Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жиындық смета



Бағалардың жасалуы

№№ р. р. Есептер мен сметалардың нөмері тауарлар, объектілер, жұмысшылар мен шығындардың атауы Сметалық құн, теңге Жалпы сметалық құны, мың теңге
Құрылыс жұмыстары Монтаж жұмыстары Құрал-жабдықтар, жиһаздар мүкәммалдар Басқа шығындар
               

«Құрылыс аумағын даярлау» дегени1-тарауға құрылыс салынатын аумақты бөлу мен игеруге байланысты жұмыстар мен шығындарға жұмсалатын қаржылар енгізіледі.

«Құрылыстың негізгі объектілері» деген 2-тарауға үйлердің, құрылыстар мен негізгі қызметтегі жұмыс түрлерінің сметалық құны енгізіледі.

«Қосалқы және қызмет көрсету міндетіндегі объектілер» деген 3-тарауда шаруашылық корпустардың, сондай-ақ әлеуметтік сала объектілері: жеке салынатын асханалардың, сауда тораптары және басқалардың сметалық құны қамтылады.

«Энергетикалық шаруашылық объектілері» деген 4-тарауда электрмен жабдықтау және трансформаторлық қосалқы станциялар желілерінің сметалық құны қамтылады.

«Көлік шаруашылықтары мен байланыс объектілері» деген 5-тарауға жеке салынатын үйлердің, гараждар, шеберханалар, телефон, канализация, радио мен теледидар және басқаларының сметалық құны енгізіледі.

«Сумен жабдықтау, канализация, жылумен және газбен жабдықтау сыртқы тораптары мен құрылыстары» деген 6-тарауда тізбесі тарау атауларына сәйкес келетін объектілердің сметалық құны қамтылады.

«Аумақтық көркейту көгалдандыру» деген 7-тарауға тізбесі тарау атауларына сәйкес келетін жұмыстардың сметалық құны енгізіледі.

«Уақытша үйлер мен құрылыстар» деген 8-тарауға құрылыстардың өндірістік мұқтаждарын қамтамасыз етуге, сондай құрылыстың жұмысшылары мен инженер-техникалық қызметшілерін орналастыруға және қызмет етуге арналған уақытша үйлер мен құрылыстарды тұрғызуға жұмсалатын қаржылар енеді.

«Басқа жұмыстар мен шығындар» деген 9-тарауға нарық қатынастарына байланысты туындаған тапсырыс беруші мен мердігердің басқа шығындарын жабуға жұмсалатынқаржы енеді. Қыскы уақытта құрылыс-монтаждық және арнайы жұмыстар кезінде қосымша шығындарды төлеуге арналған, электр,жылу энергиясы, сығымдалған ауа және басқаларындағы құн айырмашылығын өтеуге арналған қаржылар құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына енеді. Жұмысшыларды ұйымдасқан түрде жинап, еңбекке көтеріңкі төлеуді қолдану кезінде қосымша шығындарды төлеуге арналған құрылыс жұмысшыларына іссапар шығындарын, әртүрлі жеңілдіктер мен қосымшалар және басқаларын өтеуге арналған лимит ретінде тарауға енгізілетін қаржы басқа шығындарға жатқызылады да, құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнына енгізілмейді.

«Дирекцияны ұстау және авторлық қадағалау», «Пайдаланылатын кадрларды даярлау», «Жобалау және іздестіру жұмыстары» деген 10, 11 және 12 тарауға қолданылып жүрген нормалар бойынша есептелетін қаржылар енгізіледі.

Жинақты смета бойынша шығындар қорытындысынан объектінің функциялық қызметіне, сондай-ақ жоба типіне байланысты проценттер мен белгіленген болжап білмейтін жұмыстарға резервтер және шекті нормалар негізіндегі шығындар есептеледі. Жинақтық сметалық құнының 15 проценті көлемінде қайтарымды сомалар көрсетіледі.

Жинақтық сметалық есеп құрамында құрылысқа шарттық бағаның ведомостісі есептеледі. Шарттық бағаны тапсырыс берушілер бас мердігерлермен бірге бас жобалық және субмергерлік ұйымдардың қатысуымен бірлесіп айқындайды және мердігерліктің контрактін жасау, құрылыстардың маңызды тізімдерінде құрылыс-монтаж жұмыстарын айқындау, мердігерлік және субмердігерлік жұмыстар мен материалдық-техникалық ресурстардың номенклатурасы мен санына қарай қажеттіліктерін жоспарлау, сондай-ақ тапсырыс берушілер мен мердігерлер, мердігерлердің құрылыс материалдары, құрылмалар өнеркәсібі кәсіпорындармен және субмердігерлік орындаушылармен арасындағы есебіне арналған негіз болып табылады.

Шарттық баға өзінше құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға байланысты құрылыс ұйымдарының қоғамдық қажетті шығындары болып саналады. Мқның өзі жинақтық сметалық есеп негізінде жасалып, №4 нысан бойынша айқындалады.

№4 нысан

(Құрылысқа объектінің атауы) шарттық бағаның ВЕДОМОСЫ

№№ р. р. Сметалар мен есептердің нөмері Объектілердің, жұмыстар мен шығындардың атауы Шарттық бағаға енгізілген құн, мың теңге Құрылысқа шарттық баға, мың теңге
Құрылыс жұмыстары     Монтаж жұмыстары     Басқа жұмыстар     Басқа шығындар мен жұмыстар
               

Кәсіпорындар, үйлер мен құрылыстарды салудың шарттық бағасының ведомосы бағаның базистік деңгейінде ескерілмеген шығындардың көбеюіне байланысты бағаның босатылуын ескеріп отырады. Бұған, мысалы, қосымша шығындардың көбеюі, қосылған құнға салықтың ескерілмей, бағаның базистік деңгейінен асып кететін шарттың және басқа бағалар бойынша ие болатынматериалдық ресурстардың қымбаттауы; темір жол және автомобиль тасымалдарына тарифтің өзгеруіне байланысты көлік шығындарының көбеюі; құрылыста жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақылары көбеюіне байланысты шығындар; базистік құнда ескерілмей, асып кеткен электр энергиясы мен сығымдалған ауа ұнының кобеюіне байланысты қосымша шығындар; объектіні пайдалануға бергені үшін сыйлықтар жатады.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1332 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...