Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ситуациялық есеп № 5



Әйел 42 жаста,аяғында,ішінде майда нүктелі петехиалды бөртпелердің болуына,қышынумен,ауырсынумен байқалмайтын,тізе және балтыр буындарының ауыруына,АҚҚ жоғарылауына,зәр түсінің лайлануына шағымданады. Вирусты инфекциядан 10 күннен кейін ауырған.

Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта.Бел, іш аймағында пальпацияланбайтын петехиалды геморрагиялық бөртпелер. Активті және пассивті қозғалысы сақталған.

Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырыл жоқ, жүрек тондары тұйықталған, ритмді, АҚҚ 170/110 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыры ұлғаймаған.

Зерттеулер:

1. ЖҚА - Эритроциттер – 3,2 х 1012/л, НВ – 92 г/л, ТК – 0,8, лейк – 5,6 х 109/л, ЭТЖ – 32 мм/сағ, тромбоциттер-232 х109

2. ЖЗА – салыстырмалы салмағы – 1023, ақуыз, қант жоқ, реакциясы қышқыл, эр-тер – 13-15көру аймағында, лейк – 5-7 көру аймағында

  1. IgA – 12,0 (N – 0,5-2,0) ME/ml, IgM – 2,0 (N – 0,5-2,5) ME/ml, IgJ – 8,3 (N – 14), IgE – 73 (N – 100) ME/ml
  2. Креатинин – 90 мкмоль/л
  3. АСТ – 0,34 ммоль/л, АЛТ – 0,45 ммоль/л, билирубин – 17 мкмоль/л, тимол пробасы – 1,2 Б
  4. ЭКГ – ритм синусты, ЖЖС – 84 минутына, жүректің электрлік осінің вертикальді орналасуы. Миокардтағы диффузды дистрофиялық өзгерістер
  5. Кеудклеткасының рентгенографиясы – кеуде клеткасы патологиясыз, өкпе жазықтығы мөлдір, жүрек көлеңкесі ұлғаймаған

Сұрақтар:

1)Осы науқасқа қандай диагноз қоюға болады?

2)Диагноз қандай клиникалық және лабораторлы-диагностикалық зерттеу нәтижесінде қойылған?

3)Науқасты емдеу тактикасын негіздеңіз

4)Осы ауруда қандай асқынулар байқалуы мүмкін?





Дата публикования: 2015-04-09; Прочитано: 585 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...