Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәнге қысқаша сипаттама



Педагогика және психология факультеті

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы

СИЛЛАБУС

Мүмкіндігі шектеулі балалардың психолого-педагогикалық диагностикасы

пәні бойынша

5В010500 – Дефектология мамандығы үшін

Оқыту түрі:күндізгі

Курс:2

Семестр: 4

Кредиттер саны: 3

Барлық сағат саны: 135 соның ішінде:

Лекциялар: 30

Лабораториялық сабақтар: 15

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Аралық бақылаулар:2

Емтихан: 4 семестр

Талдықорған 2014ж

Оқытушы туралы мәлімет: Исабаева Зауреш Муратовна – оқыту және тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы, электронды пошта адресі – Zauken_88@mail ru, ұялы тел - 87717533515.

Пәннің пререквизиті:

Аталған пән бойынша студент сапалы білім алып игеру, пәннің алдында өткен осы мамандықтан оқу жоспарындағы төмендегі жалпы және арнайы пәндерден алған білімдеріне байланысты: арнайы педагогика, арнайы психология.

Пәннің постреквизиті:

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың психолого-педагогикалық диагностикасы» курсының мазмұны дамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық, педагогикалық зерттеу туралы түсініктерді студенттерде қалыптастырады. Пәннің постреквезиті: Мектепке дейінгі арнайы педагогика.

Ұсынылатын курс студенттерде төмендегідей білімдерді қалыптастыруға ықпал етеді:

- баланың қалыпты және атиптік жағдайында дамуындағы тәртіптік және тұлғалық қалыптасуының ерекшеліктері туралы;

- дамуында әртүрлі ауытқуы бар балалардың биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара байланысының дамуын реттеу туралы;

- дамуында және тәрбиесінде ауытқушылықтары бар балалардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелері туралы;

- арнайы білім беру мекемелеріндегі дамуындағы ауытқушылықтары бар балалармен білім беру процестерін ұйымдастыру мен құру туралы.

Осы курсты оқып - білу барысында студенттер келесі дағдыларды игеру керек:

- психологиялық - дене және әлеуметтік - эмоционалды дамуында ауытқушылығы бар балалармен қарым қатынас орнату;

- сабақтарды фронтальды, топтық және жеке оқыту үшін әдістемелік және дидактикалық материалдар дайындау;

- дамуында әртүрлі ауытқулары бар, тәрбиесінде қиындықтар туғызатын және педагогикалық артта қалудың алдын алу.

Пәнге қысқаша сипаттама

Пәнді оқытудың мақсаты және міндеттері, дефектология мамандығының дайындаудағы оның рөлі мен мазмұны.

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың психолого-педагогикалық диагностикасы» пәннің мақсаты – дамуында ауытқуы бар балалардың даму ерекшеліктерін, олардың таным процестерін зерттеу жолдарын, психологиялық зерттеу әдістемелері мен оларды қолдану жолдарын, педагогикалық диагностикалаудың маңызы, түзете – тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау туралы студенттерге теориялық білім беру және кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- Арнайы мектепте педагогикалық және психологиялық зерттеуде білім беру, тәрбиелеу, дамыту, түзету міндеттерін анықтау;

- Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру;

- ПМПК жағдайында психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерімен, тәсілдерімен танысып, тәжірибеде қолдану;

Аталған пән студенттерге төмендегідей ісерліктерін қалыптастыруға ықпал етеді:

- Арнайы әдебиетпен жұмыс жасау;

- Арнайы мектептерде зерттеу әдістерін қолдану;

- ПМПК жұмысының мазмұнын;

- арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған мекемелер жүйесін білулері керек;

- әртүрлі ауытқулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беруді меңгереді.

Пәнді оқыту үрдісінде келесі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады:

а) түйінді құзіреттілік

· логопедия негіздері пәнін кісіби деңгейде меңгеруі;

· педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді біртұтас педагогикалық үрдісті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және жинақтау негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу.

б) пәндік құзіреттілік

· қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеруі;

· логопедия негіздері пәні бойынша педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеруі.

в) арнайы құзіреттілік

· арнайы мектепте нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу дағдылары мен біліктерін меңгеруі;

· педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бала құқығы менмүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну;

· жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеруі;

· стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды қолдана білуге қабілетті болу;

· оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерін меңгеруі.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1180 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...