Алыпклетлалы артериит пен Такаясу артериитін, Чарга – Стросс синдромын және криоглобулинемиялық васкулитті емдеудегі негізгі әдіс;АІТ және бүйрек зақымдануымен жүретін геморрагиялық васкулиттің ауыр формаларыеда қолданылады.
Вегенер гранулематозы, микроскопиялық полиангиит және түйінді полиартериит емінде қолданылмайды.
Глюкокортикоидтардың тез әсері алыпклеткалы артериит пен ревматикалық полимиалгияның диагностикалық көрінісі ретінде қаралуы мүмкін.
Циклофосфамид
Жүйелі некротикалық васкулит: (Вегенер гранулематозы, микроскопиялық полиартериит), түйінді полиартериит кезінде қарастырылады.
Геморрагиялық васкулиттің және Чарга- Стросс синдромының ауыр формаларында, глюкокортикоидтарға жауап болған жағдайда да қолданылады.
Азатиоприн
Некротикалық васкулиттің ремиссиясын ұстап тұру үшін: циклофосфамидке қарағанда жиі жағымсыз әсер шақырады.
Глюкокортикоидтармен бірге Вегенер ганулематозын емдеуде қолданылады.
Такаясу артериитінде метотрексат (17,5 мг/аптасына) глюкокортикоидтардың аз мөлшерімен бірігіп беріледі. Метотрексаттың аз дозасы (7.5 мг/аптасына) эффективсіз.
Тамырішілік иммуноглобулин
Плазмоферезбен бірге 2мг/кг дозада Чарга-Стросс синдромында беріледі (6 ай көлемінде)
Басқа жүйелі некротикалық васкулиттерге әсері дәлелденбеген.
Плазмаферез
Негізгі көрсеткіші:уыр васкулит пен нефрит.
Глюкокортикоидпен бірге эссенциалды криоглобулинемиялық васкулитті және түйінді полиартериитті, ВГВ ассоцирленген емінде қолданылады.
Жүйелі некротикалық васкулиттің комбинирленген терапиясы
Индукциялық терапия (4 - 6 ай): циклофосфамид 2 мг/кг/тәулігіне 1 ай көлемінде (максималды 150 мг/тәулігіне);егер науқасқа > 60 болса,дозасын 25мг дейін төмендетеміз (лейкоциттер мөлшері > 4,0x109/л дейін болу керек.) преднизолонмен бірге 1 мг/кг/тәулігіне (максималды 80 мг/тәулігіне); әр апта сайын 10 мг/тәулігіне азайту 6 ай көлемінде
Көмекші терапия: азатиоприн 2 мг/кг/тәул немесе циклофосфан 1 мг/кг/тәул преднизолонмен бірге 5 - 10 мг/тәул
Эскалациялық терапия (креатинин >500 ммоль/л жоғарылайтын активті ауыр ауру немесе өкпелік геморрагиямен): 7 - 10 процедура плазмаферезбен 14 күн ішінде немесе пульс-терапия метилпреднизолонмен (15 мг/кг/тәул), дексаметазонмен (2 мг/кг) 3 күн көлемінде; егер науқас жасы < 60 болса, циклофосфамидті 2,5 мг/кг/тәул дозада тағайындайды.
studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования(0.006 с)...