толқындар окклюзия кезеңіне дейін жетпейді, бірақ уақыт өте олардың қарқындылығы өседі. Толқындардың пайда болуының негізгі белгілерінің бірі болып Орта Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында орналасқан тау жоталарынан жоғары емес солтүстік-шығыс ағын ретінде болатын суық енудің вертикалды ұзындығының үлкен болмауы (1,5-2 км) табылады, ал жылы ауа

массасында, еніп жатқан суық ауадан жоғары, батыс немесе оңтүстік-батыс бағыттағы ауа ағындарының күші жоғары болуы керек (АТ-500 картасында 80-120 км/сағат). Биік алқаптарының екі варианттары болуы мүмкін:

Бірінші вариантта қоңыржай ендіктің оңтүстік ПЖФА-ғы Ортажер теңізі, Кіші және Орта Азия арқылы шамамен зоналды бағытта өтеді, ал Орта Азияның таулы аудандарының үстінде орографияның әсерінен солтүстік-шығыс бағытқа ие болады. Меридионалды түрде бағытталған

солтүстік ПЖФА (арктикалық) Баренц теңізінен Оралға, Каспийдің солтүстігіне қарай өтеді және

ары қарай Орта Азияның үстінде оңтүстік ПЖФА-пен қосылып, термикалық, барикалық

градиенттерді көбейтеді, биіктікте желдің үлкен жылдамдықтарына алып келеді.

Қара теңіз бен Солтүстік Кавказдың үстінде батысқа қарай созылып жатқан суықтың ошағы

орналасады. Бұл вариантта Орта Азияның орталық және оңтүстік аудандарында бұлыңғыр,

жауын-шашынды, желді ауа райы ұзақ уақытқа дейін тұрақталады, көктемде найзағай болуы

мүмкін. Жауын-шашындардың таулы және тау алды аудандарында қарқындылығы жоғары,

олардың орташа тәуліктік жиынтығы қантар мен ақпан айларындағы орташа климаттық мәніне

қарағанда 1,5 - 4,0 есеге көп болады.

Толқындық әрекеттің екінші вариантында ауа райының негізгі нашарлауы Орта Азияның

шығысында байқалады, ал оның батыс бөлігінде бұлттылық пен сирек жауын-шашын, негізінен

Копетдаг тау бөктерінде болады.

Толқындық әрекет кезінде бұлтты ж-ш кейде тұманмен сіркіреуіктіауа райы болады.Ж-ш ұзаққа созылады,қарқынды болады.Толқын әртүрлі болған кезде ауа райының күрт жылынуы байқалмайды.Ал биіктік тауларда орналасқан станцияларда осы кезде ашық,жылы ауа райы байқалады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 330 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...