Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан мен Орта Азияға суық солтүстік-батыс ену кезінде байқалатын биіктік термобарикалық алқап. Процесстің даму фазалары



Қазақстан мен Орта Азияның территориясына суық ауа массасының енуіне келесі макросиноптикалық жағдай сәйкес келеді. Волканнан Орталық Еуропамен Скандинавия түбегіне дейін жақсы дамыған биік жота таралады. Батыс Сібірде Енисейдің орта және төменгі ағысынан Орал жотасына дейінгі кеңістікте биік циклонның орталығы орналасады. Осы циклоннан оңтүстік немесе оңтүстік-батыс бағытта жыра созылады. Үлкен биіктікке дейін даму қарқындылығына байланысты мұндай циклон мен батыс жота атмосфераның әрекет ету орталықтарына ие болады. Осы оталықтың осындай географиялық орналасуы Антициклондықтан циклондыққа жайлап ауысатын ПЖФА орналасуын анықтайды. ПЖФА-нің осі Солтүстік теңіздің оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысқа қарай өтіп Скандинавия түбегінің солтүстік жағалауынан өтеді. Канин жартыаралының жаңында Ресейдің Еуропалық территориясына кіреді. Ол сол жерде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталады. Мұндай бағыт Еділ өзенінің ортаңғы және төменгі ағыстарына дейін сақталады. ПЖФА антициклондықтан циклондыққа ауысқан сайын оның осі ендік бойымен өтеді. Әдетте, 35-40˚ с.е.-те болады. Сондықтан Батыс Қазақстан мен Орта Азияның солтүстік бөлігінде ПЖФА ендік бойымен бағытталады. Әрмен қарай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылады. Сипатталған макрожағдайда ауытқулар болуы мүмкін. Ол көп жағдайларға тән. Мысалы, Батыс Сібірде циклондық әрекет ету орталықтың рөлін полярлы аймақтан келген анық көрсетілген суықтың жырасы ала алады. Батыс жотаның осі 15-35°ш.б. орналасуы мүмкін және де қатаң меридианалды түрде бағытталмауы да мүмкін. Кейде, ол Кіші Азияның, Еуропаның солтүстік-батысына сирек жағдайда Испаниядан Скандинавия түбегіне дейін бағытталуы мүмкін. Кейде, батыс жотаның орнына Еуропаның солтүстік-батыс бөлігін алып жататын жақсы дамыған антициклондар байқалады. Шығыс жыраның, батыс жотаның мөлшері мен қарқындылығына байланысты Ресейдің Еуропалық территориясының ПЖФА қарқындылық пен меридианалдылықтың әр түрлі дәрежесіне ие болады.

Процесстің даму фазалары: Қазақстан мен Орта Азияға келмей тұрып солтүстік-батыс ену Еуропаның шығыс бөлігінде дамиды. Яғни, бұл процесті бірнеше күн бұрын бақылануы болады. Ол дайындық фазасы батапқы немес қауіпті фазалары, даму фазасы және соңғы фазасы.

Дайындық фазада ағынның меридианалды түрде қайта құрылуы басталады. Жер бетіне Еуропаның солтүстік жағында арктикалық суық фронтттың енуі пайда болғанда бұл фаза аяқталады. Қауіпті фазасы 2-3 тәулік бойы жалғасады. Ағынның меридианлады күшеюімен және Еуропаның шығыс бөлігінде суық енудің дамуы сипатталады. Суық фронт Батыс Қазақстан мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігіне дейін жылжиды. Осы уақытта Ресейдің Еуропадық территориясының орталық аудандарына ену антициклоны жылжиды.

Даму фазасы. Ену фронты Қазақстан территориясы бойынша жылжып орталық Азия мен Қазақстанның таулы аймақтарына дейін келеді. Ену жылдамдығына байланысты бұл фаза әдетте,1-2 тәулік жалғасады. Ену антициклоны Қазақстанның орталығына келеді.

Соңғы фазасы ену антициклонымен фронты Қазақстан территориясынан өтіп кетуімен сипатталады. Бұл фазаның ұзақтығы 1 тәуліктен аспайды. Солтүстік-батыс енудің аяқталуының 2 түрі бар:1.тез аяқталады;

2. биік жыра жәй жылжып ену фронты таулы аймақтарда тоқтап қалады.

8.Солтүстік енудің варианттары. Солтүстік ену кезіндегі ауа райы мен қауіпті құбылыстары.

Процесстің варианттары:

1) Алдын ала болатын процесттің сипаты мен суық фронт толқынының пайда болуымен байланысты.

1. Оңтүстік циклонның алдын ала шығуы болатын ену.

2. Оңтүстіктен циклонның алдын ала шығуы болмайтын ену.

3. Орталық Азияға жақын аудандарда суық фронттың толқынының дамуы болатын ену.

2) Суық фронттың қарқындылығы немесе оның жылжу жылдамдығы бойынша:

1.Суық фронттың анық көрсетілетін суық енуі;

2.Суық енумен болатын ену

3. Жәй өтетін солтүстік ену.

3) Суық ауаның ену саны бойынша көбірек қайталанатын ену:

1. 1 рет байқалатын ену;

2. көп рет қайталанатын ену.

Ауа райы.

Әдетте, солтүстік ену құрғақ өтеді. Ауа райының қатты салқындауы болады. Ену фронты анық көрсетілген және тез өтетін солт. Ену көп рет қайталанады. Күннің салқындауы жауын шашыннан кейін болады. Ену фронты анық көрсетілмеген с.е. де жауыныз болады. Фронт температурада ғана көрінеді және булану тұманДары пайда болады. Егер циклон Алтай тауына ығысқан болса, онда таулы аудандарда жауын шашын жауады. Суық ауаның жәй шет жағымен келуі болатын енуде ультраполярлы процесс кезінде болады. Ену фронтына жақын аймақтарда желдің күшеюімен жауын шашын байқалады. Солт.енйдің жазғы түрінде Орал тауы үстінде кең, аз жылжымалы антициклон Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияда термикалық депрессия байқалады. Суық ауа термикалық депрессия артынан енеді.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 496 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...