Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ситуациялық есеп №4



Ер кісі 76 жаста, оң жақ самай аймағындағы интенсивті диффузды пульсацияланған ауырсынуға, тіліндегі, төменгі жақтағы сөйлеу, шайнау кезіндегі ауырсынуға, оң көзіндегі екіеселенуге, көрудің бұзылуына, ірі буындардағы ауырсынуға, аяқ-қол және арқа бұлшық еттерінің ауырсынуына, әлсіздікке, қызбаға, арықтауға шағымданады. Біртіндеп ауырған, симптомдары бір жыл бойына өршіген.

Қарап тексергенде:

Оң жақ самай бөлігінде тығыздалған, ауырсынатын самай артериясы пальпацияланады, бастың сол жак самай бөлігінің тері жабындыларының пальпацияда ауырсынуы, теріде әлсіз эритемалар байқалады. Арқа және иық бұлшық еттерінің пальпациялағанда ауырсыну. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, дауысты. Оң жақ ұйқы артериясында систолалық шу естіледі. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры ұлғаймаған. Ісіну жоқ.

Зерттеу:

1. ЖҚА - Эритроциттер – 3,2 х 1012/л, НВ – 106 г/л, ТК – 0,9, лейк – 7,3 х 109/л, ЭТЖ – 70 мм/сағ, тромбоциттер-410 х109

2. ЖЗА – салыстырмалы салмағы – 1023, ақуыз, қант жоқ, реакциясы қышқыл, эр-тер – 0-1 көру аймағында, лейк – 5-7 көру аймағында

  1. СФ – 250 МЕ/л (қ.ж.-120), АСТ – 0,84 мкмоль/л (қ.ж. 0,45), АЛТ – 0,96 мкмоль/л (қ.ж. 0,68)
  2. СРБ – теріс.
  3. РФ – теріс Ваалер-Роуз 1:16
  4. АНФ, екі спиральді ДНК антидене анықталмаған.
  5. Ми тамыры УДЗ: оң жаң самай артериясының сегментарлы окклюзиясы.

Сұрақтар:

1)Осы науқасқа қандай диагноз қоюға болады?

2)Диагноз қандай клиникалық және лабораторлы-диагностикалық зерттеу нәтижесінде қойылған?

3)Науқасты емдеу тактикасын негіздеңіз

4)Осы ауруда қандай асқынулар байқалуы мүмкін?





Дата публикования: 2015-04-09; Прочитано: 578 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...