Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ситуациялық есеп№2



Әйел 25 жаста,кеудесінің сол жақ бөлігінің,сол қолының ұюына,бас айналуға,талып қалуға,көрудің нашарлауына,әлсіздікке,арықтауға,ритмі белгісіз ірі және ұсақ буындардағы ауырсынуға шағымданады.Біртіндеп ауырған.

Қарап тексерде: боцы 163 см,салмағы 52 кг,бетінде қызару,қолтықасты лимфа түйіндерінің ұлғаюына байланысты лимфааденит.Буындары эксудатты көрініссіз. Сол жақ ұйқы,сол жақ кәрі жілік,сол жақ табанның тыльной артерияларының пульсациясы төмендеген.Сол жақ қолын көтергенде пулььс толығымен жойылады. АҚс – 130/75 мм.с.б, АҚо – 90/60 мм.с.б.Сол жақ ұйқы артериясы бөлігінде систолалық шу.Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырыл жоқ.Жүрек тондары тұйықталған,жүрек ұшында систолалық шу,оң жақ екінші қабырғааралығында диастолалық шу. ЖЖС 83минутына.Іші жұмсақ,ауырсынусыз. Бауыры ұлғаймаған.

Зерттеу мәліметтері:

1) ЖҚА - Эритроциттер – 2,9 х 1012/л, НВ – 76 г/л, ЦП – 0,7, лейк – 7,8 х 109/л, ЭТЖ – 57 мм/сағ

2) ЖЗА – салыстырмалы салмағы – 1021, белок – 0,066 г/л, эр-тер – 8-9көру аймағында, лейк – 5-7көру аймағында

3) АСТ – 0,43, АЛТ – 0,36 ммоль/л, билирубин – 17 мкмоль/л

4) Бас,мойын,жоғарғы бөлік УДЗ – 30%жағдайда сол жақ ұйұы артериясының стеноздануы, 50%жағдайда сол жақ бұғанаасты,сол жақ кәрі жілік артерияларының

5) Көз түбін қарау –торлы бөліктің ишемиясы, артериолалар спазмы,көру нерві дискісінің ишемиясы

6) ЭхоКГ – аортальды қақпақша регургитациясы,аортальды қақпақша жетіспеушілігі белгілері– 67%

7) СРБ – 23,6 мг/мл

8) Ревматоидты фактор- теріс

9) Екіспиральды ДНК антиденелер анықталмаған

Сұрақтар:

1) Осы науқасқа қандай диагноз қоюға болады?

2) Диагноз қандай клиникалық және лабораторлы-диагностикалық зерттеу нәтижесінде қойылған?

3) Науқасты емдеу тактикасын негіздеңіз

4) Осы ауруда қандай асқынулар байқалуы мүмкін?





Дата публикования: 2015-04-09; Прочитано: 574 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...