Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ситуациялық есеп №1



Ер кісі 43жаста,3айда 8кг дейін салмақ жоғалтуына, 380 дейін қызуының көтерілуіне,икра тәрізді бұлшықеттің ауырсынуына,аталық бездегі ауырсынуға,аяғына майда нүктелі бөртпелердің шығуына,буындағы ауыруға шағымданады.Салқындағаннан кейін ауырып қалған.

Қарап тексергенде:бойы 187 см, салмағы – 62 кг. Қолтықасты лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсынусыз, қозғалмалы. Аяқ терісі мрамор түстес.Буындары ауырсынусыз.Питихиалды геморрагиялық бөртпелер бар.Төменгі бөліктерінде бұршақ көлеміндей түйіндер анықталған.Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ. Тондары анық,дауысты. АҚҚ екі қолында да – 190/120 мм.с.б.б. ЖЖС– 86минутына. Іші жұмсақ, құрсақ қуысын толық өамтыған ауырсыну. Бауыры ұлғаймаған. Аяқтарында ісінулер жоқ.

Зерттеу нәтижелері:

1) Жалпы қан анализі:

Эритроциттер – 3,4 х 1012/л, НВ – 109 г/л, ТК– 0,87, лейк – 20,5 х 109/л, эоз – 17%, ЭТЖ – 56 мм/сағ

2) Жалпы зәр анализі:

Көлемі – 200,0, салыстырмалы салмағы – 1009, белок – 0,8 г/л, эр-тер – 12-13көру алаңында, лейк – 7-8көру алаңында

3) HBsAg – оң

4) АСТ – 0,43 ммоль/л, АЛТ – 0,52 ммоль/л

5) Ревматоидты фактор – 1:64 (Ваалер-Роуз реакциясы)

6) СРБ – 34,5 мЕ/мл

7) Антинуклеарлы фактор – теріс

8) Екіспиральды ДНКантиденелер анықталмаған.

9) Көз түбін қарағанда: торлы қабатында қан құйылу ошақтары, хориоидит көріністері, торлы тамырдың аневризматикалық өзгерістері.

10)Төменгі бөлік тамырларының УДЗ –тамырлар өткізгіштігі бұзылмаған.

11) ЭКГ – ритм синусты, ЖЖС – 81минутына,жүректің электрлік осінің солға ығысуы,алдыңғы қабырғасы мен аралығында ишемиялық өзгерістер.

12) Бас және бүйрек артерияларының контрастты висцералды ангиографиясы:бас артерияларының көптеген артериалды аневризмалары.

13) Тері-бұлшықеттік лоскут биопсиясы – айқын,орта калибрлі артериялардың некротикалық өзгерістері.

Сұрақтар:

1) Осы науқасқа қандай диагноз қоюға болады?

2) Диагноз қандай клиникалық және лабораторлы-инструменталдық зерттеу нәтижесінде қойылған?

3) Науқасты емдеу тактикасын негіздеңіз

4) Осы ауруда қандай асқынулар байқалуы мүмкін?





Дата публикования: 2015-04-09; Прочитано: 828 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...